-
Зариф Еуропамен зымырандық бағдарлама және аймақтағы ықпал жөнінде келіссөз жүргізіліп жатқанын теріске шығарды
Maм 27, 2018 11:08ИИР Сыртқы істер министрі еуропалықтармен Иранның зымырандық қабілеті және аймақтағы ықпалы жөнінде келіссөз жүргізіліп жатқанын теріске шығарып: "Еуроодақ та бұл ақпаратты теріске шығарды. Шын мәнінде бұл сионистік режимнің осы жалған ақпаратты басқаларға жеткізуге бағыттаған психикалық әрекеті болып табылады",-деді.
-
Әлемнің ғылым саласының беделді тұлғалары Еуропа одағынан «Ортақ қадам» келісімін сақтап қалуды сұрады
Maм 27, 2018 05:52Әлемнің түкпір-түкпірінен 200 ғалым Еуропа Одағының сыртқы саясат бөлімінің басшысына ашық хат жолдап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін көбірек талпыныс жасауды сұрады.
-
Зариф еуропалықтардан «Ортақ қадам» келісімі бойынша көбірек іс жүзіндегі әрекеттерге көшуді сұрады
Maм 26, 2018 20:18Иран СІМ Еуропа Одағының тежегіш ережелерін жүзеге асыру үдерісінің басталғанын хабарлап, еуропалықтардың «Ортақ қадам» келісімі бойынша іс жүзіндегі әрекеттерге көшуі қажеттігін баса айтты.
-
Американың «Ортақ қадам» бағдарламасының шыққаны Иранның мұнай экспортына әсер етпейді
Maм 26, 2018 19:45Иранның Ұлттық Мұнай компаниясының атқарушы директоры Америка «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Иранның мұнай экспорты үдерісін түсіндіруде Иранның мұнай экспортының бұрынғысынша жалғасып жатқанын, дәл қазір күніне шамамен 2500000 баррель шикі мұнайдың экспортталып отырғанын айтты.
-
Путин АҚШ-тың біржақты негізде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын сынады
Maм 26, 2018 13:34РФ Президенті АҚШ басшысының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығу шешімін сынап, мұндай біржақты шаралардың сындарсыздығын баса айтты.
-
Бензин бағасының көтерілуі – Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының салдары
Maм 26, 2018 04:19Демократ сенатор Чак Шумер Конгресте сөйлеген сөзінде Трамптың салық заңы мен «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шығуға шешім қабылдауын бензин бағасының көтерілуі мен АҚШ қоғамына экономикалық қысымның артуына соқтырды деп атады.
-
АҚХА Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды екенін тағы қуаттады
Maм 25, 2018 14:55Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның тұрақты өкілі Наджафи Агенттіктің жаңа мәлімдемесінің Иранның барлық ядролық жұмыстарының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына толығымен сәйкес келетінін растағанын мәлімдеді.
-
Путин мен Макрон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттады
Maм 25, 2018 11:51Ресей мен Франция президенттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап, іске асыру қажеттігін қуаттады.
-
Ғасеми Еуропаны «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелеріне табанды болуға шақырды
Maм 24, 2018 18:04Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның Еуропадан «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелерін толық орындауын күтетінін баса айтты.
-
Рухани: АҚШ режимі басшыларының сөздері Иран үшін жаңалық емес
Maм 24, 2018 09:21ИИР Президенті Рамазан айын Алланың рақымға бөлейтін және табандылықпен қарсыласатын ай деп атап: «Өткен 40 жылдың ішінде Иран халқы сынақтан сүрінбей өтіп, барлық шарықтаулар мен құлдырауларда Ислам жүйесін, революциясы мен ұлттық мүддені қорғады»,-деді.