-
Сардар Аштари: 200 000 шетелдік зияратшы Иранның үш шекарасы арқылы Иракқа енді
Қар 05, 2017 17:40ИИР Полиция күштерінің қолбасшысы екі аптадан бері басқа елдердің шамамен 200 000 зияратшысының Иранның белгіленген шекаралары арқылы Иракқа енгені туралы хабарлады.
-
Хусейннің қырқы – "Арбағин" рәсімі әлемнің 32 елінде тікелей эфирден көрсетіледі
Қар 04, 2017 10:45Иракта өтетін Хусейннің қырқы – "Арбағин" ұйымының баспасөз қызметі мен виртуалды кеңістік бөлімінің басшысы "Арбағин" рәсімінің тікелей эфир арқылы әлемнің 32 елінен көрсетілетінін хабарлады.
-
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Ирактың Энергетика министрімен кездесті
Қар 02, 2017 19:12Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари Иракқа іс-сапарының жалғасында Ирактың Энергетика министрі Ғасем әл-Фаһдавимен Бағдадта кездесіп, сұхбаттасты.
-
Иракта сионистік режимнің туын орнатуға тыйым салынды
Қар 01, 2017 04:44Ирак Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, Ирак жерінде сионистік режимнің туын орнатуға әрекет жасаған кез келген адам қылмескер саналып, заң жүзінде жазаланады.
-
Ирак үкіметі Rudaw күрд телеканалын жабуға шешім қабылдады
Қаз 29, 2017 16:58Ирак үкіметінің ақпарат және байланыс комиссиясы Rudaw күрд телеканалын жабуға шешім қабылдап, оның қызметкерлерінен жұмыстарын тоқтатуды талап етті.
-
«Пишмарге» күштері Ирактың солтүстігінде тағы бір ауданнан кері шегінді
Қаз 29, 2017 11:30Масуд Барзани бастаған Ирактың Күрдістан демократиялық партиясына қарасты күрдтердің «Пишмарге» күштері кері шегінгеннен кейін Мосулдың оңтүстік-шығысындағы Махмур ауданы Ирактың орталық үкіметінің бақылауына өтті.
-
Иранның діни жетекшісі Ирак үкіметін америкалықтардың арамдығы мен жауыздығынан сақ болуға шақырды
Қаз 28, 2017 05:05Ислам революциясының жетекшісі Ирак үкіметінің көршілес және аймақ елдерімен қарым-қатынастарды дамыту жолындағы талпыныстарын қолдап, америкалықтардың жауыздығы мен арамдығынан сақ болып, ешқашан оларға сенім артпауға кеңес берді.
-
Рухани: Иран лаңкестікпен күрес жолында Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылады
Қаз 27, 2017 18:32Иран президенті Ирак халқының үздіксіз күресі мен жанкештілігін, жауапты тұлғалардың басқаруы мен діни жетекшінің парасатты кеңестерін қиындықтарды шешуде өте маңызды деп атап: "Иран лаңкестікпен күрес және Ирактың бірлігін нығайтып, оның территориялық біртұтастығын сақтау жолында әрдайым бұл елдің үкіметі мен халқының жанынан табылып келеді",- деді.
-
Шамхани: Ирак кейбір араб елдері секілді диктаторлық режим арқылы басқарылмайды
Қаз 27, 2017 17:54Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және үстемшіл түрде әулет тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.
-
Революция жетекшісі: Ирактың жеңістерінің сыры – халықтың бірлігі мен үкіметтің мүмін әрі батыл жастарға қолдау көрсетуінде
Қаз 26, 2017 19:52Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі тайпалардың бірлігі мен Ирак үкіметінің халықтық күштер мен мүмін әрі батыл Ирак жастарына қолдау көрсетуін олардың лаңкестер мен демеушілеріне қарсы күрестегі жуырдағы жеңістерінің сыры деп атады.