Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйленген күні
(last modified Fri, 07 Jun 2024 12:21:09 GMT )
Маусым 07, 2024 18:21 Asia/Almaty
  • Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйленген күні

Зилхадже айының бірінші жұлдызы илаһи тұлғалардың үйленген күнің еске салады. Бұл отбасы басқалар үшін үлгі болып қалыптасты.

Үйленуді әйел мен ердің өміріндегі ең маңызды оқиға деп атауға болады. Отбасының бақытты болуы әйел мен ердің дамуына әкеледі. Үйлену барлық діндерде маңызды саналады. Ислам діні бұл мәселеге басқа діндерден көбірек көңіл бөледі. Үйленудің ең маңызды мақсаты – жанұя құру. Жұбайылардың бір-біріне ғашық болуы мен жаңа өмір үшін ортақ орта құруы әйел мен ердің тыныштығына және олардың кемелдіке жетулеріне себеп болады. Егер отбасы орталығы дені сау және тұрақты болса, ол жеке тұлғалардың болашағы мен қоғамның  жағдайына оң және құнды әсер етеді.  

Зилхадже айының бірінші жұлдызы күні Алла елшісінің көкесінің  перзенті әрі орынбасары хазірет Әли (ғ.с.) әлемнің ең жақсы бануымен неке қиып, Алла Тағала куә ету үшін өзіне ең жақын елшісін жіберді. Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйленуінің берекесі мен олардың өмір сүру тәсілінің әдемілігі сондай әсерін тигізіп, тарихта ұмытылмайтын оқиғаға айналды.  Осыған орай хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйленген күні ИИР-да «Үйлену күні» деп аталды.

Отбасының ортасында бақытты болғысы келген адамдар жақсы үлгіні қажет етеді. Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) өмірі олар үшін ең жақсы үлгі бола алады.  Хазірет Әли (ғ.с.) мен  хазірет Фатиманың (ғ.с.) отбасында барлық мүшелері Жаратушыға ғашық болды. Аллаға ғашық болу сезім бұл отбасыны  илаһи нұрға бөледі. Демек, әдемі илаһи қасиеттер екі жастың болмысында айқын көрінді. Олар маһаббаты және мейірімімен өз үйлерін ерекше көңіл күйге бөледі. Олардың үйлерінде намаз оқып, Алламен сырласатын бөлме болды. Сүнниттердің әйгілі ғұламасы Ибн Аби әл-Хадид: «Әли (ғ.с.) иманы мол ең сопы адам болды. Басқалардан көбірек ораза тұтып, мұстахаб намаздарын оқып, үнемі зікір айтатын адам еді»,- деп жазды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өмірінің ең маңызды сәтінде Алланы ұмытпады. Ол жұбайын жақсы көрді, бірақ Алланың ризалығын одан жоғары санады.  Оның мүнәжәттәрінің бір бөлімінде: «Уа, Алла, өзіңнен басқа ешкім мені жұбата алмайды. Өзіңнен басқа ешкім ашуымды баса айлмайды»,- деп айтылды.

Хазірет Фатима (ғ.с.) бүкіл қадір-қасиеттерге ие болып,  жанұясының бүкіл мүшелерінің әсіресе адамгершілік, жанкештілік, кешірім, қарапайымдылық, басқаларға құрмет көрсету сынды әдемі сипаттарға ие болуын тіледі. Исламның ұлық пайғамбары: «Қызым әлем әйелдерінің көшбасшысы, тәнімнің бір бөлігі, жанарымның нұры, жүрегімінің жемісі, менің рухым. Михрабта тұрып намаз оқыған кезде, жұлдыздардың нұры жердегілерге жарық түсіргендей, оның нұры аспандағы періштелерге жетеді. Алла Тағала періштелеріне: «Періштелерім, менің алдымда тұрып, денесі дірілдеп, шын жүрегінен ғибадат жасап тұрған Фатимаға (ғ.с.) қараңдар, Мен оның жақтастарын тозақ отынан құтқарамын»,- деді»,- деп айтқан болатын.   

Бұл жанұяның мүшелерінің рухы мен өмірі Құранға сүйеніп, ахлағы Құранды үлгі тұтқан. Отбасының әкесі Құранды сондай көп оқып, ола туралы: «Алламен ант етеміз, құрайштың ешбіреуі Құранды имам Әлиден (ғ.с.) көп оқымайтын»,- деп айтылды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Құранды көп оқыған. Ол «Вақие», «Рахман», «Хадид» сүрелерін оқуды қуаттады. Басқа жақтан хазірет Фатима (ғ.с.) отбасы ортасын исламдық тағылымдарды үйрететін ортаға айналдырды. Бұл жерде перзенттері мен халық тәлім-тәрбие алып, діні-ғылыми сыныптар құрылды. Ол әкесі сынды ахлақ тәрбиешісіс және Құран мұғалімі болды. Ол өмірін мейірімі және жанашырлығымен дінді үйретіп, таратуға және дінге иман келтіргендерді тәрбиелеуге арнады. Хазірет Әлидің рауаяттарының бірінде былай деп айтылды: «Күндердің бірі Медине әйелдерінің бірі Фатиманың (ғ.с.) қасына келіп: «Намазға қатысты көптеген сұрақ қоятын қарт анам бар. Ол мені шариғат мәселелерін сізден сұрау үшін жіберді»,- деді. Фатима (ғ.с.): «Сұра»,- деді. келген әйел көптеген сұрақтарын қойып, әрқайсысына жауап алды. Әйел адам сұрақтарының көп болуына ұялып: «Уа, Алла елшісінің қызы көп сұрақ қойып, уақытыңызды алғаным үшін кешіріңіз»,- деді. Фатима: «Тағы сұрақтарыңыз болса, келіп сұраңыз. Кімде-кім ауыр жүкті үйдің төбесіне көтеріп апарып, жұмысы үшін жүз мың дирхам алуға жалданса, ол үшін бұл іс ауыр болады ма? Жоқ ауыр болмайды. Мен де жауап берген әр мәселе үшін жер мен аспанның арасындағы қашықтықтан көбірек сый аламын. Сондықтан бұл іс мен үшін қиын емес».

Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) бірлескен өмірі отбасылық өмірдің кемел үлгісі. Бұл жанұя ортасында жұмысты бөлу илаһи негіздерге сай болды. Үй жұмыстары хазірет Фатиманың (ғ.с.) және үйдің сыртындағы жұмыстар хазірет Әлидің (ғ.с.) мойынында болды. Алла елшісі жұмысты осылай бөлуді ұсынған кезде, хазірет Фатима (ғ.с.) қуанып, Алаға ризалығын білдіріп: «Алла елшісі мені ерлерге қатысты жұмыстардан босатты»,- деп айтты. Әйелдің ең жоғары өнері отбасы мүшелерін Алла харам еткен нәрселерден қорғау және Жаратушымен қатынасын үзбеуді қадағалау болып табылады.  Хазірет Фатима (ғ.с.) бұл өнерді жоғары деңгейіне көтерді. Ол хазірет Әлиге (ғ.с.) жазған соңғы өсиетінде: «Көкемнің перзенті, үйіңе бардым, өтірік айтпадым, қиянат жасамадым,  еш уақытта илаһи бұйрықтарынан асып қадам баспадым»,- деп қуаттады. 

Тегтер