Хазірет Әли (ғ.с.) – жаратылыстың бірегей тұлғасы
Хиджри-қамаридің қырықыншы жылының Рамазан айының 21 жұлдызы имам Әли (ғ.с.) шәһид болған күн.
Имам Хасан (ғ.с.) асыл әкесі хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін көпшілік алдында: «Осы түні әрекеті жағынан бұрынғылар одан асып түспеген, болашақтағылар оған іс жүзінде жетпейтін тұлға дүниеден өтті. Ол әрқашан Алланың Пайғамбарының (с.ғ.с.) қасында соғысып, Пайғамбарды өмірімен қорғаған. Алланың Елшісі (с.ғ.с.) оны өз туымен соғысуға жіберетін, оны оң жақтан Жәбірейіл мен сол жақтан Микаил қорғап, Алла оны жеңіске жеткізетін»,- деді. Имам Хасан (ғ.с.) сөзін жалғастыра алмай, көзінен жас ағып кетті. Халық та сол имаммен бірге жылады.
Хиждраның 40-шы жылы Рамазан айының 19-ында имам Әли (ғ.с.) қызы Умму Күлсүмнің үйінде қарапайым ауызашар дастарханының қонағы болды. Ол сол түні аспанға көп қарап, Алла Елшісімен (с.ғ.с.) және өзінің жұбайы Фатима-Заһрамен (ғ.с.) кездесудің жақын қалғанын білгендей болды. Умму Күлсүм әкесі үшін алаңдап, одан ұзағырақ қалуын өтінді. Хазірет Әли (ғ.с.) жолы бойы Алланы еске алып зікір айтты. Мешітте ғибадат етіп, намаз оқып, таң азанға дейін Аллаға деген сүйіспеншілік сыры мен мұқтаждығын білдірді. Азан шақырылып, таң намазына тұрғанда қасына семсер ұстаған тасжүрек адам жақындады. Хазірет Әли (ғ.с.) Алланы зікір етіп сәжде жасап жатқанда, ең қатыгез адам Ибн Молджам улы қылышын көтеріп, бүкіл күшімен хазірет Әлидің (ғ.с.) басынан ұрып, маңдайына дейін жарып жіберді. Хазірет Әлидің (ғ.с.) «Қағбаның Алласымен ант етемін құтқарылдым» деген дауысы мешітте жаңғырықты.
Пайғамбар (с.ғ.с.) Әлиді (ғ.с.) өзінің мұрагері ретінде таныстырып, үмметіне үнемі ұсынбады емес пе? «Әли меннен, мен Әлиденмін» немес «Әли адамдардың ең жақсысы, ал кім бұған күмәнданса, ол кәпір» деп айтпады ма? Бұл адамдарға не болды? Олар Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Уа, Әли! Кім саған бағынса, маған бойсұнды, ал кім саған дұшпандық танытса, маған дұшпандық жасады, ал кім мені дұшпан санаса, Алланы дұшпан деп атағанын естімеді ме?»
Рамазан айының 21-ші күні болатын және сол қайғылы оқиғадан бері екі күн өтті. Имам төсекте жатты. Хазірет Әлидің (ғ.с.) жақтастары жылап, үй артында дұға тіледі, ал балалар тостаған сүтпен келді. Хазірет Әлидің (ғ.с.) үйінің ішінде Зейнеп (ғ.с.) ақырын көз жасын төкті. Имам Әли (ғ.с.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) толық айнасы және барлық адамдық қасиеттер мен кемелдіктердің жиыны болды, ғылым мен тәжірибеде, имандылық пен үлкендікте, батылдық пен ерлікпен, аскеттікте, тақуалықта, жомарттық пен ізеттілікпен атағы шыққан ол, тіпті, дұшпандарына да ақиқатпен кездесуге асықты. Хұсейн (ғ.с.) әкесінің терең жарасына жаңа мата жапты. Хасан (ғ.с.) дертке толы жүрегімен әкесінің маңдайын сүртті. Өз жүрегі қайғаға толы Аббас ибн Әли, Хасан (ғ.с.) мен Хусейнге (ғ.с.) көмектесті. Түнде Әли (ғ.с.) балалары мен отбасын олармен қоштасу үшін жинап: «Менен кейін Алла сені қорғасын. Алла тағала жақсы жақтаушы, маған ол жеткілікті", - деді.
Имамға у әсер етіп, мүбәрәк маңдайынан інжу-маржандай тер төгілгенде, ол мүбәрәк қолымен маңдайындағы терді сүртіп: «Мен Алла Елшісінен (с.ғ.с.) бір мүміннің өліміне жақындаған сайын маңдайы інжу-маржандай терлеп, дерті басылатынын естідім»,- деді. бұл сөзден кейін Зейнеп пен Умму Күлсумның зары естілді. Имам Хасан (ғ.с.): «Әй, әке, сауығып кетуге үмітсіз қалғандай сөйлейсіз», – деді. Имам Әли (ғ.с) «Қымбатты балам, осы оқиғадан бір түн бұрын түсімде Алла Елшісін (с.ғ.с.) көрдім. Мен оған осы ұлттың азап көріп жатқанын айтып шағымдандым.
Хазірет «Оларды қарғыс атсын де» деді. Мен: «Уа, Раббым, менің орныма оларға жамандар билік етсін және маған бұл адамдардан жақсырақ ризық бер»,- дедім. Содан соң Алла елшісі (ғ.с.): «Алла дұғаңды қабыл етті, олар сені үш түннен кейін маған әкеледі, енді үш түн өтті»,- деді». Имам сөзінің жалғасында: "Уа, Хасан! Мен сені бауырың Хұсейнге өсиет етемін. Сенде менен, мен де сендерденмін", - деді. Содан кейін хазірет Әли (ғ.с.) басқа перзенттеріне бұрылып: «Хасан мен Хусейнге (ғ.с.) қарсы шықпаңдар және оларға мойынсұныңдар»,- деп өсиет айтты. Бұл өсиетінен кейін: «Алла Тағала сендерге сабыр берсін. Бүгін түнде сендерді тастап, маған уәде еткендей сүйіктім Мұхаммад- Мұстафаға (с.ғ.с.) қосыламын",- деді.
Ислам зерттеушілерінің бірі Алла елшісінен (с.ғ.с.) Әли (ғ.с.) туралы жеткен рауаяттардың көбі ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінің соңғы жылына жатады деп есептейді. Исламның ұлық пайғамбары өзінің бауыры, қамқоршысы, мұрагері және ғұламасы Әлидің (ғ.с.) өзінен кейін үмметтің қасірет шегетінін білген. Исламның ақиқаты мен тура жолы Құран мен Әһле Бәйтке (ғ.с.) еру болғанымен, әрқайсысы өз жолымен жүретін секталар пайда болатынын білді. Пайғамбар (с.ғ.с.) харижиттер деп аталатын экстремистік топтың Әлиге (ғ.с.) қарсы қылыштарын суыратынын және діндарлықтың кемел үлгісі болған оны діннен тыс деп таныстыратынын білді. Экстремизм қашанда надандықтан пайда болып, Исламның тәніне ауыр соққылар тигізді және бұл өлімші соққылар әлі де жалғасуда.