Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) - Пайғамбардың (с.ғ.с.) естелігі
(last modified Tue, 02 Feb 2021 14:46:50 GMT )
Ақп 02, 2021 20:46 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) - Пайғамбардың (с.ғ.с.) естелігі

Сәлем саған әлемнің үздік әйелі! Сәлем саған Пайғамбардың (с.ғ.с.) ең жақын адамы! Жақсылық пен қайрымыдылыққа сәлем! Тедессіз тұлғаның көрінісі хазірет Фатимаға (ғ.с.) сәлем! Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраның туған күнімен құттықтаймыз!

 

 

Алла елшісі Мекке қаласының сыртында ғибадатпен айналысып отырған кезінде Жебрейіл қасына келіп: «Ұлы Алла саған сәлемін жіберіп, «Қырық тәулік бойы өмірлік серігін хазірет Хадиджадан алыстап, ғибадатпен айналыс» деді»,- деп хабарлады. Пайғамбар осы жерлен Аммар арқылы Алланың жолдауын хазірет Хадиджаға жіберіп: «Уа, Хадиджа, Алла сенің болмысынмен періштелеріне мақтанатын ардақты банусын. Түнде үйдің есігін жауып, демалып, Жаратушының бұйрығын күт. Мен осы уақытта Абуталибтың үйінде қаламын»,- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Алланың бұйрығы бойынша, қырық күн Хадиджаның үйіне бармады. Қырық күн бойы түнде намаз оқып, күндіз ораза ұстады. Хазірет Хадиджа да Алла елшісінің бұйрығына сәйкес амал етіп, сүйікті жұбайынан алыс болғанына байланысты жылады. Қырық күн өткен соң Алла елшісі Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қасына келіп, жәннәттің азығынан алып келіп: «Бүгін кешке жәннәттің тамағының дәмін тат»,- деді. Алла елшісі жәннәт тамағымен ауызын ашты. Намаз оқуға тұрған кезде, Жебрейіл келіп: «Уа, Алла елшісі, бүгін мұстахаб намазды оқымай, хазірет Хадиджаның үйіне бар. Өйткені Алланың қалауымен пәк перзентке ие боласын. Пайғамбар (с.ғ.с.) Хадиджаның үйіне кетті. Хазірет Хадиджа: «Күндегіндей бұл кеште де үйдің есігін жауып, демалып жатқа едім. Есік қағылып, дыбысқа ояндым: «Кім? Мұхаммадтан (с.ғ.с.) басқа ешкім бұл үйдің есігін қаға алмайды»-дедім.  «Есікті аш, мен Мұхаммадпын»,- деген Пайғамбардың (с.ғ.с.) жүрекке қонымды дауысың естідім. Асығып, есікті аштым. Ол күлімдеп үйге кірді»,- деді.

Беғсаттың бесінші жылының джамади ас-сани айының 20 жұлдызында хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) үйі жәннәт әтіріне бөленді. Бұл күні Алла елшісінің Кәусары дүниеге келіп, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен өмірлік серігі хазірет Хадиджаның жүрегін қуанышқа толтырды. Исламның ұлық пайғамбары Алланы мадақтап және ризалығын білдіріп, қызың құшағына алып, маңдайынан сүйіп, бетінен қарап, жылады. Сәбидің нұрланған көздері Пайғамбарды (с.ғ.с.) тыныштандырды. Алла Тағала Пайғамбарға: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Шын мәнінде саған Кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады»,- деді.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұлдары Қасым мен Абдолла қайтыс болғаннан кейін дұшпандары мен қарсыластары қуанышын жасыра алмай хазіретті «ұрпақсыз»  деп келемеждеді. Бұл сөздер Пайғамбарыдың нәзік жүрегін қатты жаралады. Сондықтан Алла Тағала сүйіктісін тыныштандыру және мүшріктердің келемежіне жауап беру үшін «Кәусар» сүресінің осы үш жарқын аятын түсірді.

Хазірет Заһра (ғ.с.) адамның ең жоғарғы ойларына ие болды. Имам Садық (ғ.с.): «Алла оған Фатима деп ат қойды. Қадыр түнінің ұлылығы да жасырылғандай, Фатиманың қадір-қасиеті де адамдардан жасырылды»,- деді.  Имам басқа бір сөзінде: «Қадыр» сүресіндегі «Ләйіл» - Фатима (ғ.с.) және «Қадыр» - Алла, сондықтан Фатиманы таныған адам, «Қадыр» түнін де түсінеді. Фатиманың Фатима деп аталуы жаратылыстың оның толық танымауына байланысты»,- деді.

Алла елшісі   періштелердей нәзік және денесі адам болған Энсия қор қызы деп атап, қолынан сүйетін. Хазірет: «Қызым Фатима менің тәнімнің бөлігі. Ол менің жанарымның жарығы, жүрегімнің жемісі, екі жанымның рухы, ол адам түрінде жаратылған қор қызы»,- деген болатын.

Бірақ бұл нәзіктік оның қоғамда болуына кедергі болмады. Алла елшісінің (с.ғ.с.) қызы ислам қоғамының әлеуметтік және саяси мәселелеріне бей-жай қарамады және шындық майданын  қолдап,  өзінің жұбайы Әлидің (ғ.с.) әлеуметтік мәселелерде кеңесшісі және жақын досы болды. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін ол ақиқатты дәлелдеуге тырысып, ислам үмбетінің басшылығындағы ауытқушылыққа қарсы тұруды өзінің міндеті деп санады. Кейбір түндерде жұбайымен бірге мұхаджерлер мен ансарлардың үйлеріне барып, әкесінің имам Әлиді (ғ.с.)  өзінің орынбасары, мұрагері ету туралы өсиетін еске салып, оларды ақиқатты қорғауға шақырды. Оның қысқа өмірінің маңызды ерекшеліктерінің бірі оның әлеуметтік қызмет аренасында ақиқатты іздеу және шындықты айтуы болды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Фатима- Заһраның (ғ.с.) өмірі қысқа болып, жиырма жылдан аспағанымен,   күрес, революциялық еңбек пен шыдамдылық, тағылымдар мен білім, сөз сөйлеу және набават мен имаматты және исламдық жүйені қорғау тұрғысынан  талпыныс пен күрестің шексіз теңізі болып, ақырында шаһадатпен аяқталды. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) бұл жиһадтық өмірі ерекше әрі теңдессіз болып, адамзаттың есінде жарқын сәт болып қалады.

«Шура» сүресінің 23-ші аятында Пайғамбарға (с.ғ.с.): «(Мұхаммад с.ғ.с.): “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де»,- деп айтылды. Хазіреттен: «Сүйіспеншілігі   міндетті болып қалған бұл кімдер?»- деп сұраған кезде: «Әли, Фатима жіне Хасан мен Хұсейн»,- деп жауап берді.  Бұл аят Пайғамбардың (с.ғ.с.) жақындарына деген достық пен сүйіспеншілікті хазіреттің (с.ғ.с.) миссиясының сыйы ретінде таныстырады.  Жалғыз қызы хазірет Фатимаға (ғ.с.) екі қымбат сыйлық берілді, бірі -  Фадак бағы, екіншісі - хазірет Фатиманың (ғ.с.) тәспихы деп танымал болған зікір болды.  Имам Садық (ғ.с.) бұл сыйдың маңыздылығы туралы: «Егер бұл тәспихтен жоғары сый болғанда, Ислам пайғамбары оны хазірет Фатимаға (с.ғ.с.) сый ететін еді»,- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) оны хазірет Фатимаға (ғ.с.) берді, содан кейін оның арқасында басқалар бұл рухани сыйдың  пайда көреді. Басқа жағынан, хазірет Фатима (ғ.с.)  Фадак бағын  мақрұмдар мен әлсіздердің ықтиярына берді. Хазірет Фатима (ғ.с.), әкесі ұлы Пайғамбар (с.ғ.с.) және жұбайы хазірет Әли (ғ.с.) мен перзенттеріне Алланың нұры жаусын!

 

Тегтер