Маусым 20, 2023 15:05 Asia/Almaty
  • Иран: Тоубирун сайы (181)

Тоубирун сайы (Towbiroun Valley) Дезфул қаласының солтүстігінен 20 км жердегі Сәрдәшт ауданында орналасқан.

Сайдың биік қабырғалары, жүзім мен жабайы інжір бұталарының көптігі, сарқырамалар мен бұлақтар бұл аңғарға өте әдемі көрініс берді. Сайдың бір жақсы тұсы – оның тазалығы, адам қолы тимегені. Дезфулда 40 градустан аса ыстық болса да, сайдағы салқын жел туристерге ерекше жайлылық сыйлайды. Ондағы температура +25 градустан да төмен болады. Бұл әдемі табиғи құбылыс мыңдаған жылдар бойы тастардың үстінен аққан судан қалыптасқан.

Тоубирун сайы
Тоубирун сайы Хузистан облысында орналасқан.
Тоубирун "тоу" және "бирун" деген екі сөзден құралған.
Оңтүстіктегі диалект бойынша "тоу" "тәб"-қызу деген мағына береді.
"Бирун" сөзі кесу, жою деген мағына береді.
Сондықтан Тоубирун сайы – қызуды жойып, денеден ыстықты шығаратын жер.
Бағзы заманда жергілікті тұрғындар дерттен айығу үшін осы сайға келген. Сқдайдың суының емдік қасиеті бар деп сенген. 

 

Тегтер