Францияда исламофобияның жаңа толқыны басталды
Соңғы апталарда экстремизммен күресу сылтаумен Еуропада Францияның бастауымен исламофобияның жаңа толқыны басталды.
Францияның 70 қаласының басшылары Эмануэль Макронның үкіметінің саясаттарын сынап: «Бұл саясаттар Францияны фашизмге қарай итермелейді. Франция үкіметі террорихммен күресудін орнына сөз бостандығы мен жамағаттар мен қауымдастықтарға шабуыл жасайды. Мұсылмандарға қарсы шабуыл франциялық азаматтарға қарсы шабуыл саналады. Үкімет қарулы шабуылды мұсылмандарға қысым көрсету үшін қолданады. Елдегі соңғы өзгерістер мұсылмандар мен исламдық ұйымдарғақысым көрсетудін сылтауы»,- деп жариялады. 70 қаланың басшылары өз хатында Barekat City мейірімділік қоғамы мен The Collective Against Islamophobia in France Франциядағы исламофобияға қарсы ұжымның жабылуына тоқталып: «Бұл қауымдастықтардың француз мұғалімін өлтіру оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Бірақ олар жабылуда. Франция үкіметінің әрекеттері нәсілшіл және ел Конституциясына қайшы. Франция үкіметі фашизмге батып келе жатқан кезде, біз үнсіз қалмаймыз. Зайырлы қоғамның атымен жасалып жатқан әрекет іс жүзінде мұсылман азаматтарына қарсы нәсілшілдік пен адамгершілікке жатпайтын әрекет. Францияның жағдайы қатерлі. Мұсылмандар мен Исламға қарсы бұл әрекететрді тоқтату қажет. Өйткені елді фашизмге жеткізеді»,- деп мәлімдеді.
Парижде бен оның маңында және Ницца қаласында болған үш қарулы шабуылдан кейін Франция үкіметі соңғы бір айда 50-ге жуық мұсылман ұйымы мен 75 мешітке бақылауды күшейтті. Франция үкіметі Ұлттық Ассамблеяға осы шектеулерді заңдастыру туралы заң жобасын ұсынды. Заң жобасы бойынша үкімет барлық француз мешіттерін мен қаржыландыруды бақылауды күшейтеді. Үкімет сонымен бірге заң жобасында мешіт имамдарының біліміне бақылауды күшейтуді көздейді. Заң жобасына сәйкес үйде оқыту шектеулі болады. Француз мұсылмандары мен бостандық пен әділеттілік қорғаушыларының кеңейтілген сынына жауап ретінде Франция үкіметі заң жобасы экстремизмге қарсы бағытталған деп қуаттауда. Франция премьер-министрі Жан Кастекс баспасөз конференциясында заң жобасының исламға емес, «экстремистік исламизмге» бағытталғанын айтты. Экстремистік исламизм қоғамда өшпенділік пен зорлық-зомбылықты таратады және қоғамды бөледі деп мәлімдеген Кастекс Францияның бұл қауіп-қатерлерге бағынбауды және өз құндылығын қорғауды қалайтынын айтты. Бірақ Францияның 70 қаласының басшылары үкіметтің жаңа заң жобасы экстремизмге қарсы тұру сылтауымен мұсылмандардың діни және әлеуметтік қызметін шектеуге бағытталғанын мойындады. Әрине, экстремизм кез-келген дінмен айыпталады, негізінде ислам экстремизм діні емес. Эммануэль Макронның Charlie Hebdo-ны жақтап, республика құндылықтарын қорғау сылтаумен «сөз бостандығын» қорғауға бағытталған соңғы әрекеті әлем мұсылмандарының наразылығы мен ашуын тудырды.
Әртүрлі елдердегі көптеген исламдық институттар француз тауарларын сатып алуға тыйым салу керектігін мәлімдеді. Макронның Ислам туралы сөздері және Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарға тіл тигізетін мультфильмдерді қорғауынан кейін, исламдық елдердегі Францияға қатысты сынды төмендету үшін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Макронның сөздерін ақтап: «Францияның экстремизмге қарсы саясаттары дұрыс таныстырылған жоқ, исламофобия болған жоқ, біз исламды өте құрметтейміз»,- деді. Бірақ Ле Дрианның бұл сөздері - Франция үкіметінің исламға қарсы көзқарасының өзгеруі емес, Франция президентінің кеңейтілген сынына жауап қана. Макронның исламға қарсы сөздерін кеңінен сынағаннан кейін Франция үкіметі Ұлттық жиналысқа заң жобасын ұсыну арқылы мұсылмандарға жаңа шектеулер енгізбекші.
Франция үкіметі экстремизммен күресте мұсылмандар мен исламдық жерлерді қудалайды, бұл либералды демократияның заңдарына да қайшы келеді. 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 18-бабында: «Әркімнің ойлау, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар. Бұл құқықтың алғышарты - жалғыз өзі немесе басқалармен білімі, ізденісі және тәжірибесі немесе ұрандары мен діни рәсімдері арқылы өз діні мен сенімін еркін білдіре алады»,- деп жарияланды.
Францияның ішінде үкіметінің мұсылмандарға көбірек шектеу қою әрекеті сынға ұшырады. Кейбір солшыл саясаткерлер заң жобасы мұсылмандарды таңбалау құралы ретінде түсіндірілуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Марсельдің оңтүстігіндегі Араб және мұсылман әлемін зерттеу институтының саясаттанушысы Франсуа Бургаттың пікірінше, үкімет дінге бейтарап қарамайды. Бургат президенттің жүргізіп отырған саясатына тоқталып: «Макрон жаңа кезеңге өтті. Ол оңшылдар мен асыра сілтеуші оңшылдарды қанағаттандыру үшін қажетті шараларды қабылдауда, өйткені оған 2022 жылғы президенттік сайлауда олардың дауысы қажет. Мұсылмандар көбіне еңбек нарығында кемсітушілікке ұшырайды және біздің елде өзін шетте сезінеді»,- деді. Париж әлеуметтік ғылымдар институтының әлеуметтанушы Фархад Хосрохавар: «Үкімет экстремизмге ешқандай қатысы жоқ мұсылмандардың топтарын басып отыр. Францияда 2000-2017 жылдар аралығында 23 террорлық акт болды, бұл кездейсоқ емес, ал Ұлыбританияда - 10-ы және Германияда тек 5 террорлық әрекет жасалған»»,- деді. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссариятының басшысы Мишель Бачелет Женевада өткен баспасөз отырысы кезінде: «Франциядағы қауіпсіздік туралы заң африкалықтар мен басқа елдердегі этникалық азшылықтарға кері әсерін тигізеді»,- деді. Ол Франция үкіметінің мұсылмандар мен мешіттерді бақылау мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіріп: «Бұл заңның 24-бабында көрсетілген жалпы қауіпсіздік тәсілі проблемалы болып көрінеді және құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін кеңейтеді және жаңа қылмыстар тудырады»,- деп, Франция басшыларынан елдегі аз сандыларды бақылауға алуды тоқтатуды талап етті.
Француз үкіметінің антиисламистік әрекеттерінің күшеюі басқа еуропалық үкіметтердің және мұсылмандарға одан әрі шектеу қою үшін экстремалды-оңшыл ағымдардың үлгісін тудырды. Австрия «саяси исламға» заңды түрде тыйым салғысы келеді. Заңды бұзғаны үшін сотталған адамдар, егер олар тезірек босатылса, өмір бойына электронды бақылауға ұшырауы мүмкін. Саяси исламды ұстанды деп күдіктелген бірлестіктер мен мешіттер жабық, ал имамдарды үкімет мақұлдауы керек. Жалпы, бүкіл Еуропада үкіметтер тарапынан мұсылмандардың азаматтық және адам құқықтарына қарсы шабуылдар көбейіп келеді, бұл Еуропадағы полицияның күшеюінің белгісі.