Қар 30, 2020 16:22 Asia/Almaty
  •  Мохсен Фахризаде – Иранның танымал ядролық ғалымы

Мохсен Фахризаде - 27 қарашада, жұма күні шәһид болған ирандық танымал ғалымдардың бірі.

 

 

27 қараша, жұма күні сағат 14-тен кейін Теһранның маңындағы Абсард қаласында жарылыстың  және содан соң жаудырылған оқтың дыбыс естілді. Бұл оқ ату кезінде бір көлік нысанаға алынды.  Көлік Иран Қорғаныс министрлігінің Зерттеу және инновация ұйымының басшысы Мохсен Фахризаденің  көлігі болды. Лаңкестік әрекет кезінде төрт оқ тиген Фахризаде тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Бірақ өкінішке қарай дәрігерлердің талпынысы ғалымның өмірін сақтап қала алмады. Ол шәһид дәрежесіне жетті.    

Шәһид Мохсен Фахризаде

Хиджри-шамси күнтізбесі бойынша 1336 жылы (1958 ж.) дүниеге келген Мохсен Фахризаде Махабади министрдің орынбасары және Иранның медицина ғылымының танымал тұлғаларының бірі болды. Оның және басқа төрт ирандықтың есімі америкалық Foreign Policy басылымы жариялаған әлемнің ең қуатты 500 адамының тізіміне енді. Фахризаде елдің ғылыми дамуы мен технологиялық инфрақұрылымында өте маңызды, бірақ үнсіз рөл атқарды. Бұл шәһид пен оның тобы коронавирусты анықтайтын алғашқы ирандық тесті шығару жобаны нәтижеге жеткізді. Оның есімі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2007 жылғы 24 наурыздағы Иранға қарсы санкциялар тізіміне «Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрлігінің аға ғалымы және Физиканы зерттеу орталығының бұрынғы директоры» ретінде енгізілді.

Америкалықтар оны келіссөздерде ирандықтардың ұстанымын белгілеуге жасырын бірақ әсерлі рөл атқаратын Иранның ядролық бағдарламасының «сыр сандығы» деп атады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) мәліметінше, Фахризадемен тікелей сөйлеспей, Иранның ядролық ғылымға ену деңгейі  туралы пікір білдіру мүмкін емес. Сондай-ақ сионистік режимнің The Jerusalem Post газеті осыдан бірнеше жыл бұрын: «Фахризаденің болмысы АҚХА инспекторларымен 2003 жылы әшкереленді»,- деп жазды. 2018 жылы сионистік режимнің көздері бұл режимнің тыңшылық ұйымының Иранның ядролық ғалымдарының бірін террор етуге талпынғанын, бірақ нәтижеге жетпегенін жариялады. Сионистік режимнің ақпарат құралдары бұл аптада: «Нетаньяху бұл режимнің жанама түрде ирандық ядролық ғалым Мохсен Фахризадені өлтіруге қатысы барын растады»,- деп мәлімдеді.  Нетаньяху: «Осы аптада мен айта алмайтын әрекеттер жасадым, бірақ аймақ шиеленісті жағдайға енді»,- деді. Фахризаде Нетаньяху бағдарламаларының бірінде есімін атаған жалғыз ғалым болды.

Саяси немесе наным-сенім мақсатпен адам өлтірудін бір түрі саналатын террор ИИР үшін танымал сөз. Иран террор кезінде қаза болған 17 мыңнан астам шәһидімен адам құқығы туралы уәжденушілердің Ислам революциясының басынан осы күнге дейін үрейлі әрекеттерінің тірі құжаты. Өткен қырық жылда ИИР терроризмнің ең үлкен құрбан болған. Ядролық ғалымдарын өлтіру билеп-төстеу жүйенің Ирандағы террористік актілерінің  жаңа тәсілдерінің бірі болды. 1388 жылдың 22 дейінде Иранның танымал физигі Масуд Әли Мұхаммади Израиль режимінің тыңшылық ұйымы Мосадпен байланысты Маджид Джамалифашпен Қейтарие көшесінде үйінің алдында террор етілді. Содан соң 1389 жылдың 8 азарында Маджид Шахриари мен Ферейдун Аббаси Давани, 1390 жылдың 1 мурдадында Дариуш Резаинежад және 1390 жылдың 21 дейінде Мұстафа Ахмадираушанға қарсы террор жасалды. Енді Мохсен Фахризаденің террорымен адам құқығы туралы уәжденетіндердің қылмыстары жалғасып отыр.

Шәһид ядролық ғалымдар

Әйгілі ғалымдарға террор жасаудын мақсаттарының бірі Ирандағы ғылым мен білімнің дамуын тоқтату екені сөзсіз. Бірақ олар бұл сұм мақсаттарына жете алмайды. Өйткені білім жойылатын нәрсе емес және бұлғалымдар жылдар бойы еңбектенуімен бірге білімімен шәкірттерімен бөлісіп, оны сақтады және таратты. Фахризадені террор ету барша үшін ИИР-ның даму саласында шынайы қадам басып, алға ілгерлеу жігерге ие екенін көрсетті. Тағы бір ядролық ғалымды террор ету Иранның ғылым мен білім кереуенің тоқтата алмайды және бұл ғалымның қаны ғылыми жетістіктерді одан сайын арттурға себеп болады. Иранның Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Бақери өз жолдауында: «Бұл қабілетті басшыны өлтіру, елдің қорғаныс кешеніне ащы және ауыр соққы болғанымен, бірақ тас жүрек жаулардың шәһид Фахризаде бастаған жолдың ешқашан тоқтатылмайтынын білгені жөн»,- деп жазды. 

Иранның соңғы жылдардағы ядролық саладағы жетістіктеріне жасаған шолу осы кезеңде Иранның ядролық технологиясының   дамып, ИИР-ның әлемдегі ядролық клубтың санаулы елдерінің қатарында енгенін көрсетті. Иран жерінің ғалымдары ирандықтың ғылым мен технология саласында жоғары ақыл-ой мен тапқырлықпен биік қадамдар жасай алатындығын және Иран мен ирандықтар үшін ядролық білімді байыта алатындығын және бұл бейбіт білімімен әлемнің түпкір-түпкіріндегі еркін елдермен бөлісуге дайын екен дәлелдеді. Исламдық Иранның әртүрлі, атап айтқанда ядролық реакторлар, ядролық отын өндірісі, гамма-сәулелену, уранды байыту, атомдық және ғылыми электр станциялары, жаңа және жетілдірілген центрифугалар жасап шығару және зиянкестермен күресу, ядролық жетістіктерді  медицинада, мысалы радиоизотоптар және радиофармацевтикада қолдану, ядролық технологияның ауылшаруашылық пен медицинаның әртүрлі бөлімдерінде қолданыс табуы салаларындағы  жетістіктеріне шолу Иран ғалымдарының күш-жігеріне, халқының шыдамдылығы мен табандылығына және Ислам революциясы жетекшісінің беделді басшылығына борыштар. Халыққа қарсы енгізілген әртүрлі рақымсыз санкциялар бұл жетістіктердің алдын ала алмады және Иран өз талпыныстарын жалғастыруда. Ислам революциясының жетекшісі ғалымның шәһид болуына байланысты өз жолдауында: «Барлық жауапты адамдар екі маңызды мәселені жұмыс кестесіне қоюлары керек. Біріншіден, бұл қылмысты зерттеп, оған қатыстылар жазалануы керек. Екіншіден, шәһидтің барлық салалардағы бүкіл ғылыми және технологиялық  жұмыстарын жалғастыру қажет»,- деді.  

Сионистік режим мен оның қолдаушыдары, әсіресе АҚШ Иранның ғалымдарын өлтіріп, Ислам респубикасының дамуын тоқтата алады деп ойлады. Америкалық белгілі журналист Джеймс Ризен ОББ мен Моссадтың Иранның ядролық алға ілгерлеуіне қарсы бірқатар диверсиялық әрекеттерді жүзеге асыруда бірге жұмыс істегені туралы пікір білдірді. ИИР-ның «ғалымдарын жою» тақырып АҚШ барлау мамандарының ұсынысымен жұмыс кестесіне енгізілді. Ақ үймен тығыз байланыстағы АҚШ-тың жеке барлау фирмасы Стратфордтың жетекші сарапшысы   Иранның ядролық ғалымдарына қарсы лаңкестік әрекеті туралы: «Біздің стратегиямыз – Иранның ғылыми маңызды адамдарын жою»,- деді. АҚШ пен сионистік режим және оларды қолдаушылар әрқашан Иранның ядролық білімін әлемдік қауіпсіздікке елеулі қатер деп көрсетуге талпынды. Бірақ іс жүзінде олар ИИР-ның жүйесін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағында өз мүдделері мен экспансиялық бағдарламаларын алға жылжытудағы негізгі кедергі деп санайды және егер мүмкін болса, қарсыласу қозғалысын   жоюға талпынуда. Америкалық демократ сенатор Крис Морфи Twitter-де: «Егер Мохсен Фахризадені өлтірудің басты мақсаты Иранның ядролық келісімін қайта бастауды қиындату болса, онда бұл қастандық АҚШ-ты, Израильді және бүкіл әлемді қауіпсіз ете алмайды», - деп жазды.   Исламдық Иранның жоғары орынға иеленуі - сыртқы қысым мен санкцияларға қарамастан, елдің медицина, ауыл шаруашылығы және өнеркәсібін дамыта алған ғалымдардың күш-жігеріне байланысты. Шәһид Фахризаденің әйелі: «Мейірімді жұбайымның шәһид болуына байланысты мені мен жұбайым үшін ең қадірлі діни басшыға көңіл айтамын және бұл кісіге алғысымды білдірем. Ол елің жақсы көрді. Бірақ оның жолын жалғастыратын адамдар бар»,- деді.

    

 

 

 

Тегтер