Қажылық – пенделік уақыты (6): Арафа күні
Арафа – адасу мен қараңғылықтың қисық жолынан нұрдың даңғыл жолына мистикалық қайта оралу күні.
Зилхаджа айының тоғызыншы күні - Арафа күні. Қажылар иман, кішіпейілдікке толы атмосферада Жаратушыдан кешірім сұрап, қажылық парызын өтеу үшін таң ата Арафатқа аттанатын күні.
Арафат жері Меккеден солтүстікке қарай шамамен 24 шақырым жерде орналасқан. Қажылар Арафа күні (зилхаджа айының тоғызыншы күні) түстен кейін сол күні күн батқанға дейін Арафат жері тұру үшін сегізінші күні түстен кейін Арафатқа аттануы керек. Ихраммен Қағба тарапынан өзін, достарын, жаулары мен шайтандарын, табиғат әлемін тану және ең бастысы Алланы тану үшін Арафат жеріне бер алдық. Арафатқа жеткенде, сіз құрғақ және кең шөлге тап боласыз және барлық сананы «мына құрғақ шөлде тұрудың мәні неде?» деген сұрақ толғандырады.
Қажылық мақсаттарын зерделей келе, қажылықтың рухы оның құпиясында жасырылғанын, рухсыз дененің ешқашан тиімді және пайдалы бола алмайтынын оқимыз және Құран аяты бойынша: «Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан». Сондықтан илаһи әмірлерді толық пайымдаумен және мұқият зерделеп, оларға амал етуіміз керек. Енді Арафада тұруымыз керек. Тоқыраудың орнына өзгеріске, қозғалысқа және алға ілгерлеуге шақыратын негіз. Арафа – адасу мен қараңғылықтың қисық жолынан хидаят пен нұрдың даңғыл жолына мистикалық түрде қайтатын күн. Ақиқатты түсіну күні.
Уақф – кешігу, қалу, ойлану және ойлау дегенді білдіреді. Өйткені адам ешбір әрекет жасамай, бір жерде біраз тұра қалса, еріксіз ойланады. Әлеуметтану тұрғысынан алғанда, бұл жер мен ондағы мекен – дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандар осы бас қосу орталығында Адам ата мен Хауа ана сияқты бір-бірін танитын жер. Және бұл жол арқылы олар бірлік пен ынтымаққа қол жеткізіп, Ислам әлемінің мәселелерін солардың көмегімен шешеді.
Ыстыққа шыдамдылық танытып, қажылар тігілген шатырларда қалады. Осы кезде керуеннің діни азаматы сөз бастайды: «Құрметті қажылар, Арафатта тұру – қажылық парызының бірі. Қажылар бір-бірін осы өлкеде танитындықтан, бұл күн Арафа, бұл жер Арафат деп аталады. Дәл осы жерде хазірет Ибраһим (ғ.с.) шайтан мен оның азғыруларын жақсы танып, илаһи парызын өтеуде кедергі жасамас үшін Минада оны таспен қуып жіберді. Адам (а.с.) да жұбайы Хауа ананы осы жерде кездестіріп, ата-бабасының күнәсі мен тастандылығын дәл осы жерде түсініп, мойындаған. Имам Хусейн (ғ.с.) да отбасы мен достарының арасында оқыған дұғасымен Алла Тағаланы сұлулықпен және біліммен сипаттап, оны басқаларға танытты». Ол әлі сөйлеп жатыр, бірақ мен оның дауысын аз естимін. Менің ойымша, Ислам мәдениетінде білімсіз ғибадат құрғақ ғибадатпен бірдей, бұл пайдалы емес, көп жағдайда адастырып, нұры мен қуанышы жоқ.
Осыған сүйене отырып, имам Садықтың (ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Бір жыл ғибадат еткеннен бір сағат ойланған артық»,- деп айтылды. Қажының Арафатта тұру арқылы өзін тануы және өзін тану керектігі айтылады. Және ол өз ісін қайта есеп-қисап үшін осы жерге шақырылғанын біліп, ойланып, таухид пен көпқұдайшылықты теріске шығаруды бүкіл болмысына орналастыруы керек. Хазірет Хақпен илаһи сипаттардың бейнесі болып, илаһи бояуларға ие болу үшін келісім жасауы керек. Сондықтан, Мина елінде сыртқы шайтанды жеңуден бұрын, ол ішкі шайтанды жылау мен көз жасының қаруымен үйретуі керек.
Қажы шайтан мен бұзықты танып-біліп, онымен күресудің жолын табуы керек. Шайтан кейде бар амалын қолданып бізді алдауға тырысады, сондықтан ол жол шайтанның жолы болса да, біз Мейірімді Алланың жолында жүріп жатырмыз деп ойлаймыз. Құран Кәрімде ең зиянды адамдарды жақсылық істеп жатырмын деп ойлайтындар деп санайды: «Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды».
Арафат қасиетті кесене аумағынан тыс жерде болғандықтан, қажылар кіреберісінде Қағба тұрған қасиетті орынға жол табу үшін дұға оқып, Алламен сырласып, мұқтаждығын айтап, күнәлардан тазаруы керек және Алланың үйіне кіруге лайықты болуы қажет. Демек, Арафат елі құлшылық пен дұғаның символы әрі көрінісі. Ғибадаттың негізі, мүміннің қаруы, дертіне оқылған, адам тағдырында шешуші рөлге ие болған - дұға. Арафа күніндегі намаздың маңыздылығы соншалық, бұл күні қажыны әлсіздік сезінуіне әкеліп соқтырмаса ораза ұстау ұсынылады.
Хадистерге қарағанда, Арафаттағы мейірім мен кешірім мейірім мен кешірім айы саналатын қасиетті Рамазан айымен пара-пар. Олар айтқандай: «Кімде-кім Рамазан айында кешірілмесе, келесі жылдың Рамазанына дейін Арафатта болмаса, кешірілмейді».
Арафат періштелердің мекені және Алланың пайғамбарларының аяқ жолы және имам Хұсейн (ғ.с.) Арафа дұғасын оқыған кездегі көз жасымен берекелі болды. Арафа намазымен өзін-өзі тану, Алланы тану, пенденің Аллаға деген сүйіспеншілік қарым-қатынасының негіздерін үйренді. «Уа, Раббым, нығмет берген, жақсылық жасаған, кемелдікке жетелеген, ризық берген, табыс еткен...Өзіңсің. Қателесіп, надан, немқұрайлы, қателескен мен едім. Қателесіп, теріс жолға түсіп, келісімді бұзған мен едім...». Уа, Алла! Жасқа толы көзіммен Өзіңді шақырамын. Уа, Алла! Мен сені Арафат шөліндегі құлдарыңның тазалығына, қажылардың күш-жігеріне шақырамын. Уа, Алла! Менің сенің алдыңдағы жалғыз байлығым – қабыл еткен дұға. Осы алыстағы құсты табалдырығын тоздырып, білім мен махаббатқа жетеле.
Керуендердің дауысынан есімді жидым. Күн шығып, қажылар Машаар мен Минаға баруы керек. Бұл қысқа және бірнеше сағаттық тұру маған дүние өміріндегі қысқа уақытты және осы шектеулі үйде адам саяхатшысы болуды еске түсірді.
Имам Саджадтың (ғ.с.) бұл сөзі жүрегімізді үміт пен шынайы мейірімге толтырған кезде біз қажылармен бірге жүреміз. Имам Саджад (ғ.с.): «Арафа кеші мен 10-шы күннің түскі уақытында қажылар Минада болған кезде Алла тағала періштелерді мадақтап: «Бұлар менің алыс-жақыннан көптеген қиындықтармен келген құлдарым. Олар өздеріне көптеген ләззаттарды тыйған. Олар Арафат пен Мина шөлдерінің құмында ұйықтап жатыр. Осылайша шаң басқан жүздерімен менің алдымда өздерінің әлсіздіктерін, қорлығын білдіреді. Енді мен оларды көруге рұқсат етемін. Сонда Алланың рұқсатымен ақиқат періштелері олардың жүректері мен жасырын сырларынан хабардар болады».