Аятолла Хаменеидің француз жастарына арналған хатына шолу (3)
(last modified Wed, 18 Nov 2020 09:02:06 GMT )
Қар 18, 2020 15:02 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің француз жастарына арналған хатына шолу (3)

Батыс әрдайым исламды сөз бостандығына қарсы қоюға және әлемге исламның ойлау мен пікір білдіру бостандығына мүлдем қайшы екеніне сендіруге талпынады. Негізінде Ислам басқа наным-сенімдерді құрметтеуді қабылдап, адамды ойлау мен өмір сүру тәсілін сайлауға еркін деп санайды. Ислам революциясы жетекшісінің француз жастарына арналған жолдауын Құран аяттары тұрғысынан қарастырамыз.

Кез келген адамның сөзі  интеллектуалды ерекшелігі мен жеке басын көрсетеді және оның ойларын, құндылықтарын, эмоциялары мен сезімдерін білдіретін құрал болып табылады. Сөз бостандығының жеке тұлғаға және қоғамға тигізер пайдасы көп, өйткені бұл еркіндіктен айыру адамзаттың ойы мен ғылымының тоқырауын тудырады және қоғам мен жеке адамдардың эволюциялық қозғалысын бұзады. Сөз бостандығының жеке тұлғаға және қоғамға тигізетін пайдасы көп, өйткені бұл еркіндіктен айыру адамзаттың ойы мен ғылымын тоқырауға ұшыратады және қоғам мен жеке адамдардың эволюциялық қозғалысын бұзады. Адамның илаһи нығметіне тыйым салу - оның ең табиғи және туа біткен адам құқығын бұзу болып табылады.

Ислам революциясы дана жетекшісі аятолла Хаменеидің француз жастарына арнаған хатында: «Сөз бостандығының мағнасы қасиетті тұлғаларға тіл тигізу ме? Бұл ақымақтық, оны президент қылып сайлаған халықтың жігеріне тіл тигізу емес пе?!»- деді. Негізінде Ислам революциясы жетекшісі Франция жастарына арнаған хатында оларға «өз президенттеріңнен неге сөз бостандығын қасиетті тұлғаларға тіл-тигізу деп білетіні туралы сұраңдар» деп ұсынып, олардың назарын кез келген ақылды адамның сөз бостандығын  сылтауратып, құндылықтарға тіл тигізуді қабылдамайтынын қуаттады. Расында кез-келген ақыл-ой парасат пен басқалардың  ой-пікіріне тіл тигізу түріндегі пікір мен ойды еркін білдіру сәйкес келмейтіндігін мойындайды. Яғни сөз бостандығын емес, ақылды қайта қарастыру қажеттілігін көрсетеді.  

Батыс әрдайым исламды сөз бостандығына қарсы қоюға және әлемге исламның ойлау мен пікір білдіру бостандығына мүлдем қайшы екеніне сендіруге талпынады. Ислам басқа наным-сенімдерді құрметтеуді қабылдап, адамды ойлау мен өмір сүру тәсілін сайлауға еркін деп санайды. Ислам революциясы жетекшісінің француз жастарына арналған жолдауын Құран аяттары тұрғысынан қарастырамыз.

Қасиетті Құранда көптеген аяттар бар, олардың әрқайсысы сөз бостандығының айқын мысалы болып табылады және олар туралы ойлап, Исламның құқық туралы көзқарасын түсінуге болады. «Бәләд» сүресінің 8-9-шы аяттарында Алла Тағаланың көз, тіл және ерінді жаратуына және олардың әрқайсының белгілі міндетті іске асыратынына тоқталды. «Оған екі көз жаратпадық па? Әрі бір тіл, екі ерін?» Бұл ағзалар адамда да, хайуанда да бар. Әрине тіл мен ерін сөз сөйлеу үшін қажет. Бірақ ілімі болмаса, хайуан еріні мен тілінен айырмашылығы болмайды. Адамды хайуаннан өзгеше ететіні Алланың оған сый еткен сөйлеу қабілеті болып табылады. Құран аяттары бойынша, Алла Тағала «сөйлеуді» адамға жаратылсымен сый еткен нығмет деп атайды. «Рахман» сүресінің 3-4-ші аяттарында: «Адамзатты жаратты. Оған сөйлеуді үйретті»,- деп айтылды.

Құран Кәрім – қасиетті кітап және Ислам дінінің жетекшісі сөз бостандығын теріске шығармады, керісінше адамның заңды құқыларының бірі деп атады. Ислам сөз бостандығын ойдың гүлденуі мен адамдардың материалдық және рухани өсуі мен жетілу құралы ретінде қарастырады. Сөз бостандығы адамның рухани кемелдікке жетуіне себеп болды. Батыс пен Шығыстағы дінсіз ойшылдар діндерді адамдарды құлдыққа түсіру және оларды адам бостандығынан айыру құралы ретінде танстырады. Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 157-ші аятында: «...Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Басқаның құлы болма, өйткені Алла сені азат қылып жаратты»,- деген болатын. Сөз бен ойдың бостандығы адам үшін жан бостандығынан маңыздылау.

Дана Алла «Әл-Имран» сүресінің 64-ші аятында: «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық»,- деді. Бұл аятта Жаратушы мұсылман еместерді (кітап иелерін) мұсылмандармен бірге өз ой-пікірлерін айтуға және Ибрахимдік діндердің наным-сенімі тауһид және тек бір Аллаға құлшылық ету сынды ортақ тақырыпқа жетуге шақырды.

Алла Тағала «Зүмәр» сүресінің 17-18-ші аяттарында: «Сондай бұттан, оларға табынудан аулақ болғандар, сондай-ақ Аллаға ынтамен бой ұсынғандар, олар үшін қуаныш бар. Сонда құлдарымды сүйіншіле.  Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі»,- деп айтылды. Бұл аятты талқылап, Алланың ең жақсы адам деп, Оны тыңдап, ең жақсы сөздерді  сайлап, іске асыратын. Құран сөз бостандығын адамзаттың  құқыларының бірі деп біледі.

Ислам әрқашан өз жақтастарын ғылыми  пікірталастарда баршаға шындықты айқын және ашық түрде әшкерелеуге әкелетін ұстанымды ұстануға шақырды. Ұлы Алла «Нахл» сүресінің 125-ші аятында: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес...»,- деп шақырды. «Анкабут» сүресінің 46-шы аятында: «..Басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар..»,- деді.

Франция үкіметінің дұшпандығы мен қастандығы тек мұсылмандар мен ислам ғалымдары қауымының жүректерін ауыртып қана қоймай, басқа діндер мен конфессиялардың басшыларының дауыстарын көтерді.

Ирандағы еврей қауымдастығының діни жетекшісі раввин Юнес Хамами франция Президентінің әрекетіне наразылық білдіріп: «Бұл тіл тигізу - тұлғаның әлсіздігінің белгісі. Олардың әрекеттері сөз бостандығы емес, адамгершілікке шабуыл жасау. Азаттық адамға тіл тигізу емес, сондықтан Франция Президентінің әрекеті біздің ойымызша қабыл ететін емес»,- деді. Иранның Шығыс Ассирия шіркеуінің архиепископы Марнерсай Бениамин де Франция үкіметінің Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізуіне: «Еркіндіктің нәтижесі осындай болады ма әлде бұл бостандықтың теірс пайдалану ма? Толық еркіндік тек Алланың тарапынан, халық үшін тек салыстырмалы бостандық беріледі. Кез келген адамның көршісіне құрмет көрсету міндеті бар. Еге бостандық басқаларға зиян келтіретін болса, дұрыс емес»,- деді. Ол сондай-ақ хиджри-шамси күнтізбесінің 1389 жылы діни қызметкер сымақтың Құран Кәрімге тіл тигізген оқиғаны еске салып: «Кітапты өртеп жіберу мүмкін болар, бірақ халықтың иманың өртеу мүмкін емес. Інжілдің негздері бойынша, біз басқаларға өзіміз жақсы көретіндей амал етуіміз керек. Хазірет Иса бұзақыларды емес, қрметтушілерді жақсы көреді»,- деп сөзін жалғады. Эммануэль Макрон шамамен 14 ғасыр бұрын айтылған хазірет Әлидің «өзіңе тілеген нәрсені басқаға да тіле, өзіңе тілемегенді басқаларға тілеме» деген  сөздеріне мән бермегенімен, 18-19шы ғасырларда өмір сүрген философ Эммануэль Кант: «Барша әрекет етуді  қалайтындай әрекет етіңіз»»,- деген.

Батыстың,  олардың ішінде Франция басшылары  өз еліне тіл тигізуге рұқсат етпеулерімен бірге холокост туралы ғылыми зерттеулер мен сионистік режим туралы тақырыпты «қызыл сызығы» санайды. Франция Президенті өз халқының ар-намысымен санаспай, ахлақи және адамгершілік негіздеріне немқұрайдықы білдіріп, өз азаматтарының  ғана емес, әлемнің түпкір-түпкіріндегі мұсылмандардың діни құндылықтарына тіл тигізді.