Қайдасың, мейірімді ағатай?!
(last modified Sat, 13 Mar 2021 18:38:00 GMT )
Нау 14, 2021 00:38 Asia/Almaty
  • Қайдасың, мейірімді ағатай?!

Низами Гәнджавиді ұлықтау күніне орай Бұл бағдарлама Иран күнтізбесінде Низами Гәнджавиді ұлықтау үшін белгіленген күнге орай дайындалды.

Қайдасың, мейірімді ағатай! Жазсаңшы

Мендегі көне тері бүй дейді

Ата-бабамнан жеткен тарихи дастан бар

 

Менде көне тері бар

Шаң басқан замандардан естелік  

Мәңгі өмір сүретін қарт адам  

Бабалар жайлы дастан айтатын қиссашыдай

Күні-түні қанша болғанын емес, қалай болғанын айтады.

Ұзақ жылдар бұрын Джейхунның құнарлы жағалауында

Әкем жан-тәнімен еңбек ететін

Мына теріні толық жаңарту үшін....

 

Менде көне тері бар

Шаң басқан замандардан естелік

Ата-бабамнан қалған мұрадай бұл замана шаңы

(Мехди Ахаван Салес. «Шахнаманың соңы» кітабы)

Күні: 1399 жыл 1есфанд

Орын: Арас жағалауындағы кафе

 

Көңілім түсіп отыр. Бүгін  «Тарих» деген мейірбан ағатайыммен Арас жағалауындағы кафеде болдым. Көңілім одан сайын түсіп қайтатынымды білдім. Онымен сөйлескеннен сағынышым одан ары үдей түсетінін білдім. Бірақ мына жерде не болғанын одан артық кім білсін?! Кафеге кірдім. Көзім жарық пен шаңға үйренгенде оны көрдім. Терезенің алдында егде әйелге тесіле қарап отыр екен. Отырдым да, терең тыныстап, кафенің түтінін тамағымнан өткізіп, өксік пен жасымды ұстауға тырыстым. Тарих ағам тесіле қараған жаққа мен де қарадым. Біраз үнсіз отырғаннан кейін көзім көзіне түсіп: «Мұндай халге қалайша жеттік? Неге парша-паршамыз шығып, бөлініп кеттік? Қай парағыңды ашсам да, ащы. Әрбір тарауыңнан өту ауыр. Қылыш пен оқтың дауысына толы. Бірінен соң бірі балаларынан айырылған ананың зарына толы. Мұның бәріне қалай төзіп отырсың?» дедім.

Ол аһ ұрғанда жан-жүрегім күңіреніп кетті.

Қай кезеңге жеттің? Ескендір? Моңғолдар, Тимурилер, Османдар, Ресейдің жойқын шабуылдарына ма? Жүрегің күңіренетіндей қай біліксіз әулетпен арпалысқа түстің?

  • Қаджарлар мен Иран-Ресей соғысы. Ұлыбританияның бүлдіргі әрекеттері мен Францияның уәдебұзушылықтары. Иран жеріне қол салу, олжа талап ету мен баж алу бір жағынан, біліксіздік екінші жағынан ... Қандай қайғылы базар...
  • Қателеспе, бұлар бір заманның оқиғалары емес. Тарих дөңгелек шынжырдай бір-біріне жалғанған. Ресей мен Иранның алғашқы соғысы –  Кавказ аймағында үстемдік ету үшін басталған сол Ұлы Петр мен Надер шахтың соғысының жалғасы.  Біз бір кезеңде орын алған соғыстардан көп нәрсені қолдан жіберіп алдық. Біліксіз патшалар мен өз мүдделерін ғана көздеген одақтастар мына мақалға нақты мысал бола алады: «Дорбадан да жейді, астаудан да жейді». Біліксіз жергілікті билеушілер мен көптеген ірілі-ұсақты себептердің нәтижесі «Гүлістан» мен «Түркіменчай» сорақы келісімшарттарынан  басқа ештеңе бола алмайды. Батпақты жерге өскен ағаштан жеміс күтесің бе?Не айтуға болады? Осы келісімшарттар салдарынан Иранның 250 мың шаршы шақырым ауданы бөлініп, Ресейге берілді.  250 мың шаршы шақырым!!!  Бұл не екенін білесіз бе? Бізден бөлініп алынған аймақтардың қазірге дейін қалай аталатынын білесіз бе? Олар Иранның Кавказдағы 17 уалаяты деп аталады.

Содан кейін үнсіз қалдық. Жаңбыр көзімді жауып кетті. Оның Арас өзенінің бойымен жайлап кетіп бара жатқанын көрдім. Қоштасусыз...

Өкінішке қарай, Әзірбайжан саясаткерлері әлі де мәдени ортақтықтарды елемей, кез келген тәсілмен өз болмысын қалыптастыру жобасын ілгерілетуді көздеп отыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев 2021 жылды елде «Низами Гәнджави жылы» деп атауға жарлық берді. Бұл елдің басшылары осы орайда берген жолдауларында Низамиді тек қана Әзірбайжанның ақыны мен ойшылы деп таныстыруға талпынып жатыр. Осы ұлы ойшылдың толығымен парсы тілінде жазылған жарқын мұрасын тек қана Әзірбайжан республикасының рухани мұрасының ажырағысыз бөлігі деп көрсетуге күш салуда.

Әзірбайжанның саяси-мәдени басшылары соңғы жылдарда Әзірбайжан мен Иран халықтарының тектік және мәдени ортақтықтарын нығайтудың орнына барлық күш-жігерлерін мәдени біржақтылыққа салып, екі елдің жақындасуына қарсы дұшпандар ұсынған мәдени монополия сазында ойнап отыр. Бір күні Иранның «тар» аспабын өз атына тіркейді, басқа күні Гиркани ормандарын өз атына тіркеуге тырысады. Бұл орманның тек 10 пайызы Әзірбайжан жерінде, 90 пайызы Иран территориясында орналасқан. БҰҰ-да Наурызды Әзірбайжан республикасының атына тіркеу үшін біраз уақыт құртты.  Бағзы заманда «Иран» деп аталатын үлкен мәдени кеңістікте өмір сүрген, ал қазір тәуелсіз саяси-географиялық шекаралар аумағында өмір сүріп жатқан бүкіл халықтарға тиесілі мерекені жеке иемденіп алғысы келді. Бұл халықтар қай жерде болса да, бір тектен. Кейде тілдері ортақ, кейде бөлек, бірақ көптеген ұқсастықтар және ортақтықтар бар.  

Иран халқы өзінің бірнеше мың жылдық жарқын тарихы барысында бірсыпыра ұлыларды тәрбиелеп шығарды. Олар әлемде ирандықтардың мерейін асырып қана қойған жоқ, әлем олардың құнды ойлары мен идеяларын пайдаланды. Әлемнің ірі ирантанушылары олардың гуманистік ойлары мен құнды кеңестерін түсініп, оларды адамзат мәдениетінің мәңгілік мұраларының бірі деп таныды. Туындылардың көбі аударылып, тіпті шығыстанушылар тарапынан тәпсірленді. Бұл ойшылдар – әлемнің мақтанышы. Олардың ойлары мен туындылары – адамзаттың қазынасы.

Өкінішке қарай,  Әзірбайжанның саяси-мәдени басшылары танымал ирандық ақын хакім Низами Гәнджавиді өздеріне тиесілі деп көрсетуге талпынып жатқанына біраз болды. Бір күні оның қабірінде парсы тілінде жазылған тақташаларды қиратады. Басқа күні Низамидің шығу тегі мен туған жеріне қатысты жалған өлеңдер таратып, оларды Низамиге тиесілі деп айтады. Тағы бір күні Низамидің мүсінін жасап, оны Италияның атақты алаңдарының біріне орнатып, оны әзірбайжандық ақын деп таныстырады. Осы салада газеттерге мақала беріп, тарихты бұрмалайды. Қазір де Низамидің туғанына 880 жыл толуына орай оны түрік ақыны деп таныстырып, 2021 жылды оның атымен атады. Түрікше тіпті бір бәйіт жазбаған және өз туындыларында тегі түркі екеніне мүлде тоқталмаған ақын үшін қалайша жалған куәлік шығаруға болады? Мұндай бөлінушіліктердің орнына екі елдің мәдени ортақтықтарына баса назар аударғанымыз дұрыс емес пе? Бір тектен шыққан осы екі халықты жақындастыру арқылы ұлы тұлғалардың ойларын әлемге жаюға тырысуымыз керек емес пе?

Низами кім? Низами Гәнджави деген атпен танымал хакім Әбумұхаммед Ильяс – х.қ.ж.с.б. 6 ғасырда (12 ғасыр) өмір сүрген атақты ирандық ақын. Низами сол заманда Иран территориясының бір бөлігі саналған Гәндже қаласында дүниеге келіп, тәрбиеленген. Ол заманда Иранның солтүстігінде орналасқан Канджачай өзенінің екі жағында орналасқан Гәндже қаласы парсы поэзиясы мен прозасы таралған орталықтардың бірі болған. Бұл аймақта поэзия Хақани, Фалаки Ширвани мен Абулала Гәнджави сынды ұлы ақындардың болуының арқасында кең етек жайып, қарқынды дамыған. Махсати мен Низами сынды ұлы ақындар өздерінің туындыларымен бұл қаланың парсы поэзиясының маңызды әрі ірі орталықтарының біріне айналуына себеп болды.  

Низами бай саудагер жанұясында дүниеге келіп, балалық шағын алаңсыз дәріс алумен өткізіп, өз заманында кең таралған ғылым-біліммен танысқан. Жеткіншек және жастық шағының басым бөлігін сол замандағы медреселерде оқып, ұстаздар алдында ғылым-білім үйренуге арнаған.

Өлеңдер жинағынан қалған шашыраңқы бәйіттерден бөлек Низами өзінің бес поэмасымен танымал болды. Олар «Пәндж гәндж» (Бес қазына) немесе «Низами хамсасы» (Низами бестігі) деген атпен әйгілі болды. Бес поэма мыналар: Махзан ул-асрар (Құпиялар қазынасы), Хосроу мен Шырын, Ләйлі мен Мәжнүн, Һәфт пейкар (Жеті сұлу) және Ескендірнама. Ескендірнаманың өзі екі бөлімнен тұрады: Икбалнама (Бақытнама) және Шарафнама (Намыснама). Низамидің поэмалары – мазмұн жағынан әртүрлі болса да, геометриялық дәлдікпен бір-біріне үйлесе жалғанған топтама. Әрбір поэма Алла мен Оның елшісіне мадақ айтумен басталады. Содан соң ақын бұл поэманы не үшін жазғанын баяндайды. Сосын негізгі тақырыптар мен қорытынды мақсатқа кіріседі. Әрбір поэманың тақырыбы да, мақсаты да әрқилы.

Низамиді жатық тілі мен ақындық тәсіліне байланысты парсы поэзияның ұстындарының бірі деп санауға болады. Сол себепті оны одан кейінгі ақындар мен тазкере жазушылар әрдайым мадақтаған.

Низамидің ақындық тәсілі одан кейін көптеген ірі ақындар мен әдебиетшілер тарапынан қабылданып, қолданылды. Тіпті көбі ол сияқты поэма жазуға тырысқан.  

Низами туындыларын зерттеушілердің көбінің пікірінше, оның өлеңдерін поэтиялық тәсіл мен әңгіме-дастан баяндау өнері тұрғысынан ғана талдамау керек. Өйткені ол дастан қалыбында тек өзіне тән тілмен түрлі үкімдік теорияларды баяндай алған. Шын мәнінде ол үкімдік ұстанымдар білдіру арқылы жалқы пен жалпының арасында өзінің ойлары мен сенімдерін  таратуға кіріскен. Низамидің «Бес қазынасы» мен қасида-ғазалдарынан тұратын өлеңдер жинағын тіл, ақлақ және сопылық тұрғынан қарастыруға болады. Оның туындалында баяндалған хикмет – Фердоуси ұстанған немесе сол ишрақи (ағартушылық) хикметі деп аталатын ирандық хикмет. Иран ұзақ поэмалар және ұсынды-қысқалы дастандар қалыбында ізгі мінез-құлық пен биік мақсатқа бағынған өмірді насихаттады. Низамидің өлеңдеріне назар сала отырып, оның түрлі қиссаларды жырға қосу арқылы жеке және қоғамдық өмірде адамның адаммен қатынасы қандай болуы керектігін баяндап, үйреткенін көруге болады.

Низамиді шын мәнінде парсы тілінде лирикалық дастандар жазу тұрғысынан ең жоғары тұлға деп санауға болады. Зерттеушілер мен низамитанушылардың, соның ішінде доктор Саид Хамидианның сенімінше, «Эпикалық дастандар жазуда Фердоуси басты тұлға саналатындай лирикалық дастандар жазуда Низами парсы тілі мен әдебиеті тарихында ең ірі тұлға саналады».