Maм 01, 2021 17:04
Чакруд сайы – Гилан облысында орналасқан әдемі сайлардың бірі. Рахимабадтан 42 км жердегі Тиула елдімекенінен басталып, Каспий теңізіне қарай созылып жатқан сайдың бір негізгі және екі қосалқы тармағы бар. Бұл бағыттағы сарқырамалардың биіктігі 5 метрден аспайды. Тек қосалқы тармақта бір 30 метрлік сарқырама бар. Ғасырлар бойғы су тасқынынан мүжіліп түзілген сайдың түбіндегі қабырғадан шөгінді қатпарын көруге болады.