Қыр 15, 2018 15:35
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) атқарушы тобындағы Иранның өкілі жұма күні Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ Иранның мұнай экспортын нөлдік деңгейге қысқартуда қиындыққа ұшырайды. Себебі, мұнай нарығы мен Иранның мұнай өндіруші бәсекелестері Теһранның мұнай ұсынысын тоқтатудан пайда болатын мұнай тапшылығының орнын толтыра алмайды",- деді.