Сионистік режим Газадағы бұқаралық ақпарат құралдарын нысанаға алды
Израильдің Газадағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының штаб-пәтеріне жасаған шабуылы бұл режимнің қылмыстары туралы хабар тарататын ақпарат құралдарына жасалған шабуыл болды. Ақпарат құралдарының штаб-пәтеріне жасаған шабуыл - жалған және баланы өлтіруші режимінің тағы бір қылмысы.
Палестиналық басшылар сенбі күні Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары кезінде 13 адам қаза тапқанын, сондай-ақ Газа мен Құдстың басып алушыларының арасындағы жаңа шайқас басталғаннан сенбіге дейін 139 палестиналықтың өлтірілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Израильдің сенбіде Газадағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының штаб-пәтеріне жасаған шабуылы бұл қылмыстар туралы хабар тарататын ақпарат құралдарына жасалған шабуыл болды. Ақпарат құралдарының штаб-пәтеріне жасаған шабуыл - жалған және баланы өлтіруші режимінің тағы бір қылмысы.
Теледидарды қосқанда, көрген нәрседен қатты таңғаламын. Кейбір тілшілер зымыранды ататындармен сөйлеседі. Олар заттарын ғимараттан шығаруға бірнеше минут уақыт беруді сұрайды. Ол «мүмкін емес» дейді және ... зымыран атылады. Таңырқау мен сенбеушілік журналистердің жүзінде қатып қалған. Өлтіруді кейінірек бастау туралы келіссөздер жүргізуге болады ма? Камера алдында олар өлтірушіден мұрсат беруді сұрайды, ол қабылдамайды. Ғимарат құлап, адамдар есеңгіреп қалады. Тек жаңалықтарды таратқан БАҚ өкілдері енді сионистік режим атқан зымырандардың нысанасына айналды. Израиль режимінің мәліметінше, бұл ғимарат ХАМАС техникасының орналасқан жері болды. Бірақ ғимарат иесі мұны жоққа шығарды. Ғимараттың иесі Джавад Мехди: «Израильдің талаптарына қайшы, ғимаратта әскери техника болмаған. Бұл жерде тек екі жаңалықтар желісі мен коммерциялық компаниялардың кеңсесі және 60 тұрғын пәтер болды. Израильдің барлау офицерлерінің бірі ғимаратқа шабуыл жасалмастан бұрын, ескерту жасап, оны босатуға бір сағат уақыт берді»,- деді. Ол сондай-ақ, бұл барлау офицерінен журналистер өз құралдарын жинап әкету үшін тағы 10 минут сұрағанын айтты. Бірақ бұл сұраныс қабылданбады. Әлемдегі ақпарат құралдардың бұл әңгімені, содан кейін ғимараттың құлауы туралы суреттерді таратты. Бұл оқиғада адам өліміне болмағанымен, батыс әлемі сөз бостандығын сақтап қалу үшін көп ұранданғанымен, ол нысанаға алынды. Бұл ақпарат пен байланыс әлемі үшін қара күн болды. Бұл күн сионистік режимнің құрылуының 73-ші жылдығымен тұспа-тұс келді. Палестиналықтар бұл күнді «Бақытсыздық күні» деп атайды.
Associated Press бұл оқиғадан қатты таң қалғанын хабарлады. Бұл ақпарат агенттік: «Израиль бұл ғимаратта жаңалықтар орталықтары мен журналистердің жұмыс істейтінін білді, енді әлем Газада болып жатқан оқиғалар туралы аз білетін болады»,- деді. Associated Press бас директоры Гари Пратт жаңалықтар желісінің сайтында: «Израиль армиясының Associated Press және басқа да жаңалықтар ұйымдары орналасқан ғимаратты нысанаға алып, қиратқаны бізді қатты қорқытты. Олар біздің кеңсенің орналасқан жерін және онда журналистер жұмыс істейтінін бұрыннан біледі. Сондай-ақ, Al Jazeera арнасы жеке мәлімдеме жасап, Газадағы штаб-пәтерінің бомбалануы мен жойылуын айыптады. Бұл Катар арнасының директоры Мұстафа Суаг: «Біз халықаралық қауымдастықты осы айуандық әрекетті және журналистерді нысанаға алуды айыптауға шақырамыз. Жаңалық медиа кеңселерінің жойылуы - адам құқықтарының айқын бұзылуы және халықаралық деңгейде әскери қылмыс»,- деді.
Әрине, Израиль күштерінің журналистерді нысанаға алуына реакция бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен шектелмеді. Американдық Variety газетінің жазуынша, сенбі күні Газадағы шетелдік медиа кеңселердің штаб-пәтеріне жасалған шабуыл баспасөз бостандығына жасалған шабуыл болды. Нью-Йорктегі Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) да шабуыл туралы жаңалыққа реакция білдіріп: «Ұзақ уақыттан бері халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының штаб-пәтері ретінде белгілі болған ғимаратқа жасалған шабуыл, Құдсты басып алған режимнің қорғаныс министрлігі Газа халқының азаптары туралы хабар таратудың алдын алу үшін ақпарат құралдарды нысанаға алғанын көрсетеді»,- деді.
Американдық қалам қауымдастығы (PEN) Құдсты басып алушы режим күштерінің әл-Джала мұнарасына жасаған шабуылын айыптап, оны алаңдататындай деп атады. Қиратулар кәсіби журналистерді маңызды сәтте алаңдатарлық және күрделі жанжалды құжаттауға мәжбүр етеді. Қауымдастық сенбідегі шабуылдардан кейін мәлімдеме жасап, әлемнің ХАМАС пен сионистік режим арасындағы жалғасып жатқан қақтығыстар туралы өз өмірін қатерге тіреп, бүкіл әлемге хабар тарататын қажымайтын журналистерден хабардар болуын мәлімдеді. Осы салада белсенді жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдары мен мекемелерден басқа, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш Газадағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының кеңселеріне жасалған шабуылды халықаралық құқықты бұзу деп атап: «Мұндай әрекетті болдырмау керек. Азаматтық құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын кез-келген ретсіз нысанаға алу халықаралық құқықты бұзады»,- деді. Британдық исламдық адам құқығы жөніндегі комиссияның басшысы Газадағы халықаралық медиа ғимаратты бұзу туралы: «Сионистер ақиқатты естуге шыдай алмайды»,- деген тағы бір адам болды. Ұлыбританияның соғысқа қарсы ірі қозғалысының аға мүшесі: «Құдсты басып алушы режимнің Газадағы жаңалық агенттіктер орналасқан ғимаратты қиратуы сөз бостандығына шабуыл және өз қылмыстар туралы ақпаратты монополиялауға талпыну»,- деді.
Сионистік режим мен Палестинаның негізгі иелері арасындағы қақтығыстың ең маңызды проблемаларының бірі – әлемнің түпкір-түпкіріндегі және тіпті басып алынған жерлердегі миллиондаған пайдаланушыларға әсер ететін медиа ақпараттық дауыл. Осы уақытқа дейін сионистік режимнің бұл дауылға қарсы тұру үшін әскери құпияларын сақтауды сылтауратып, күн тәртібіне бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарға кең цензураны пайдаланды. Сионистер бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын және оның әлемдік қоғамдық пікірге әсер етуін және көрінбейтін әлемдік күштін қалыптасуын жылдам түсінді. Сондықтан олар бірнеше жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдарына үстемдік ету арқылы әлемде бір үкіметтін күшінен артығырақ күшке ие болуға ұмтылды. Сионистік режимнің сөз бостандығына қарсы әрекеттері тек ақпарат құралдары цензурасымен шектелмеді, сонымен қатар сионистік режимнің журналистерінің және әскери жазушыларының көбінің запастағы және отставкадағы офицерлер екенін атап өтуге болады. Олар жариялауға лайықты деп санайтын мәліметтерді ғана жариялайды.
Сионистік қозғалыс құрылғалы сионистер өздерінің үгіт-насихаттары мен бүкіл әлем бойынша кең үгіт желілерін құру арқылы бірнеше мақсатты көздеді, олардың барлығы сионистік көшбасшылардың хаттамаларында көрсетілген. Әлемдік қоғамдық пікірді өз пайдасына тарту және еврейлерге сай келмейтін интеллектуалды және жеке қоғамдастықтарды жоюды көздеді. Қазіргі кезде сионистік режимнің әртүрлі әрекеттеріне қарамастан әлемдегі ақпарат құралдардың көпшілігі бұл режимнің қылмыстарын әшкерелеп, олардың адамгершілікке жатпайтын әрекеттері туралы бейнелер мен жаңалықтар таратуда. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралдар орналасқан ғимаратқа шабуыл жасау сионистік режимнің басшыларының пікірінше, осы ақпаратпен ең күшті қарсыласу болуы мүмкін. Бірақ бұл бұқаралық ақпарат құралдарының осы режиммен жұмысының соңы бола алмайды. Бұл әрекетті жаһандық айыптау және бұқаралық ақпарат құралдарының өз міндетіне назар аударуы бұл адамгершіліктен жат әрекетке нақты реакция болды.