10 раби ас-сани - хазірет Фатима Масуменің дүниеден озған күні
Хазірет Фатима Масуме имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы және имам Резаның (ғ.с.) қарындасы, қиямет күнінде шапағат етуші. Оның қасиетті қабіріне зиярат етудін көптеген сауабы туралы қуатталды.
Исламның ұлық пайғамбары әулетінің хош иіс бағының гүлі Құм қаласында, оның есімі Фатима Масуме. Ол тек зияратшылар үшін Құм қаласынан көтерілген жұлдыз сынды. Оның қасиетті кесенесі періштелердің және шаршағандардың панасы. Кесененің кез келген жерінен дұға мен намаз оқыған адамдардың дауысы естіледі. Хазірет Масуменің кішкентай кесенесі жәннәттің есігі сынды. Оған енген адамның жүрегінен уайым-қайғы кетіп, зияратшы махаббат пен руханиятқа бөленеді. Хазірет Фатима Масуме имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы және имам Резаның (ғ.с.) қарындасы, қиямет күнінде шапағат етуші. Оның қасиетті қабіріне зиярат етудін көптеген сауабы туралы қуатталды.
«Сәлем саған Алланың орынбасарының қызы. Сәлем саған Алланың орынбасарының қарындасы. Сәлем саған Алланың орынбасарының апасы. Сәлем және Алланың рақымы мен берекесі даусын өзіңе, Мұса бен Джафардың қызы. Сәлем саған, Алла Тағала жәннәтта біз бен сіздіреді бір-бірімізге таныстырады және бізді сіздермен біріктіреді».
Тақуа және нәпсісін қорғайтын күшке ие болу – кемелдік пен жоғары мақсатқа жеткізетін ең жақсы құрал. Хазірет Масуме – адал және пәк ғибадатымен басқалардан озып, мұсылман әйелдер арасында танымал тұлғаға айналған адам. Құжаттар бойынша хазірет Масуме Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жомарт және мейірімді әйелдерінің бірі саналады. Хазірет Масуме Құран мен Ислам тағылымдарын сараптап, еш уақытта Алланы ұмытпады. Сондықтан кемел адамның жоғары дәрежесіне жетті.
Аллаға құлшылық ету мен екіжүзділік пен менмендікен ада шынайы ғибадат, жомарттық пен кедейлер мен жетімдерге көңіл бөлу, ешкімге жарияламай басқаларға көмектесу, білім меңгеру мен білім үйрету, шәкірттер тәрбиелеу, халықтың әртүрлі сұрақтарына жауап беру, менмендіктен пен тәкаппарлықтан алыс болу, кішіпейілділік пен ұлылық ұлы адамдарының өмірінде кездесетін қадір-қасиеттер. Хазірет Фатеме Масуме өзінің қысқа ғұмырында өзінің қасиетті ата-бабалары сияқты, әсіресе хазірет Фатима Захра (ғ.с.) сияқты құлшылық ету, ғылым үйрену, қарапайымдылық пен байсалдылықты, шыңдықты жалғандықтан қорғауды үйретті.
Хазірет Фатима Масуме хиджри-қамаридің 173 жылы дүниеге келді. Ол пәк анасы және әкесі имам Мұса Каземнің (ғ.с.) және кейін ағасы имам Резаның (ғ.с.) қасында тәрбиеленіп, ілім мен дінге бөленеді. Ол бала кезінен діни сұрақтарға жауап беретін.
Хазірет Масуме жақындарын, әсіресе ағасы имам Резаны (ғ.с.) қатты жақсы көрді. Отбасы мүшелерінің арасындағы мейірім және жақын қатынас пәк имамдар (ғ.с.) отбасыларында ерекше байқалды. Құран Кәрімнің тағылымдары мен Алла елшісі (с.ғ.с.) мен пәк имамдардың сөздерінде туыстардың арасындағы қатынастың маңыздылығы қуатталды. Отбасы, әсіресе ата-анасымен қатынасы үзген адам Алланың ашуына себеп болып, Оның рақымынан алыстайды. Құран Кәрім «Ниса» сүресінің 36-шы аятында: «Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар»,- деді. сондай-ақ «Ниса» сүресінің 1-ші аятында: «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла сендерді бақылаушы»,- деді.
Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.), хазірет Әлиге (ғ.с.), немерелері имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейнге (ғ.с.) деген махаббаты, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) және перзенттерінің арасындағы мейірім қатынасы, хазірет Зейнабтың ағалары, әсіресе имам Хұсейнге (ғ.с.) деген көптеегн махаббаты тарихтағы жақындардың махаббаты мен мейірімін көрсетеді. Хазірет Фатима Масуменің ағасы имам Резаға (ғ.с.) деген махаббаты мен сүйіспеншілігі де керемет болды. Имам Резаның (ғ.с.) Мамунның бұйырығымен Мединеден Марвке қудалануынан кейін хазірет Фатима Масумені алаңдатты. Ол ағасынан алыстауын шамамен бір жыл төзіп, оның сабыры таусылды. Басқа жағынан имам Реза (ғ.с.) да қарындасын көруге асығып, Мединеге қарындасына жеткізсін деп, жасырын хатын қызметшісіне берген. Хазірет хатында қарындасын шақырды. Хазірет масуме хатты оқып, ағасына деген сүйіспенділігі артып, жылдам жолға жиналды.
Хазірет Масуме еш уақытта Мединеден Марвке дейін ұзақ жолға шықпағандықтан, онымен бірқатар бауырлары мен жақындары бірге баратын болды. Олар жолдың қиындықтарына төзіп, Теһранға жақын жердегі Саве қаласына жетті. Саве халқы сол кезде Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің дұшпандары болып, алавилерді оңай өлтіретін. Залым аббасилер Саве қаласында тек имам Резаға (ғ.с.) жетуді масқат еткен және соғысты туралы ойламаған хазірет Масуменің керуеніне шабуыл жасады. Бұл шабуыл кезінде хазірет Масуменің бауырлары мен жақындарының көбі шәһид болды және кейбіреулер қашып кетті, алайда қашып кеткендер де аббасилер қолынан өлді. Хазірет Масуме жақындарының қанға былғанған мәйіттерін көріп, қайғыға батып, науқастанды. Ол Саве қаласының қауіпсіз екенін сезіп: «Мен Құмға жеткізіңдер, өйткені әкемнен Құм қаласының шиіттеріміздің орталығы болатыны туралы естіген едім»,- деді.
Пәк әулетке сүйіспенділігі мен махаббатын білдірген Құм тұрғындары жантүршігер оқиғаны естіп, Савеге барып, хазірет Фатима Масумені құрметпен Құма алып келеді. Құм халқының көпшілігі қала дарбазасының алдында имам Резаның (ғ.с.) қарындасын жылы қарсы алды. Сөйтіп хазірет Масуме Құм халқының жылы қасры алуымен бұл қалаға енді. Құмдағы ашари әулетінің ақсақалы Мұса бен Хазрадж хазірет Фатима Масумені өз үйінде орналастырып, 17 күн бойы пәк әулетті қонағы қылды. Құм қаласында әйелдер хазірет Масумемен кездесуге асығып, жақындарының дүниеден озуына көңіл айтты. Хазірет Масуме 17 күн бойы ғибадат жасап, Алламен сырласумен айналысты. Бірақ ауруы күшейіп, ағасын көрмей, Құм қаласында дүниеден озды. Құм шиіттері уайым-қайғыға батып, аза тұтты. Тарихта кейбіреулер хазірет Масуменің науқастануы мен 28 жасында дүниеден озуына Саве қаласындағы оны уландыру себеп болды.
Имам Садық (ғ.с.) хазірет Масуме туралы: «Менің немерелерімнің ішінде Мұсаның (ғ.с.) қызы Фатима Кумда дүниеден озатынын және біздің шииттеріміз оның шапағатымен жұмаққа енетінін біліңіздер»,- деген. Имам Реза (ғ.с.) қарындасы хазрет Масуме сынды: «Оған зиярат жасаған кез келген адам, жәннәтқа енеді»,- деп айтқан.
Мұсылман ғалымдар мен тарихшылардың пікірінше, имам Каземнің (ғ.с.) қыздарының арасында хазірет Масуме ерекше орынға ие. Оның ахлағы, адамгершілігі, сабырлығы мен табандылық білдіруі хазірет Масуменің жоғары деңгейін дәлелдейді. Тарихшылар хазірет Масумені хадистанушы, білім мен ғылымның қайнары санайды.
Хазірет Фатима Масуменің қайтыс болған күніне байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтып: «Уа, Фатима! Алладан мен үшін жәннәтті сұрай гөр, өйткені Алланың алдында сенің беделін жоғары»,-деп тілейміз.