Сауд Арабиясының 2030 жылға арналған стратегиясын сараптау
Сауд Арабиясында Мұхаммад бен Салманның тақ мұрагері ретінде тағайындалуын осы елде өткен кезеңдермен салыстырғанда мүлдем өзгеше жаңа кезеңнің басталуы деп санауға бола ма?
Кейбір сарапшылардың пікірінше Салманның дәуірін басқа кезеңдермен салыстырған кездегі ең басты айырмашылығы Салманның Сауд Арабиясының құрылымында түбегейлі өзгеріс енгізу туралы лепірмелі жоспарлары болып табылады. Осындай өзгеріске ұмтылу тенденциясын Мұхаммад бен Салман дайындап, ұсынған Арабстанның 2030 жылға арналған стратегиясынан аңғаруға болады.
Бұл жобаның мән-жайы алғаш рет 2016 жылдың сәуір айының он бесі күні белгілі болды. Ол кезде Қорғаныс министрі және тақ мұрагерінің орынбасары қызметтерін атқарып жүрген Мұхаммад бен Салман осы стратегияның мән-жайына тоқталып, бұл құжаттың құны 3,7 миллиард доллардан асатын 80 жобаны қамтитынын және оларды іске асыру үшін 20 миллиард доллар қаражат қажет екенін айтты.
Осы құжатта анықталған басты мақсаттарды төрт топқа бөліп қарастыруға болады: мұнайға тәуелділіктен арылу – жобаның маңызды мақсаттарының бірі.
Арабстанның жоспарына сәйкес, 2020 жылға дейін мұнайдан тыс табыс 6 есе артып, жылына 43 миллиард доллар мөлшерінен 267 миллиард долларға дейін жетеді.
Арабстан сондай-ақ осы стратегия шеңберінде әлемнің озық 15 экономикасының қатарына кіруді жоспарлап отыр;
Жобаның екінші мақсаты – Green card иммиграциялық жүйесін іске қосу. Мұхаммад бен Салман осы құжатта алдағы бес жыл ішінде Арабстанда инвестицияларды арттыруға көмектесетін Green card жүйесінің іске қосылатынын айтты. Бұл жүйе араб және мұсылман елдерінен адам күшін тарту мақсатында жоспарлануда;
Осы құжат негізінде Арабстан негізгі құрылымдар қалыптастыру арқылы қажылардың санын жылына 8 миллионнан 30 миллионға дейін арттыруды мақсат етіп қойды;
Әскери өндірісті нығайтып, құзырды арттыру – алға қойылған мақсаттың келесісі. Сауд Арабиясы осы құжатқа сәйкес әскери өнеркәсіп саласында ірі холдинг құрып, қор нарығында жұмыс істеуді көздеп отыр. Холдингтің алғашқы бөлімі 2017 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарлануда.
Арабстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегисы жарияланғаннан бері шамамен 1 жылға жуық уақыт өтті. Бұл жобаның кейбір мақсаттары, соның ішінде, әскери өнеркәсіп саласындағы мақсаттары осы жылдың соңына дейін іске асырыла бастауы керек. Алайда осы аяда бен Салманның өзінің қарсыластарын жемқорлықпен күрес мәселесін сылтауратып, сахнадан шығарып тастау жолындағы талпыныстарына тоқталмай кету мүмкін емес.
Reuters ақпарат агенттігінің тілшілері Самиа Нахул, Ангус Мак Довал мен Стефан Коллин былай деп жазды: «Бір оқиғаның орын алып жатқанының алғашқы белгісі шақыру болды. Қараша айының төрті күні «Ритц Карлтон» қонақүйінің әкімшілігі қауісіздіктің ең жоғарғы дәрежесін қажет ететін жергілікті қайраткерлер резерв жасағандықтан, қонақтарды қабылдай алмайтынын және олардан қонақүйдің жұмысы қалыпты жағдайға оралғанға дейін бұл жерден кетуді сұрады.
Тазарту жұмыстары басталып кетті. Бірнеше сағаттың ішінде қауіпсіздік күштері басым бөлігі астанада және Джидда қаласында өмір сүретін бірақатар саяси қайраткер мен кәсіпкерді құрықтады. Олардың арасында 11 шахзада мен бірнеше министр және Арабстандағы қалталы адамдар да болды.
Сауд Арабиясының Ұлттық гвардиясының қызметінен босатылған басшысы әрі Мұхаммад бен Салманның туыс ағасы Мотааб бен Абдолла Риядтың «Ритц Карлтон» қонақүйінде құрықталған тұлғалардың арасында болды.
Kingdom Holding халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Валид бен Талал мен Риядтың бұрынғы губернаторы шахзада Торки бен Абдолла мен Сауд Арабиясының бұрынғы патшасының ұлы осы қонақүйде құрықталған адамдардың арасынан табылды».
Тазарту бұйрығын берген Сауд Арабиясының 32 жастағы тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман болды. Ол өзінің биліктегі орнын нығайту талпынысында саудиялық таңдаулы тұлғаларға, соның ішінде билік басындағы әулеттің кейбір мүшелеріне қарсы әрекеттерді бастап, оларға пара алу және сауда жобаларының шығынын көбейтіп көрсету айыптарын тақты. Қазір Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің осы елді оңай әрі еш қиындықсыз басқаруы оның осы тазартуды табысты түрде аяқтай алу, алмауына байланысты болып тұр.
Мұхаммад бен Салман біраз бұрын өз сұхбаттарында ашық түрде Арабстандағы жемқорлыққа қатысты ауқымды тергеулер жүргізетінін және жоғары дәрежелі қайраткерлерді тергеу және заңмен қудалауда еш кідірмейтінін мәлімдеген болатын. Сауд Арабиясының Бас прокуроры бейсенбі күні саудиялық қайраткерлердің осы елдегі жемқорлықпен күресу амалдары шеңберінде 208 тұлғаны тергеп, тексергенін және кем дегенде 100 миллиард доллар көлемінде қаражаттың тәркіленгенін мәлімдеді.
Сыншылардың айтуынша, шахзада Мұхаммадтың басты мәселесі елді жалғыз басқарғысы келетіндігінде. Бұл кейбір шахзадалардың қарсылықтарын тудырғанымен, олар оны ашық түрде айта алмайды. Сол себепті Арабстанға өзгеріс енгізуге бағытталған «реформатор Мұхаммад» жобасы – қазіргі кезде жергілікті тергеу және зерттеу орталардың бар назарын аударуы қажет мәселе. Себебі, Арабстанның келесі падишахы, яғни Мұхаммад бен Салманның аймақта тұрақтылықты сақтауға еш ниеті жоқ көрінеді. Сондықтан, Арабстанды кем дегенде алдағы жиырма жылға Иран мен аймақ үшін лаңкестіктен кейінгі басты қауіп-қатер деп санауға болады.
Дегенмен, бұл мәлімдемеде Абдолла бен Абдолазиздің өлімінен кейін Сауд әулетінің аймақтағы тікелей және жанама әскери араласушылықтары, Йеменге шабуыл жасауы, Иранмен тікелей түрде жауласуы туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, бұл стратегияның қисынды болжамдарға негізделгенін немесе аймақтағы жаңа жоспарларды көздеп отырғанын түсіну үшін мәселеге тереңірек үңілу қажет.
Мұхаммад бен Салман Ақ үйде АҚШ президентімен кездескен кезде Трампқа 2030 стратегиясына қатысты жасалған шаралар мен жетістіктер туралы есеп ұсынып, Арабстан мен АҚШ-тың осы жоба қалыбындағы экономикалық ынтымақтастықтарының алдағы төрт жыл ішінде Құрама Штаттары үшін миллиондаған жұмыс орнын қалыптастыруға жол ашатынын баяндады. Дәл осы мәселе Трамптың назарын аударып, оның өзінің алғашқы шетелдік саяси сапарын Арабстаннан бастауына себеп болды. Сапар барысында Сауд Арабиясына 300 миллиард доллар көлемінде қару-жарақ сату келісімі жасалды. Бұл Арабстан уәде етіп отырған өзгерістердің тек бірінші қадамы ғана. Енді Арабстанның ұлы өзгерісінің екінші қадамы қай жерде және қашан орын алатынын байқау керек.
Реформаторлық идеядан бұрын Мұхаммад бен Салман Арабстанның Қорғаныс министрі қызметінде көршілес елге қарсы соғысты басқаруды өз мойнына алған болатын. Осындай жағдайда бұл коалиция осы уақытқа дейін өз мақсаттарына жете алмады. Йемендегі соғыстың күнделікті шығыны шамамен 250 миллион доллар деп есептелді.
Арабстан қазір Иранмен нәтижесіз бір дау-жанжал бастады. Енді өзін оның «жүрегі» санап отырған Ислам әлемінің басқа елдерінен көмек алу үшін көп қаржы жұмсап отыр.