-
Ирандағы президенттік сайлауға үміткерлер уәделерін орындау қажеттігін қуаттады
Maм 14, 2017 10:30Ирандағы президенттік сайлаудың 6 үміткері сенбі күні форумдар мен үгіт-насихат бағдарламаларында халыққа берген уәделері мен бағдарламаларын орындауға міндеттеме алғандарын қуаттады.
-
Иранның бүгінгі тежегіш қуатын өткенмен салыстыруға болмайды
Maм 13, 2017 17:51Ислам революциясы сақшылар корпусы теңіз күшінің қолбасшысы: Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдарда Иранның қорғаныстық әлеуетін жоғарылату үдерісі әрдайым жалғасып тұрған және ислам республикасының бүгінгі тежегіш қуатын өткенмен салыстыруға келмейді деді.
-
Иран Пәкістанның Балучестан облысындағы лаңкестік амалдарды айыптады
Maм 13, 2017 13:34ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы ондаған адамның қаза болып, жарақаттануына себеп болған жұма күнгі Пәкістанның Балучестан облысындағы үкімет басшыларының кортежіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптап, елдің үкіметі мен халқына көңіл айтты.
-
Президенттік сайлау үміткерлерінің экономика саласындағы соңғы пікірталасының алғашқы бөлімі өтті
Maм 13, 2017 12:48Ирандағы он екінші президенттік сайлаудың үміткерлері соңғы пікірталас кезінде экономика саласындағы өздерінің стратегиялары мен бағдарламаларын таныстырды.
-
Теһран жұма намазының құтпалары
Maм 13, 2017 12:36Теһран жұма намазының имамы Иран халқының әртүрлі саяси сахналарға қатысып, дауыс беру орындарына баруын халықтың күш-қуатының, айбыны мен Құдайға деген иманының көрініс табуы деп атады.
-
Иранның теңіз күшінің алдында дұшпандар қауқарсыз
Maм 12, 2017 11:06ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы: «Иран армиясының әрдайым хабардарлығы мен теңіздегі теңдессіз қорғаныс қабілеті дұшпандарды бұрынғыдай сергелдең әрі қауқарсыз жағдайда ұстайды»,-деді.
-
Иран 7 медаль алып, Азиядағы классикалық күрестің жеңімпазы атанды
Maм 12, 2017 10:46Иранның классикалық (грек-рим) күрестен ұлттық командасы Азияның күресшілерімен екі күн күнгі сайыстан кейін 4 алтын, 1 күміс және 2 қолда жүлдеге ие болып, командалық есепте 69 ұпай жинап, Үндістанда өткен Азияның классикалық күрес сайысының жеңімпазы атанды.
-
Малайзияда Иранның қатысуымен исламдық жұмыс берушілердің халықаралық форумы өтті
Maм 11, 2017 18:45Исламдық жұмыс берушілердің бір күндік халықаралық екінші форумы Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда бүкіл ислам әлемінен, соның ішінде Ираннан келген идея иелері мен жұмыс берушілердің қатысуымен өтті.
-
Дұшпан Иранның тежегіш әлеуетін біледі
Maм 11, 2017 18:33Иран қарулы күштері бас штабының басшысы дивизия басшысы Бағери: «Иранның барлау жағынан мықтылығы мен теңіз қорғанысындағы әлеуеті дұшпандарды одан әрі дәрменсіз әрі сергелдеңдікке ұшыратады» деді.
-
Иранның абырой-айбыны – дұшпандардың алдындағы мықты қамал
Maм 11, 2017 11:52Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні имам Хосейн (ғ.с.) атындағы университеттің офицерлік және сақшылық тәрбие бөлімі түлектерінің рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы сайлаудың маңыздылығын тағы да қуаттап, ИИР-ның абырой-айбынын арттыратын тақырыптарды атады.