Исламдық тағылымдардағы имам Садықтың (ғ.с.) қисыны
Имам Джафар Садықтың (ғ.с.) кезінде шиіттер мазхабы кеңейіп, дамып, Джафари мектебін құрып, исламдық тағылымдарды жаңғыртуға жағдай туды. Парасаттылықтың болуы, дінге деген дана көзқарас, негізсіз діни ырымшылдықтан бас тарту және фикх ғылымына жаңашыл көзқарас - Джафари мектебін алға ілгерлеткен оның ерекшеліктерінен болды.
Бесінші имамның (ғ.с.) үйі бүгін ерекше көңіл күйге бөленді, алтыншы пәк имамның дүниеге келуіне күтуде. Имам Бақердің (ғ.с.) перзенті имам Садық (ғ.с.) – өз есімімен атанған Джафари мектебінің іргетасын қалаушысы. Шиіттер тағылымдары мен білімдерінің көбі осы имамға борыштар.
Имам Садеқтың (ғ.с.) дәуірі исламдық ұлттардың жаулап алынған елдердің адамдарымен қатынас орнатуы және исламдық орталықтардың сыртқы әлеммен байланысынан туындаған мектептер мен әртүрлі философиялық және теологиялық идеялардың бетпе-бет келуі дәуірі болды. Мұндай жағдайда имам Садық (ғ.с.) мұсылмандардың дінсіздіктен құтқарып, исламдық негіздер мен тағылымдардың бұрмалануыны алдын алу туралы ойлады. Көптеген мектептер Исламға қарсы шығып, мұсылмандардың наным-сенімдеріне араласу туралы ойлаған кезеңде имам Садық (ғ.с.) дінді қорғауға кірісті. Имам шиіттердің наным-сенімі, ахкам мен теологиясын таныстырып, бұрмаланған ағымдаға қарсы шиіттердің дәлелі мен қисынының ұсынды. Өйткені дінді таныстыру және оны дәлелді қорғау дінді нығайтуға және тұрақтандыруға, оны қабылдауға жол ашып, діннің заңдылығын және имаматтың орының көрсету себебі ретінде қарастырылды.
Имам Джафар Садеқ (ғ.с.) діни тағылымдарды Пайғамбардан (с.ғ.с.) алған, ал Пайғамбар (с.ғ.с.) ілімге илаһи аян арқылы иеленді. Ғылым мен парасаттылық адамзат қоғамының жолын жарықтандыруда маңызды рөлге ие болғандықтан, адамзат қоғамының ғылымын, білімі мен парасаттылығын арттыру имам Садықтың (ғ.с.) ең маңызды зияткерлік мәселелерінің бірі болды. Шииттік ойды сақтау имам Садықтың (ғ.с.) маңызды мақсаты болды. Егер ойлау ақылға негізделген болса, онда бұл ойлаудың өзіндік болуы заңды. Нәпсіден немесе саяси жұмыстан туындайтын, әлде адамның кейбір ашкөздігімен байланысты ойлардың құндылығы мен ерекшелігі болмайды. Ойдың құндылығы оның мықты негіздерге сүйенуіне байланысты. Имам Садық (ғ.с.) тірі кезінде пәк Исламның қисын мен ақылға негізделгенін дәлелдеді.
Имам Джафар Садықтың (ғ.с.) кезінде шиіттер мазхабы кеңейіп, дамып, Джафари мектебін құрып, исламдық тағылымдарды жаңғыртуға жағдай туды. Парасаттылықтың болуы, дінге деген дана көзқарас, негізсіз діни ырымшылдықтан бас тарту және фикх ғылымына жаңашыл көзқарас - Джафари мектебін алға ілгерлеткен оның ерекшеліктерінен болды. Пәк имамдардың (ғ.с.)рауаяттарына шолу жасап, имам Садықтың (ғ.с.) сөздерінің ақылға негізделгенін көреміз. Имам Садықтың (ғ.с.) сөздерінің бірінде ақылдың маңыздылығы туралы былай деп айтылды: «Алла Тағала ақылды өз нұрынан жаратты және оны бүкіл жаратылыстарынан артық етті»,- деді. Имам сондай-ақ ақылды иман мен күпірліктің шекарасы деп атап: «Иман мен күпірліктің арасында ақылсыздықтан басқа ешнәрсе жоқ»,- деп тоқталды. Бұл рауаяттар бойынша, адамның ақылы күпірлік және нәпсіден алыстап, иманның қажеттілігін дәлелдейді. Сондай-ақ күпірлікті сайлауды ақылсыздық деп білді. Имам Садық (ғ.с.) Хишам бен Хакамға: «Алла адамзатқа екі нұсқаулық берді; біреуі - пайғамбарлар мен имамдар сияқты сыртқы басшылық; басқасы әр адамның бойында болатын ішкі басшылық және ол – ақыл»,- деді. Сондықтан мұны ұмытпаған жөн.
Имам Садық (ғ.с.) ақылға назар аударумен қатар, ілімге де ерекше көңіл бөлді. Егер мектеп білімді бағаласа, ол мектеп үлкен құндылыққа ие болады. Қоғам мен адамдарды надандыққа итермелеп, адамның ойлану күшін азайтатын мектептің құны болмайды, тіпті оны қауіпті деп айтуға болады. Тарих көрсеткендей, адамның ақыл-парасатына немқұрайдылық танытатын мектептер ақыр аяғында оларды ішінен босатып, Аллаға қарай бейімдеудін орнына өзімшілдікке қарай бағыттайды. Имам Садықтың білім алу мен ақылды пайдалануға жігерлендіретін көптеген рауаяттары бар. Шиіттер мектебінде илаһи ілімге ие пәк имамдар (ғ.с.) дұрыс ақыл мен ілімге сүйеніп, өз жақтастарын оларға қарай бейімдеген. Мамның мектебінен жиырма мыңға жуық адам білім алып, ислам әлемі мен шиизмді ислам әлемінің барлық аймақтарына таратты. Қазіргі кездегі фикх ғылымының көбі имам Садықтың ( ғ.с.) фикх хадистерінен алынды. Имам Садықтың (ғ.с.) 400-ге жуық адал сахабалары имамның әкелерінен келтірген хадистерін жазып алып, содан кейін оларды имамға ұсынды. Егер бұл хадистердің дұрыстығы расталса, оларды фиқһ ережелері үшін қолданған.
Имамның шәкірттері айтқан және тәпсір ғылымының ғалымдарымен жинақталған және бізге ұсынылған тәпсірлердің ішінде «Әл-Табиян», «Мажма әл-Байян» және «Әл-Мизан» тәпсірлерін атап өтуге болады, олардың барлығы имам Садық (ғ.с.) пен басқа имамдардың (ғ.с.). құнды сөздері болып табылады. Имам Садықтың (ғ.с.) ғылыми кеңдігі халықаралық қоғамдастыққа, исламдық және исламдық емес мазхабтарға әсерін тигізді. Имамның жаратылыстану және басқа ғылымдар саласындағы білімі, сондай-ақ әйгілі шәкірттер дайындауы хазіреттің заманауи ғылымдардағы ерекше білімін көрсетті. Иранның әйгілі ойшылы және химия әкесі атанған Джабер Ибн Хайян – имам Садықтың ( ғ.с.) шәкірттерінің бірі.
Пікірталас қағидаларының бірі - жалпы қағидаларға назар аудару. Имам Садықтың (ғ.с.) діни адамдармен жүргізген көптеген пікірталастары ақыл мен ғылымды бағалау болды. Имам Садықтың (ғ.с.) діндер мен мазхабтар жетекшілері арасындағы пікірталастары соңында пікірталас тараптарын айыптады, өйткені имам ақыл қисынды қолданып, шындықты дәлелдеді.
Имам Садықтың (ғ.с.) бізге жеткен «Сахифа Садықие» кітабына имамның қоғам мен мүміндерге Алламен қалай сырласуды үйреткен дұғалары енген. Имам Садықтың (ғ.с.) дінді насихаттау тарихына шолу жасап, ғылыми және практикалық өміріндегі ақыл-ой мен парасаттылықтың орнына көңіл бөліп, имамның ислам мен мұсылмандар үшін жасаған талпынысы мен еңбектерінің ізбасарлары үшін шамшырақ деген нәтижеге жетеміз. Әртүрлі діндердің ғұламаларының пікірінше, қазіргі кезде тәкфіршілердің пайда болуы ақыл-ойдың тоқырауы мен діни нанымдар мен ой-пікірердің қисыннан айырылуының нәтижесі.
Джафари мектебінің діни қисыны мен серпілісін үлгі тұту адамзат пен қоғамды бақытқа, ағартушылық пен адамгершілікке нұсқайтын сындарды жол бола алады. Исламдық мазхабтар арасындағы бірлік пен біртұтастыққа хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қасиетті Ислам дінінің негіздеріне жүгіну жеткізетіні сөзсіз.
Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан шыққан имам Джафар Садықтың (ғ.с.) туған күні құтты болсын!