Ибраһимдік қажылық
(last modified Sun, 03 Jul 2022 06:33:15 GMT )
Шіл 03, 2022 12:33 Asia/Almaty
  • Ибраһимдік қажылық

Бүгінде біз Ибраһимдік қажылық деп атайтын рәсімдер жай ғана ғибадат емес, әлемдегі барша мұсылмандар арасындағы шынайы бірлікке арналған жаттығу.

 

Мейірімді және Рақымды Алланың атымен

Тур тауы мен ашық әрі кең парақта жазылған Кітаппен және сол Бейт әл-Маъмурмен ант етемін. (Төртінші аспандағы Бәйт әл-Маъмур (Алланың Үйі) - Қағбаның дәл төбесінде, аспандағы оның көшірмесі). Алланың үйінің барлық қажыларына, ихрамға енгендерге және тәуәп еткендерге, адамдар мен періштелерге - сәлем.

Имам Саджад (ғ.с.): «Періштелер жер бетіндегі адамның халифатына наразылық білдіріп, Раббыларына әрқашан мойынсұнатындарын жариялаған заман басталды. Періштелер жердегі адам халифатына наразылық білдірді. Сонда Алла олардың надандықтарын аңғартты»,- деді. «Бәйт-әл-Маъмур» немесе Алланың мекені туралы Құран Кәрімде айтылды, бұл тәуәп періштелердің жер бетіндегі адамның халифатына наразылық білдіруінен басталған. Содан соң Алла Тағала жер бетінде жаратқан барлық адамдар періштелер сияқты осы үйді тәуап етіп, оның мейіріміне, кешіріміне жақындауы үшін періштелеріне жер бетінде оған Бәйт әл-Маъмур сияқты үй салуды бұйырды.

 

Тарихта «Қағба» Аллаға құлшылық етіп, жалбарынатын орын болған. Бірақ бұл сүннет тарихтың кезеңдерінде ауытқуға ұшырады және әр уақытта мұндай бұзылуларды түзету үшін Алланың пайғамбарларының бірі келді. Хазірет Нұх, хазірет Ибраһим, хазірет Мұса, хазірет Иса және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)  адамдарды ырымдар мен елестерден құтқаруға тырысып, адамдардың тағдырынан шайтандарды алыстатты.  

Хазірет Нұх ұзақ жылдар бойы адамдарды тура жолға салуға тырысты. Бірақ оның заманындағы адамдардың көпшілігі адасқан еді. Сол кезде жер бетін үлкен дауыл басып, кәпірлерді істеген істері үшін жазалады. Осыдан кейін өмір қайта ағып, діндар ұрпақтан адамдар жер бетіне таралды. Бірақ шайтан өзінің азғыруларын жалғастырып, адасу мен ырымдарды таратады. Хазірет Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар болып жіберілген кезде де адамдар Алланың орынына, өз қолдарымен тастан және ағаштан жасаған жалған пұттарға табынатын. Хазірет Ибраһим (ғ.с.) пұттарды сындырып, Алланы мадақтайтын орын болу үшін Қағбаны қайта тұрғызды. Ұлы Исмаил (ғ.с.) екеуі Алланың бұйырғанындай ихрам киіп, қажылық амалдарын орындағандардың бірі болды.

Ислам пайда болғанға дейін Қағба кітап иелері, яғни Мұса пайғамбар мен Иса пайғамбардың ізбасарлары үшін қасиетті орын болған. Тіпті ирандықтар да Қағбаны зиярат етіп, бұл үйге қымбат сыйлықтар сыйлайтын. Ислам діні келгенге дейін бірнеше ғасырлар бұрын Меккенің ақсақалдары Қағбаның айналасына пұттар қойып, оларға табыну мен құрмет көрсету бірте-бірте қажылық рәсімдерінің бір бөлігіне айналды. Бұдан басқа, көптеген жылдар ішінде бұл рәсімдерге басқа ауытқулар да қосылды. Мұхаммад ибн Абдулла  (с.ғ.с.) Араб түбегінде пайғамбар болып сайланғанда надандық, ырымшылдық пен пұтқа табынушылық халық өмірінің ажырамас бөлігі болды. Исламның ұлық пайғамбары Меккені жеңгеннен кейін сахабаларының көмегімен, әсіресе сүйікті немере ағасы  және мұрагері хазірет Әлидің (ғ.с.) көмегімен Алла үйін пұттардан тазартты, халықтың ойынан ырымшылдықты алып тастап, Мұсылмандарға шынайы Ибраһимдік қажылық рәсімдерін үйретті. Алла Тағала бұл дінді «Қажылық» сүресінде енгізгеннен кейін оны өзінің белгілерінің бірі ретінде енгізді. Бұл белгіні еске алу тақуалығынан.

Қағба қажылық кезінде

 

Бүгінде біз Ибраһимдік қажылық деп атайтын рәсімдер жай ғана ғибадат емес, әлемдегі барша мұсылмандар арасындағы шынайы бірлікке арналған жаттығу. Қажылық – әрі кішіпейілділік, әрі жалғыз Алланың алдында құлдық таныту, әрі мұсылмандардың бірлігі мен бауырластығының көрінісі. Бұл үлкен жиында бай мен кедей, ақ нәсілді мен қара нәсілді, бәрі бірге. Кез келген ұлттан, рудан, нәсілден, ұлттан шыққан мұсылмандар бір мақсатпен бір әрекет жасайды.

Сафа мен Маруа арасындағы сағи

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылман халықтары қажылық мұхитына ағып жатқан өзендей құйылып, тауһид туының астында біртұтас ұлт болып өмір сүруді бейнелейді. Қажылық күндері мұсылмандардың жүрегін бір-біріне жақындата түседі. Негізінде, қажылық – Исламның осы бауырмалдық пен жақындықты тудыратын бағдарламасы. Бұл жүректерді біріктіретін нәрсе – «тауһид пен бірлік хабары; Алланың тауһиді және үмбеттің бірлігі». Қажылық рәсімі – біртұтас ұлттың қоғамдық өмірінің бір көрінісі және исламның кемел көрінуіне мүмкіндік. Исламның көптеген қыры бар. Олардың бірі – мұсылмандар арасындағы бірлік, бауырластық, сүйіспеншілік. Бірақ Исламның тағы бір қыры – зұлымдықпен күресу және жәбірленгендерді қорғау. Қажылық  мүшріктерден алыстауға, залымдардың зұлымдығынан сақтануға мүмкіндік береді. Бұл күрестің символы – шайтанды таспен ату дегенді білдіретін «Рами Жамарат» деп аталатын рәсім.

«Рами Жамарат» (шайтанды таспен ату дегенді білдіреді)

Кейбіреулер ғибадатты саясатпен ластамау керек деген пікірде. Олар Исламның құлшылықпен бірге мазлұмға қолдау көрсету, залыммен күресу  екенін білмейді немесе білгісі келмейді. Мазлұмды қорғау – міндет әрі діни парыз. Бұл қорғаныс пен күрес саяси жұмыс, бірақ бұл саясат Ислам ілімінің аясында. Сондықтан қажылық рәсімдері кезінде мұсылмандар мүшріктерден алыстауын білдіріп, Палестина, Йемен және әлемнің басқа да жәбір көрген халықтарын қолдайтындықтарын жариялап, саяси жұмыстар атқаруда. Бірақ бұл саяси жұмыс олардың діни парызын өтеумен және құлшылықпен бірдей.

Тауһидке сену және Алланың жалғыздығын мойындау, бірлік пен  тұтастықпен бірге барлық жалған тәңірлерді теріске шығару  мұсылмандардың абыройы мен беделінің себебі болып табылады. Қажылық рәсімі бұл жолдауды жыл сайын өзінің үлкен жиыны түрінде бүкіл мұсылман әлеміне жеткізеді. Сонымен бірге, қажылық рәсімдері жеке адам мен жамағаттың басын біріктіретін толық жиынтық болып табылады. Қажылар барлық материалдық ойын-сауықтардан бас тартып, Алламен оңаша сырласады. Бірақ бұл сырласу жеке емес, қауымның ортасында. Бұл Алламен шынайы оңаша болу – Ислам үмбетінің ұлы денесіне сенім артумен бірдей. Қажылар бір жағынан ақиқаттың алдында қарапайым болса, басқа жағынан жалғандыққаа қарсы нық тұрады. Олар ақыретті қаншалықты ойласа, дүниені жақсартуды, дүниедегі мазлұм мен жәбір көргендерге көмектесуді ойлайды. Исламда бұл дүние ақыреттен бөлек емес, жеке адам жамағаттан бөлек емес, қажылық рәсімдері де осы ілімдердің кемел көрінісі. Бұл ілімдердің қосындысы адам мен адамзат қоғамының бақытына әкеледі. Қажылық – адамдардың бақытқа жетуі мен құтқарылуына арналған жаттығу.

 

 

 

Тегтер