Хазірет Фатима Заһра (ғ.с.) басқалардың көзқарасынан (1)
(last modified Tue, 04 Jan 2022 13:54:50 GMT )
Қаң 04, 2022 19:54 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима Заһра (ғ.с.) басқалардың көзқарасынан (1)

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) – әйел даңқы мен ұлылығының көрінісі және Алланың жаратуының ғажайыптарының бірі.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) – Ислам мен уахи мектебінде   тәлім-тәрбие алған және адамгершілік пен жоғары қадір-қасиеттерге ие илаһи ханым. Ол уахи періште  Жәбірейіл келіп, илаһи ілімдер мен ақиқаттарды айтатын үйде өмір сүрді. Мұндай тұлға өз өмірінің өлшемдерін, шынайы адами құндылықтарды анықтайды және оны кез келген адам үлгі ете алады. Әлемдегі ең жақсы және ең жоғары ханымның шәһид болғанын еске алу - құнды мүмкіндік. Хазірет Фатима (ғ.с.) ғылымда, ахлақ, иман мен жанқиярлықта және мейірімділікте жоғары үлгі. Бұл бағдарлама топтамасында хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ерекшеліктеріне басқалардың көзқарасынан тоқталамыз.

 

Қасиетті Құран қоғам өмірінің жалпы бағыттарын айқындаудағы әлеуметтік және қоғамдық міндеттерге келгенде тек ер адамдарға сілтеме жасамайды, екі топ, яғни ерлер мен әйелдердің туралы айтады. Мысалы, жақсылықтың сауабы туралы сөз қозғағанда ерлер мен әйелдерге бірге үндеу жасайды: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын. Бір-біріңненсіңдер. (Бәрің бірдейсіңдер.)...»,- деді. («Әл-Имран»,195-ші аят). Уахи мектебінде өсіп, тәрбие көрген Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)   Құран ілімдеріне сүйеніп, адам баласын адасудан алыстатып, тура жолды көрсететін тұлға болды.  Ол кемел адамның өлшемі болды.

Күмәнсіз, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) туралы ең қалаулы сөз – әлем Раббысының сөзі. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) өмірі оны Аллаға жақындатты және ол үшін бірнеше аят түсірілді. Тәпсіршілер мен Құран зерттеушілері Құран Кәрімнің кейбір асыл аяттары хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) құрметіне түсірілген және осы кемел адам үлгісінің қасиеті мен кемелдігіне сілтеме жасайды деп есептейді. Олардың ішінде «Кәусар», «Қадр» сүресі, «Инсан» сүресінің алғашқы аяттарын, «Мүбәһила» аятын және тағы бірнеше аяттарды атап кетуге болады.

Құран Кәрім хазірет Фатиманы (ғ.с.) Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Кәусары деп санайды. Кәусардың мағынасы кең. Ол көптеген жақсылықты білдіреді, бірақ көптеген шиіт және сүннит ғалымдары Фатима-Заһраның (ғ.с.) қасиетті болмысын айқын мысалдардың бірі деп санаған.   Мүшріктер Ислам пайғамбарын ұрпақсыз деп айыптаған. Құран олардың сөздерін теріске шығарып: «Біз саған Кәусарды бердік»,- деді. Бұл аяттағы көптеген жақсылық Фатима-Заһраның (ғ.с.) өзі және Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпақтары осы аяулы қызы арқылы әлемге тараған. Тәпсіршілер бұл сүренің ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұрпақсыз болмайтынын, ұрпағы мен тегінің мол болатынынан хабар беретінін еске салған. Бұл Құранның ғажайып қырларының бірі.

 

 

Тегтер