28 ордибехешт – хәкім Омар Хайямды ұлықтау күні
(last modified Tue, 17 May 2022 16:29:31 GMT )
Maм 17, 2022 22:29 Asia/Almaty
  • 28 ордибехешт – хәкім Омар Хайямды ұлықтау күні

28 ордибехешт, сәйкесінше 18 мамыр Иранның күнтізбесінде 11 ғасырда өмір сүрген ойшыл хәкім Омар Хайямды ұлықтау күні деп аталған. Осы күнге орай сіздерге арнайы бағдарлама ұсынамыз.

Армысыздар, ардақты ағайын! Ирандық ақын, математик әрі астроном хәкім Омар Хайямды ұлықтау күніне арналған бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз.   

Нишапурдағы хәкім Омар Хайямның кесенесі

18 мамыр (28 ордибехешт) – ирандық  ақын, математик әрі астроном хәкім Омар Хайямды ұлықтау күні. Ол х.ш.ж.с.б. 427 жылы, сәйкесінше 1048 жылы дүниеге келген. Әкесі Нишапурда шатыр (tent) тігумен айналысқан. Сол себепті оған «Хайям» деген лақап ат берілген. Омар Хайям аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген. Бір жағынан Буйе әулетінің үкіметі құлап, оның орнын Селжұқтар басты, басқа жағынан кресшілер соғысы басталып, исмаилиттер Иранның саяси кеңістігіне кірген болатын. Осы жағдайда  Омар Хайям Нишапурда ғылымның түрлі саласы, соның ішінде  фикһ, философия мен математиканы  үйренуге кірісіп, 22 жасында математиканың үшінші дәрежелі есептері жайлы кітап жазды. Ирандықтардың көбі мен әлем халқы Омар Хайямды ақын деп таныса да, - оның ақындығында еш шәк жоқ, - ол бірінші кезекте ақын  емес, ғалым, хәкім әрі математик болған! Сол себепті UNESCO да тарихшылардың айтуына сүйеніп, оны орта ғасырдағы ең ірі математиктердің бірі деп атады. Оны еңбектері көбіне араб тілінде, яғни сол замандағы ислам әлемінің ғылыми тілінде жазылған.

Иранның қазіргі заманғы математигі Ғұламхұсейн Мұсахеб (Gholamhossein Mosaheb) Омар Хайям туралы: «Хайям – бірінші, екінші және үшінші дәрежелі есептерді жүйелі түрде зерттеп, оларды классификациялап, үшінші дәрежелі есептердің барлық қалыптарын қисынды түрде зерттеп, оларды геометриялық тәсілмен шешкен алғашқы адам»,-деді.

Омар Хайям ескерткіші

 

Омар Хайям математикада аса білгір болғаны рас, бірақ оның өмірдегі ең әсерлі әрі мәңгі еңбектерінің бірі ретінде зор сеніммен астрономияға қатысты еңбектерін атауға болады. Хайям алғашқы кітабын қожа Низам ул-Мүлкке сыйлағаннан кейін оның шақыруымен сұлтан Джалаледдин Малек шах Селжұқидың сарайында қызмет ету үшін Исфаханға барды. Омар Хайям 18 жылдай Исфаханда тұрған. Бұл заманда әлемдегі ең нақты күнтізбенің негізін қалады. Бұл күнтізбе «Джалали күнтізбесі» деп аталады. Омар Хайям 31 жасында ирандық күнтізбені толық түзеп, жасап шықты. Қазір ирандықтар қолданатын Джалали күнтізбесі немесе хиджра шамси (күн) күнтізбесі әлемдегі ең нақты күнтізбе саналады. Онда айдың ұзақтығы мен жыл ауысар сағат нақты белгіленіп, толық әрі дұрыс есептелген.

Әдебиет, математика мен астрономия Омар Хайям өмірінің ең маңызды салалары болғанымен оның бүкіл өмірін құрамағанын біліп жүрген жақсы. Омар Хайям философия мен логикада да көп зерттеу жүргізіп, осы тақырыпта бірнеше трактат жазған. Көптеген мамандар Омар Хайямды философияда Ибн Синаның орынбасары санайды. Сондай-ақ, Омар Хайям музыка саласында да қалам тербеген. Мұнымен қоса, Иран тарихы саласында «Наурызнама» атты кітап жазған. Омар Хайямның ғылымның түрлі саласындағы жоғары орны және адамзат іліміне қосқан үлесіне байланысты Айдағы ұңғымалардың бірі, Күн жүйесіндегі бір кішкене планета осы ирандық ғалым мен ақынның құрметіне аталған.   

Енді Омар Хайямның ақындығына тоқталсақ.

Омар Хайям поэзия мен әдебиет саласында да шебер болған. Рубаилар – оның әдебиет саласында қалдырған ең әдемі туындыларының бірі. Омар Хайям өлеңді жеке қызығушылығы (хобби) ретінде таңдаған сыңайлы. Сондықтан оларды жариялауға аса ынта танытпаған. Сонымен қатар Омар Хайям айрықша дүниетанымына және замана жағдайына байланысты реакцияшылдардың  шабуылынан аман қалу үшін өз өлеңдерін жасырып ұстауды жөн көруі мүмкін.

Омар Хайямның өлеңдері поэтикалық сұлулықпен қоса, терең мағынаға ие. Өлеңдерде Хайямның философиялық сенімдері баяндалған. Хайям Иранның Хафиз, Моулана мен Сағди сияқты ірі ақындарының көбіне керісінше таңдаған тақырыптарын өте қарапайым да жатық тілмен баяндауға тырысқан. Омар Хайям көтерген тақырыптардың маңыздылығы оның осы күнге дейін әлемде ең танылған ирандық ақындардың бірі атануына себеп болды. Әрине британ ақыны Эдвард Фицджеральд осы салада көп рөл ойнады. Ол Омар Хайямның рубаиларын ағылшын тіліне аударды, оның өлеңдеріндегі ұғымдарды пайдаланып ағылшын тілінде өлең жазды. Осылайша Омар Хайямның әлемге танымалдығы арта түсті. Оның рубаилары осы күнге дейін әлемнің барлық тілдеріне аударылған. Шын мәнінде  Омар Хайям – өте аз өлеңмен ең көп танымалдыққа жеткен адам. Өйткені оның рубаилары жай өлең емес, шын мәнінде дүниетаным, философия және ой толғау болып табылады.

Омар Хайям рубаиларының аудармасы

 

Омар Хайям 83 жасында дүниеден озып, Нишапур қаласында жерленді. Нишапур Иранның солтүстік-шығысында орналасқан. Ұлы ойшылдың жерленген жері өте қарапайым болған. Тек 1956 жылы көрнекті ирандық сәулетші Хушанг Сейхунға Омар Хайямның кесенесін жобалап жасау тапсырылды. Ол кесенені салуда Омар Хайямның үш қырын, яғни математик, астроном және ақын екенін жақсылап көрсетуге тырысты. Бұл кесене сырттай дәруіштің қалпағы мен кесілген алмас сынығына ұқсайды. Кесененің биіктігі 22 метр. 10 бағаннан тұрады. Бағандар бір-бірінен 5 метр қашықтықта орналасқан. Омар Хайям кесенесі Нишапурдың ең тартымды туристік жерлерінің бірі әрі Иранның заманауи сәулет өнерінің көрнекті үлгісі.

Омар Хайям кесене-кешенінің ауданы 20 000 шаршы метрді құрайды. Онда кітапхана, мұражай және қонақ үй бар. Сондай-ақ аулада хәкім Омар Хайямға ескерткіш орнатылған.

 

Музыка саласында осы ақынның атымен аталған әдемі мәдени рәсімдердің бірі «Хайям өлеңдерін оқу» деп аталады. Бұл рәсім Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысында кең таралған. Шын мәнінде  Хайям өлеңдерін оқу тек өлең және музыкамен өтетін кеш емес, өмір сүру философиясы және әр сәтті олжа санауға үйрететін сабақ.

Иранның оңтүстігі – өте серпінді аймақ. Бұл аймақтан музыканың кез келген түрін табуға болады. Бушердегі Хайям өлеңдерін оқу басқа поэзия кештеріне қарағанда шаттыққа толы. Омар Хайямның көзқарасынша, әлем – өткінші мекен.  Әр адамға өмір сүріп, дүниеден өту үшін қысқа мерзім беріледі. Сондықтан әр сәтті бағалап, әр күнді шаттықпен өткізген дұрыс.

Бушер тұрғындары көне дәстүр бойынша Хайямның өлеңдерін жеке орталарда және ер адамдар жиынында оқиды. Алдымен жиынның үлкені кіріспе ретінде Хафиз немесе басқа атақты ақыннан бір өлең оқиды. Содан соң қонақтар біртіндеп хорға қосылып, дағыра және сыбызғының сүйемелдеуімен Хайямның өлеңдерін бірге әндетіп оқиды. Үйлесе қол соғып, суырып салып өлең шығару –  жиынның бір бөлігі. Бұл рәсім «Хайям өлеңдерін оқу» немесе «Хайями» деп аталады. Шаттана күліп, билеу оңтүстіктегілердің жергілікті тілінде «язла» деп аталады. Ол кез келген рәсімді шырайландыра түседі. (Үйлену тойы мен аза тұту рәсімінде «язла» екі қырлы қолданыс аясына ие) Осылайша сәт сайын өмір сүру философиясын еске салады. Сонымен қатар  флейта, дағыра және сыбызғы осы шаттық жиынында ойналады. Нишапурдан Бушерге дейінгі халық арасында Хайям өлеңдерін оқу рәсімі философиялық мәнге ие шаттыққа толы рәсім ретінде ыстық ықыласқа ие. Бағдарламаның жалғасында Иранның оңтүстігінде Хайям өлеңдерін оқу үлгісін тыңдаңыздар.

Хайям былай дейді:

ی دوست بیا تا غم فردا نخوریم

وین یکدمه نقد را غنیمت شمریم

فردا که ازین روی زمین  درگذریم

با هفت هزار سالگان سر بسریم

.........

Ей, дос, кел, ертеңгіні қайғырып қайтесің

Осы қолда бар демді олжа санайық.

Ертең жер бетінен кетіп,  

Жетімыңжылдықтарға қосыламыз.

..........

،O friend, come, let us not consume tomorrow's grief

:and let us count as gain this one moment's cash

tomorrow when we pass away from the face of the earth

we shall be level with those of seven thousand years ago

*******************************

(Come, my love, let sorrow go

,the sadness of tomorrow,

and the time-plundered moments

,spend them while life flows

.There will be tomorrow

when we leave old haunts behindand

travel side-by-side

seven thousand years in time)