-
Зариф: АҚШ Иранға санкция салу арқылы нәтижеге жетпейді
Сәу 21, 2017 13:56Иран Сыртқы істер министрі: «Бүгінде басқа кезеңдермен салыстырғанда АҚШ басшылары Ирандағы шындықты түсінуді көбірек қажет етеді»,- деді.
-
Рухани: Сайлауға жаппай қатысу – Ислам революциясы жетекшісінің насихаты
Сәу 21, 2017 13:36ИИР Президенті сайлауды Иранның мақтанышы, достардың қуанышы және дұшпанның үмітсіздігінің себебі деп атап: «Халықтың дауыс беруге жаппай қатысуы – Ислам революциясы жетекшісінің кеңесі»,- деді.
-
Мәскеу Ресей мен Иранның Хан-Шейхундегі оқиғаға қатысты ұсынысының қабылданбағанын сынады
Сәу 21, 2017 13:14Мәскеу Ресей мен Иранның Сирияның Хан-Шейхун қаласындағы оқиғаға зерттеу жүргізу туралы ортақ ұсынысының химиялық қаруға тыйым салу ұйымының атқару кеңесінде қолдауға ие болмағанын сынап, бұл шешімді қабылдауға болмайтын әрекет деп атады.
-
Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 6
Сәу 21, 2017 12:10Ирандық зерттеушілердің маңызды жетістіктерінің бірі күн сәулесінің қуатын пайдаланып, суды тұщы ететін мүмкіндікке ие қондырғылар шығаруы болды. Ирандық зерттеушілер күн сәулесінің қуатын пайдалану арқылы ащы суды тұщытатын вакуумдық трубкалар технологиясын ұсынды. Бұл трубкалар тұзды суларды тазартумен қатар лас суларды тазартып, соңында ішуге жарамды ауыз су шығарады.
-
Ислам революциясының жетекшісі халықтың кең түрде қатысуымен қауіпсіз әрі дұрыс сайлау өткізуді қуаттады
Сәу 20, 2017 10:24Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Армия мен құрлық күштері күніне орай ел армиясының төрт күштері бөлімшелері және қолбасшылармен кездесуінде дұшпанға табандылық таныту қажеттігін баса айтумен қатар, алдағы сайлауға тоқталып, оны исламдық жүйеге иммунитет сыйлау жолында шешуші рөлге ие деп бағалады.
-
Ирандағы президенттік сайлау (1)
Сәу 19, 2017 19:13Діни демократия Иранның Ислам революциясының қайнар көзі болып табылады. Сол себепті халықтың Ирандағы сайлауға қатысуы аса маңызды.
-
Иранның принципті саясаты барлық көршілермен байланысты тереңдету болып табылады
Сәу 19, 2017 18:56Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Ғасеми Иран Сыртқы істер министрінің Орталық Азиядағы өзге елдерге сапар шекпеуінің себебі туралы айтқан сөзінде: «Иран Сыртқы істер министрінің ішкі және сыртқы бағдарламаларының тығыздығына байланысты Зарифтің аймақтағы өзге елдерге, соның ішінде Тәжікстанға сапарын жоспарлау күн тәртібіне қойылып, тиісті уақытында іске асады.
-
Иран алдағы сайлау науқанына дайындалуда
Сәу 19, 2017 13:31Иран халқы ерекше көңіл-күймен алдағы сайлауларға дайындалуда. Мамыр айының 19 күні Иранда 12-ші президенттік сайлау және сонымен тұспа-тұс қалалық және ауылдық исламдық кеңестері бесінші шақырылымының сайлаулары мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің орта кезеңдік сайлауы өтеді.
-
Ираннан Ресейге сапар шегетін туристер үшін виза жойылды
Сәу 19, 2017 10:09Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының туризм істері жөніндегі орынбасары Мұртаза Рахмани Моваххед Ресейдің барлық қалаларына сапар шегуді мақсат ететін ирандықтар үшін визаның жойылғаны туралы хабарлады.
-
Иран мен Ресей балық шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Сәу 18, 2017 17:40Иран ислам республикасы мен Ресей балық шаруашылығы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.