Иран: Бозсина тауы (192)
Maм 15, 2024 13:40 Asia/Almaty
Бозсина тауы (Bozsina) Ашнавие мен Урумие аудандарының ортасында Иран, Ирак пен Түркия шекарасына жақын жерде орналасқан.
Шекара маңында орналасуы және таулы өткелдердің қиындығы мұздықтардың көбірек сақталып қалуына себеп болды. Жергілікті диалектіде "Бозсина" мұз кеуде деген мағына береді. Таудың биіктігі 3480 метр. Өсімдік жамылғысы Загрос таулы сілемінің басқа тармақтарына ұқсас. Мұнда қоңыр аю, қасқыр, түлкі, қорқау қасқыр, жылан, қоян, тауешкі, бүркіт және т.б. жануарлар тіршілік етеді.