Американың «Ортақ қадам» бағдарламасының шыққаны Иранның мұнай экспортына әсер етпейді
(last modified Sat, 26 May 2018 18:15:50 GMT )
Maм 27, 2018 00:15 Asia/Almaty
  • Американың «Ортақ қадам» бағдарламасының шыққаны Иранның мұнай экспортына әсер етпейді

Иранның Ұлттық Мұнай компаниясының атқарушы директоры Америка «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі Иранның мұнай экспорты үдерісін түсіндіруде Иранның мұнай экспортының бұрынғысынша жалғасып жатқанын, дәл қазір күніне шамамен 2500000 баррель шикі мұнайдың экспортталып отырғанын айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық Мұнай компаниясының атқарушы директоры Али Кардор Американың Иранның мұнай экспортында ешқандай рөл атқармағанына тоқталып: «Егер еуропалықтар мұнай экспорты үшін лазым кеме  қатынасы, тасымал, ақша аударымы мен сақтандыру сияқты барлық компоненттер мен қажеттіліктерге қатысты міндеттемелеріне табандылық танытатын болса, Иранның мұнайын экспорттау үшін ешқандай қиындық тумайды» деді.

Иранның Ұлттық Мұнай компаниясының атқарушы директоры Тотал компаниясының Иранның Оңтүстік Парс алаңының 11-ші фазасын дамыту жобасына қатысуындағы қазіргі жағдайға тоқталып: «Дәл қазір Тотал компаниясы Американың санкцияларына қарамастан Иранда қалып, жұмыс істеуге талпыныс жасап жатыр. Егер бұл тақырып жүзеге асырылмайтын болса, Оңтүстік Парстың 11-ші фазасы басқа компанияға беріледі» деді.