Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған күн
Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шиіттердің он екі пәк имамының он бірінші имамы (ғ.с.). Ол хиджра-қамари күнтізбесінің 232 жылы раби әс-сани айының 8-ші жұлдызында Мәдина қаласында дүниеге келген және оның тегі имам Әлиден (ғ.с.) тараған.
Имам хасан Аскаридің (ғ.с.) әкесі имам Хади (ғ.с.) болса, уәде етілген Мәһди (ғ.с.) - оның ұлы. Аббаси халифалары имамдардың халық арасындағы беделінен үнемі қорқатын. Осы себепті олар не түрмеге жабылды, не үй қамауда қатаң бақылауда болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) әкесі имам Хадимен (ғ.с.) Самареға әкелінген кезде небәрі екі жаста еді және олар Самераның шын мәнінде әскери аймақ болған және «Аскар» деп аталатын бөлігіне қоныстанды. Екі имамның (ғ.с.) осы әскери аймақта тұруы оның «Аскараин» деп аталуына себеп болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) 20 жыл әкесінің қасында болып, имамдық парыздарын орындауға көмектесті. Имам Хади (ғ.с.) Аббаси халифаларының түрмесінде шәһид болғаннан кейін имам Хасан Аскари (ғ.с.) Ислам үмбетінің басшысы болды және алты жыл бойы осы аманаттың жүгін көтерді. Бұл кезеңде Аббасидтердің үш халифасы кезектесіп билік жүргізді. Мотаз, Мохтади және Мотамед, олардың соңғысы жиырма үш жылдай билік етті. Мохтади мен Мотаз Аббаси имам Хасан Аскариді (ғ.с.) түрмеге қамады, бірақ Мотамед билікке келген кезде шииттер тарапынан көптеген көтерілістер болып, Мотамед оларды тыныштандыру үшін имамды түрмеден босатуға мәжбүр болды. Бірақ Мотамед те оларды сол әскери аймақта бақылауда ұстап, оларды апта сайын билік сарайына шақыртты.
Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өзінің әкесі сияқты халифалардың барлық қадағалауы мен қатаңдығына қарамастан шиіттермен қарым-қатынасын әрдайым сақтап қалды. Имам Садық (ғ.с.) заманынан бері имаммен байланыс өкілдері желісі арқылы жасалды. Бұл құпия желінің қызметі имам Хасан Аскари (ғ.с.) кезінде күшейді. Өйткені оның кезінде шииттер бүкіл Ислам әлеміне тараған болатын. Шиіттердің жиналатын орталықтарының кеңеюі мен таралуы бір жағынан шиіттердің имаматпен байланысын, екінші жағынан олардың бір-бірімен байланысын орнату үшін тұрақты байланыс ұйымының болуын талап етті. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шиіттердің көрнекті қайраткерлері мен көрнекті тұлғаларынан өкілдер таңдап, оларды көптеген салаларға тағайындады және осылайша ізбасарларымен байланыста болды.
Өкілдер ұйымы имам (ғ.с.) мен оның адал серіктерінен тұратын ұйымдасқан топ болды, ол имамдық мақсаттары мен үмбеттің имаммен қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін құрылған. Бұл құпия ұйымның ең маңызды қызметі – адамдар мәселелеріне жауап таба алатын адамдарды таныстыру болды. Олар имам (ғ.с.) жоқта халықтың мәселесін шешіп, діни сұрақтарына дұрыс жауап бере алатындар. Осылайша, имам Хасан Аскари (ғ.с.) жасаған ең маңызды істердің бірі – Ислам қауымын имам Мәһдидің (ғ.с.) жоқтығын қабылдауға дайындау болды. Олар діни ілім бойынша, пәк имам (ғ.с.) болмаған кезде шиіттерге өздерінің әлеуметтік және діни мәселелерін шешу жолдарын үйретуге тырысты.
Имам Хади (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін шиіттердің көпшілігі имам Хасан Аскариді (ғ.с.) имам деп таныды, бірақ кейбіреулері имам Хадидің (ғ.с.)- басқа ұлы Джафар Казабты өз имам деп атады. Сондай-ақ кейбір адамдар имам Хади (ғ.с.) тұсында дүниеден өткен сейіт Мұхаммадтың имамдығына сенді. Шииттер имам Хасан Аскариден (ғ.с.) имамдығына күмәнданбаған. Имам (ғ.с.) мұндай әрекеттердің жалғасуын илаһи нығметтерден мақрұм қалуға себеп болатын факторлардың бірі деп санаған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, осы шүкірсіздік пен нығметтерге күпірлік, ақыры шиіт қауымын пәк имамның (ғ.с.) бар болу нығметінен айырған шығар.
Бұл күмәндар имам Хадидің (ғ.с.) көптеген хадистер мен хаттарда өзінен кейінгі имамдарды анық таныстыруына себеп болды. Алламе Маджлиси өзінің «Шариф Бихар әл-Анвар» кітабының 50-ші томы, 239 бетінде имам Хадидің (ғ.с.) хадисін келтірген. Бұл хадисте былай деп айтылды: «Менен кейінгі имам – Хасан, ал Хасаннан кейін жер бетін зорлық-зомбылыққа толғандай әділеттілікке толтыратын ғайып имам (ғ.с.). Сондай-ақ шиіт теологтарының бірі шейх Муфид имамдардың (ғ.с.) тарихын баяндап, «Аршад» деп атаған кітабында оннан астам рауаят пен хаттар келтірген. Ол үнемі шиіттерге исламның дұрыс ілімдерін үйретуге тырысты. Осы мәселелердің бірі жылдар бойы айтылып келе жатқан «Алланың тәндігін жоққа шығару» туралы пікірталас болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) тұсында бұл айырмашылық айтарлықтай өсті. Сахабалардың бірі имамға хат жазып, одан осы мәселеге жауап сұрайды. Имам бұған жауап ретінде жаратылыс мәселелеріне терең бойлап, одан кейін Құран аяттарына сілтеме жасап: «Алла бірегей; ол тумаған да, туылмаған да, оларға тең емес. Ол жаратылыс емес, жаратушы. Ол денелерден және басқа нәрселерден қалағанын жаратады, ол дененің өзі емес... Оған ұқсайтын ешнәрсе жоқ, Ол естуші және көруші»,- деді.
Имам Аскари (ғ.с.) көптеген шәкірттер дайындады. Шейх Туси (р.а.) хазіреттің 100-ден астам шәкіртін тіркеген. Имам (ғ.с.) Құранның тәпсіріне де көп көңіл бөлген және имамдардың ең көне тәпсірлік мұраларының бірі оған тиесілі тәпсір кітабы болып табылады. Ақыры, алты жыл имаматтан кейін имам Хасан Аскари (ғ.с.) жиырма сегіз асында хиджраның 260 жылы рабиул-әууәл айының сегізінші күні Аббасид халифасының қолында шәһид болды. Бұл күн Самера қаласы үшін аза күн болды. Базарлар жабылып, халифтерден қорқып, имамға деген сүйіспеншіліктерін жасырған шиіттер жылап, имамның үйіне қарай жөнелді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) Самера қаласында өмір бойы түрмеде болған үйде, ардақты әкесінің кесенесінің жанына жерленді, содан кейін Заманның пәк имамының (ғ.с.) жоқтық кезеңі басталды.