Батыстың Иранға қарсы кең тараған БАҚ соғысы сәтсіздікке ұшырады
Әлеуметтік желілерде жауапкершіліктен бас тарту мен жауапкершіліктің жоқтығынан өтірік айту және өсек тарату және ИИР-на қарсы өзгертілген зорлық-зомбылық және арандатушылық бейнелерді жариялау ауқымы әлдеқайда кең болды.
Бүгінгі таңда Батыс үкіметтерінің, әсіресе АҚШ-тың әлемдегі заңсыз мүдделерін қамтамасыз ету, тіпті үкіметтерді құлату үшін ең маңызды құралдарының бірі – бұқаралық коммуникация. Түсті революциялар АҚШ-қа қарсы үкіметтерді құлату үшін бұқаралық ақпарат құралдарының билігін теріс пайдалану мысалдары болып табылады. Осы анықтамамен Американың үстемшіл саясаттарына және сионистік режимнің басқыншылығына қарсы шығып, езілген және басып алынған халықты қолдайтын Иран Ислам Республикасы сөзсіз Батыс ақпарат құралдарының ең маңызды нысанасы болып табылады. 1979 жылы Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен кезден бастап Ислам Республикасы мен Иран халқына қарсы кеңінен насихат жұмыстары басталды. Бірақ соңғы 15 жылда бұл үгіт-насихаттар артты. Тек 360-тан астам парсы тіліндегі телеарналар ирандықтардың өмір салты мен діни сенімдерін өзгертумен қатар, оларға өз елдерінің жағдайының қараңғы және бұрмаланған келбетін көрсетуге тырысуда. Бұл желілер виртуалды кеңістікте де жұмыс істейді және өз бағдарламаларын ғаламторда ұсынады. Сондай-ақ ғаламторда Иранға қарсы түрлі жолдармен, соның ішінде мәтін, фото, аудио және бейнежазбалар арқылы кең ауқымды насихат жүргізіледі. Бір елге қарсы мұндай үгіт-насихат әлемде бұрын-соңды болмаған деп айтуға болады. Өткен жылдарда Иранда ең кішкентай оқиға мен толқулар орын алған сайын, ИИР-на қарсы шыққан парсы тіліндегі желілер бұл туралы кең көлемде үгіт жасап, халықтың кәсіподақтық және экономикалық наразылықтарын асыра сілтеп, оларды адастыруға тырысты. Сөйтіп барлық елдерде болып тұратын халық жиындарын заңсыз мақсаттары үшін пайдалануға талпынды.
Өткен 16 қыркүйек айының 16-да полиция күштерінің уақытша ұстау изоляторында Махса Амини есімді жас қыздың өлімі Иран халқына қатты әсер етті. Бірнеше сағаттың ішінде шетелдік парсы тіліндегі арналар ешқандай дәлелсіз және себепсіз оның полиция күштерінің зорлық-зомбылығынан қайтыс болғанын хабарлады. Бұл жаңалыққа сенген кейбір адамдар бірнеше қалада шерулер ұйымдастырды. Бұл жаңалыққа сенген кейбір адамдар бірнеше қалада шерулер ұйымдастырды.Полиция күштерінің қауіпсіздік камераларының бейнежазбалары, сондай-ақ сарапшы дәрігерлердің егжей-тегжейлі тексерулері Амини ханымның өлімі оның ауруына байланысты екенін және оған ешқандай зиян тигізбегенін көрсетті. Бірақ қарсы ақпарат құралдар фактілерді жасырып, өтірік айтып, Иранда тәртіпсіздік тудырды. Бір ирандық азаматтың өліміне байланысты жасалған бұл бұрын-соңды болмаған үгіт-насихат шабуылында Ислам республикасын құлатуға, кейде Иранды ыдыратуға тырысқан барлық бұқаралық коммуникация құралдары тамаша үйлесіммен жұмыс істеді. Бұл арада Ұлыбритания үкіметіне тиесілі «ВВС» парсы телеарналары, Сауд Арабиясы үкіметінің бюджетімен басқарылатын «Iran International» және Англиядан хабар тарататын «Manoto» телеарналары халықты арандатуда маңызды рөл атқарады және Иранда наразылықтар мен зорлық-зомбылықтарға итермеледі. Бұл желілер осы кезеңде БАҚ-тың бейтараптығы қағидасын мүлде елемей, бар мүмкіндіктерімен Иранға қарсы үгіт-насихат шабуылын бастады. Ирандағы демонстрациялар туралы жалған және асыра хабарларды ұсыну арқылы олар Иранды тұрақсыз етіп көрсетумен қатар, адамдарды көше шерулеріне қатысуға шақыруға тырысты. Бұл митингілердің мыңдаған фотосуреттері мен бейнежазбалары көрсетілді, олардың көпшілігі қайталанып, кейде өткен жылдардағы басқа елдердегі демонстрацияларға тиесілі болды. Бұл психологиялық соғыс виртуалды кеңістікте дәл сол әдістермен, сондай-ақ осы ортада бар басқа құралдармен қарқынды жүргізілді. Әлеуметтік желілерде жауапкершіліктен бас тарту мен жауапкершіліктің жоқтығынан өтірік айту және өсек тарату және ИИР-на қарсы өзгертілген зорлық-зомбылық және арандатушылық бейнелерді жариялау ауқымы әлдеқайда кең болды.
Иранға қарсы жасалған твиттер, пікірлер, жалған жеке аккаунттар мен контенттердің шығу тегінің мониторингі олардың Израильде, Сауд Арабиясында және Албаниядағы «Моджахедин халқ» лаңкестік ұйымының штаб-пәтерінде Иранға қарсы кибер әрекет үшін құрылған орталықтарда дайындалғанын көрсетеді. Мысалы, жақында американдық CNN жаңалықтар желісі: «Сараптама көрсеткендей, Мехса Амини деген хэштег 52 миллион твит алған. Сарапшылардың пікірінше, бұл твиттердің кейбіріне шолу роботтардың қатысуы мүмкін екенін көрсетеді. Талдаулар көрсеткендей, наразылықтарға қатысты твиттердегі хэштегтер наразылықтар басталғаннан бері көптеген жаңа аккаунттар ашты»,- деп мойындады. Махса Аминидің өлімін сылтауратып Иранға қарсы үгіт-насихат шабуылы және одан кейін ИИР-на қарсы әйелдердің құқықтарын бұзды деп айыптау болса, көптеген құжаттарға сәйкес ирандық әйелдер революциядан кейін әртүрлі, атап айтқанда білім алу, денсаулық сақтау, қоғамдық белсенділік, азаматтық бостандықтар мен адамның қадір-қасиеті салаларда айтарлықтай өсті. Басқа жағынан, бұл ақпарат құралдар Батыста, әсіресе АҚШ-тағы полицияның көптеген әйелдерді өлтіруін елемейді. Сондай-ақ Амини ханымның өлімінен бірнеше күн бұрын ирандық тағы бір күрд әйел зұлым адамның зорлық-зомбылығына ұшырап, терезеден секіріп, қайтыс болды. Бірақ әйелдер құқығын қорғаймыз деген БАҚ бұл жаңалыққа көңіл бөлмеді. Осы арада Ауғанстанда лаңкестік әрекеттің салдарынан жиырма беске жуық оқушы қыздың өлтірілуіне парсытілді ақпарат құралдары назарын аудармады. Олар тек Иранға қарсы үгіт-насихатпен айналысты. Бұл екіжүзді ұстанымдар бұл ақпарат құралдары мен олардың үкіметтері үшін әйелдердің құқықтарын қорғау Ислам республикасы жүйесімен қарсыласу үшін сылтау ғана екенін көрсетті.
Махса Амини қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, шетелдік ақпарат құралдарының шиеленіс пен толқулар тудыруға тырысып жатқаны, тіпті осы сылтаумен Иранның ыдырауын қолдайтыны белгілі болған кезде, жиындарға қатысқан санаулы адамдар сақтықпен наразылық шараларын жалғастырудан бас тартты. Бұл ақпарат құралдары ИИР-ның бет-бейнесін жойып, халықты наразылық акциясын жалғастыруға шақыру үшін теледидар мен киберкеңістікте көптеген жалған жаңалықтар, суреттер мен бейнелер таратқан. Олардың қулықтары арасында суицид, ауру сияқты факторлардың кесірінен бірнеше қыздың өлтірілгені, олардың кейбірі тірі, тағы бірнешеуі басқа жерлерде қайтыс болғаны туралы жалған хабар тарату болды. Алайда халық бұл жаңалықты қолдамады. Иранда болып жатқан ақиқат – алдын ала дайындалған, шектен тыс зорлық-зомбылық, қоғамдық және жеке меншікке көп зиян келтіретін шашыраңқы және шағын тәртіпсіздіктерге жетекшілік етуі болды. Наразылық білдірушілердің кейбіреулерінде суық қарумен қатар ыстық қару да болған. Бірақ шетелдік БАҚ пен виртуалды кеңістік наразылық білдірушілердің саның үлкейтіп көрсетіп, оларды зорлық-зомбылық әрекеттеріне жауап ретінде көрсетпек болды. Иран полициясы бұл адамдарға барынша шыдамдылық танытты және олар басқалардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндірген кезде ғана араласты. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осы оқиғаларға қатысты ұстанымында полиция күштерін мадақтай отырып: «Әрине, бұл оқиғада да басқа оқиғалардағыдай халық толықтай күшті болып көрінді. Болашақта да солай болады»,-деді.