-
Хошру: Израиль тарихтағы ең ұзақ трагедияны тудырды
Қаз 19, 2017 11:23ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сионистік режимнің осы уақытқа дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 68 қарарына немқұрайлық танытқанын айтып: "Израиль режимінің тарихы Палестина жерін басып алумен басталып, басқа елдерге басқыншылық жасаумен жалғасты",-деді.
-
Иран мен Ирактың Денсаулық сақтау министрліктері өзара әріптестік меморандумына қол қойды
Қаз 19, 2017 04:45ИИР мен Ирактың Денсаулық сақтау министрліктері Арбағин рәсімі зияратшыларының қауіпсіздігі жөніндегі ортақ мемомарандумға қол қойды.
-
Иран Телерадио бірлестігі Ливан Хезболласымен мәдени және ақпарат саласындағы әріптестіктерін арттырады
Қаз 18, 2017 04:28ИИР Телерадио бірлестігі мен Ливан Хезболласы мәдени және БАҚ саласындағы әріптестік меморандумына қол қойды.
-
Иран Қырғызстан сайлауының ашық әрі тәртіпті өткенін мәлімдеді
Қаз 17, 2017 04:48Қырғызстанның президенттік сайлауына бақылаушы ретінде барған ИИР-ның делегациясы сайлауды ашық, тәртіпті әрі тыныш кеңістікте өтті деп сипаттады.
-
Али Аскари: Иран жалғанға қарсы ақиқат майданын қолдайды
Қаз 16, 2017 12:25Иран Телерадио бірлестігінің басшысы жексенбі күні Сирия премьер-министрі Эмад Хамиспен кездесуінде Иранның әрдайым жалғанға қарсы ақиқат майданына қолдау көрсеткенін баса айтып: "ИИР Сирия үкіметі мен халқына қолдау көрсетеді",- деді.
-
Америкалық басшылар Иранға қарсы өз айыптарын таңуды жалғастыруда
Қаз 16, 2017 12:21АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі жексенбі күні бұл ел басшыларының Иранға қарсы өз айыптарын таңу әрекеттерінің жалғасында Иранды лаңкестіктің демеушісі деп атады.
-
Иран мен Ұлыбритания СІМ екінші рет "Ортақ қадамға" байланысты телефон арқылы сұхбаттасты
Қаз 16, 2017 12:16Иран мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері соңғы күндері екінші рет "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты телефон арқылы сұхбаттасты.
-
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күші жойылатын болса, Иран Қосымша протоколды орындамайтыны туралы ескертті
Қаз 15, 2017 20:06Иранның Атом қуаты ұйымның басшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күші жойылатын болса, Иранның осы кезге дейін өз еркімен орындап келген Қосымша протоколды орындауды тоқтататыны туралы ескертті.
-
Лагард: Халықаралық валюта қорының Иранға қатысты саясаттарын өзгертетін себебі жоқ
Қаз 15, 2017 20:02Халықаралық валюта қорының бас директоры АҚШ Президентінің аталмыш қордың атқарушы директорларынан Иранға ақша бермеу туралы талабына реакция білдіріп, бұл қордың Иранға қатысты саясаттарын өзгертуге себебі жоқ екендігін қуаттады.
-
Сауд әулеті мен сионистік режим Трамптың Иранға қарсы сөздерін қолдады
Қаз 15, 2017 17:22Сауд Арабиясының королі Малек Салман АҚШ Президентімен телефон арқылы сұхбаттасып, Дональд Трамптың Иранға қарсы сөздеріне қолдау білдірді.