Қарашаның жиырма тоғызы – Палестина халқына тілектестік білдірудің халықаралық күні
Қарашаның жиырма тоғызы Палестина халқына тілектестік білдірудің халықаралық күні деп аталды. Осы күнге орай сіздерге арнайы бағдарламамызды ұсынамыз.
Палестина мәселесі аймақтағы ең ұзаққа созылған тартыс болып табылады. Бұл тартыс – аймақтағы қазіргі басқа да мәселелер мен дағдарыстар сияқты Ұлыбританияның отаршылдық саясаттарының салдары. 20-шы ғасырдың екінші жартысында бұл мәселе АҚШ-тың сионистік режимді қолдауынан кейін шиеленісе түсті. Шын мәнінде, осы тартыстағы үш өзгерісті кезеңді атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде 1917 жылдың екінші қараша күні Бальфур мәлімдемесі жарияланды. Ұлыбританияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Артур Джеймс Бальфур тарапынан жарияланған бұл мәлімдеме алпауыттың сионистік режимді құрудағы талпыныстарының бастамасы саналады. Шынтуайтында, сионистік режимнің құрылуы Ұлыбританияның осы мәлімдемесінен бастау алады.
Екінші өзгерісті кезең БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 181 қарары ретінде көрініс тапқан Бальфур мәлімдемесінің нәтижесіне байланысты. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1947 жылдың жиырма тоғызыншы қараша күні 181-ші қарарды 33 оң, 31 теріс және 10 қалыс дауыспен бекітті. "Палестинаны бөлу" деген атпен де танымал болған бұл қарарға сәйкес, Палестинаның ең құнарлы әрі құнды жерлерінің 54 пайызы мигрант сионистік азшылыққа сионистік режимді құру үшін берілді. Бұл қарар сионистік режимге Палестина жерін басып алуға рұқсат берді. Осы қарар бекітілгеннен алты ай өтер-өтпестен 1948 жылдың он төртінші мамырында сионистік режим басып алынған жерлерде ресми түрде құрылғанын мәлімдеді. Шын мәнінде, №181-ші қарардың нәтижесі Израильдің құрылуының жариялануы болды. Ал бұл мәлімдеме оның жариялануынан бір күн өткеннен кейін араб елдерінің сионистік режимге соғыс ашуына соқтырды. Аталмыш соғыс араб елдерінің жеңілісімен аяқталды.
Палестина мәселесіндегі үшінші өзгерісті кезең 1991 жылғы Мадрид бейбітшілік конференциясынан кейін орын алды. Бұл конференция араб әлемінің сионистік режиммен дұшпандығын тоқтату және араб елдерінің осы режимді іс жүзінде тану мақсатын көздеді. Бұл конференциядан кейін араб елдері мен сионистік режим арасындағы текетірестер азайып, тіпті Оман мен Катар елдерінде осы режимнің сауда кеңселері ашылып, араб елдері Израильмен жасырын дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.
Палестина мәселесіндегі осы үш өзгерісті кезеңнің әр біреуі бұл елге зарар тигізсе, сионистік режимге тек пайда әкелді. Бұл үдеріс сионистік режим құрылғанға дейін Ұлыбритания тарапынан, ал аталмыш режим құрылғаннан кейін Ұлыбритания және АҚШ тарапынан басқарылды. Осы аяда №181-ші қарарды бекітіп, сионистік режимнің құрылуында маңызды қадам жасаған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1977 жылы жиырма тоғызыншы қараша күнін Палестина халқын тыныштандыру мақсатында "Палестина халқына тілектестік білдіру" әлемдік күні деп жариялады. Жиырма тоғызыншы қараша күнінің таңдалуы себебі – 1947 жылы дәл осы күні «Палестинаны бөлу қарары» деп аталған №181-ші қарар бекітілді.
Бас Ассамблеяның жиырма тоғызыншы қарашаны "Палестина халқына тілектестік білдіру күні" деп атау әрекеті үш тұрғыдан маңызды болып табылады: біріншіден, бұл әрекет басып алынған жерлерде Израиль режимінің құрылуындағы Бас Ассамблеяның рөлін қуаттау болса, басқа жақтан, Бас Ассамблеяның бұл әрекетінің Палестина халқы үшін іс-жүзінде ешқандай көмегі болған жоқ. Бұл күні Палестина мәселесі тек символдық түрде көтеріледі. Бұл сионистік режим халықаралық реакцияға еш назар аудармастан, палестиналықтарға қарсы ққылмыстарын жалғастырумен қатар, бұл қылмыстардың саны мен қарқынын арттырып отырған жағдайда орын алуда.
Палестина соңғы жиырма жылда екі интифада (2000-2005 жылдары әл-Ақса интифадасы мен 2015 жылдың қазақ айынан бастап осы уақтықа дейін Құдс интифадасы), мен 2008 және 2014 жылдары сионистік режимнің осы елге қарсы екі соғысының куәсі болды. Сонымен қатар, сионистік режим 2007 жылдан бері Газа секторын қоршауға алды. Шәһид болған, жараланған, босқынға айналған және түрлі ауруларға шалдыққан адамдарды қамтитын статистикалық мәліметтер Халықаралық Қылмыстық сотта қуатталып, қайраткерлердің дипломатиялық дербес құқықтылықтарын жоюға себеп болатын соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы қылмыстар мен бейбітшілікке қарсы қылмыстардың жасалынғанын көрсетеді.
"Әл-Ақса интифадасы" деп аталған Палестинаның екінші интифадасында шамамен 33 000 адам жараланып, 5000-нан астам адам қаза болды. Жараланғандардың арасынан 16 000 адамды және қаза болғандардың арасынан 1200 адамды балалар құрайды. 6000-нан астам адам сал болып қалды. Тағы 11 000 адам, соның ішінде 1000 бала түрмеге жабылды. 2005 жылғы есепте Палестинаның екінші интифадасында жараланған балалардың шамамен 12 пайызының мүгедек болып қалғаны айтылған.
2008 жылғы Израильдің Палестинаға қарсы соғысында тең жартысын бейбіт тұрғындар, соның ішінде әйелдер мен балалар құраған 1440 палестиналық қаза болып, 5380 адам жараланды. Сионистік режимнің 2014 жылғы Газа секторына қарсы соғысында 551 палестиналық бала өлтіріліп, 3770 бала жарақат алды. Оның үштен бір бөлігі мүгедек болып қалды.
2015 жылдың қазан айында басталған Құдс интифадасында бір жыл ішінде 249 адам қаза болып, 18300 адам жараланды. Құдс интифадасы шәһидтерінің арасында 18 жасқа толмаған 68 бала, соның ішінде бір 3 айлық нәресте бар. 2000 жылы жиырма сегізінші қыркүйек күні әл-Ақса интифадасы басталғаннан 2016 жылға дейін палестиналық тұрғындарды қамауға алудың 90 000 жайты тіркелді. Оның арасынан 11 000 жайтта 18-ге толмаған балалар құрықталған. 2016 жылдың алғашқы үш айында 18 жасқа толмаған шамамен 1400 палестиналық азамат Израиль тарапынан қамауға алынған.
Газа секторын қоршауға алу салдарынан да жұмыссыздық, азық-түлік қауіпсіздігінің болмауы және ашаршылық деңгейі артты. Газада жұмыссыздық 43 пайыз, осы аймақтың жастары арасында 60 пайызды құрайды. Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Жұмыссыздықтың жоғарғы көрсеткіші Газада кедейшілік пен азық-түліктің жетіспеушілігіне әкеп соқтырды. 2000 жылы Газа халқының 30 пайызы кедейшілікте өмір сүрсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 80 пайызға жетті. Шын мәнінде, Газа халқының 80 пайызы халықаралық көмектерге тәуелді. Сондай-ақ, Газа халқының 73 пайызы азық-түлік қауіпсіздігінің болмауына душар болып отыр.
7 миллион босқынды қамтитын палестиналықтар әлемде босқындары ең көп қоғамды құрайды. Газадағы босқындардың саны басқа айматарға қарағанда көбірек. Газаның жер аумағы 360 километр, ал халық саны шамамен 1 миллион 800 мың адам. Бұл халықтың 74 пайызы босқын. Газада босқындардың 8 лагері бар, оның төртеуі қалада, қалған төртеуі ауылда орналасқан. Соғыс – Газа секторы халқының босқындыққа ұшырауының басты себебі. Мысалы, сионистік режимнің 2014 жылы Газаға қарсы соғысынан кейін 65 000 адам Газаның ішінде босқынға айналды.
2000 жылдың қазан айынан 2005 жылдың сәуір айы аралығында басқыншы сионистік режим тарапынан 73576 ғимарат толығымен немесе жартылай қиратылды. Оның арасынан 28709 ғимарат Газа секторында болып, 4778-і толығымен қиратылды. UNICEF-тің Газадағы өкілі Пернил Айронсайдтың айтуынша, сионистік режимнің 2014 жылы Газаға қарсы әскери әрекетінің салдарынан 17 мыңнан астам тұрғын үй қиратылған. Бұл тең жартысын балалар құрайтын 100 000 тұрғынның баспанасыз қалуына себеп болды.
Палестинада Израильмен салыстырғанда жеті жасқа толмаған балалардың өлімі деңгейі жеті есе жоғары. Палестиналық балалардың 30 пайызы 5 жасқа толмастан қаза болады. Иордан өзенінің Батыс жағалауында дүниеге келген әрбір 1000 баладан 21 адам және Газада дүниеге келген әрбір 1000 баладан 31 бала бір жасқа толмастан қаза болады. Қаназдық, дұрыс тамақтанбау мен ашаршылық – палестиналық балалардың өлім деңгейінің жоғары болауының басты себептері. Мысалы, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газадағы 2 жасқа толмаған балалардың 50 пайызы қаназдыққа шалдыққан. Газадағы жүкті әйелдердің 39,1 пайызы мен Батыс жағалауындағы жүкті әйелдердің 15,4 пайызы қаназдық ауруына ұшыраған. Сонымен қатар, ауыз суының жетіспеушілігі мен ішуге жарамсыз суды пайдалану да сары ауру және іш өту сияқты ауруларға шалдығуға себеп болады.
БҰҰ әр адамға күніне 100 литр су пайдалануды кеңес еткен жағдайда 2013 жылы Иордан өзенінің батыс жағалауында 1 миллионнан астам палестиналық күніне шамамен 60 литр су пайдалануға мәжбүр болды. Ал Газа тұрғындары пайдаланып отырған судың 95 пайызы жарамсыз. Ондағы нитраттың көлемі жоғары болғандықтан балалар мен нәрестелер үшін зиян саналады. Израильдің Газаға қарсы соғыстары кезінде осы аймақтың денсаулық сақтау құрылымдарына тигізілген зарарлар Газа секторында медициналық және денсаулық сақтау мүмкіндіктерінің төмендеуі мен халықтың қиындықтарының артуына себеп болды. Мысалы, 2014 жылғы соғыста 7 денсаулық сақтау орталығы мен 67 ауруханаға зарар келтірілді. Израильдің Газаны қоршауы да электр қуаты, медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне себеп болып отыр.
Айта кетер маңызды жайт, сионистік режимнің қылмыстары адам құқығын қорғаушылардың атын жамылып отырған батыс елдерінің қолдауы аясында орын алды. Шын мәнінде, батыстың алпауыт елдері тарапынан сионистік режимнің қылмыстары мен адам құқығын бұзушылығы ешуақытта тергелмейді. Мұның себебі сионистік режимнің құрылуы батыстың алпауыт елдерінің, әсіресе, Ұлыбритания мен АҚШ-тың саясаттарының салдары болып табылады. Сол себепті жиырма тоғызыншы қараша күні "Палестина халқына тілектестік білдірудің әлемдік күні" деп аталғанымен, Палестина шынайы түрде шара қолдануды қажет етеді.