Pars Today
Украина Президенті бір бейне жолдауда Ресейге ескерту жасап: "Украина Ресейден Одесса айлағына жасаған зымырандық шабуылы үшін кек алады",-деп сес көрсетті.
Ресей Қорғаныс министрлігі: "Украинада арнайы әскери амалдар басталған бір жылдан аса уақыт ішінде Украина армиясына қосылған 5 мыңға жуық шетелдік жалдамалы қаза тапты",-деп хабарлады.
Ресей Президенті Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің жиналысында: "Киев үкіметінің Батыс демеушілері Украина армиясының контр-шабуылынан шынымен күдер үзді",-деп баса айтты.
Астық келісімі аяқталғаннан бірнеше күн өткеннен кейін ақпарат құралдары Одесса айлағында бірнеше жарылыстың дыбысы естілгенін, осы қаладағы Қытай бас консулдығының ғимаратына зиян тигізілгенін хабарлады.
Дүниежүзілік қаржы қоры сәрсенбі күні өз мәлімдемесінде: "Ресейдің Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімінен шығуы дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне қатерді арттырады",-деді.
Қырым губернаторы сәрсенбіде (19 шілде) түбектің Кировск аймағындағы әскери полигонда өрт шыққанын хабарлады, оның айтуынша, ол екі мыңнан астам адамның эвакуациялануына және жақын маңдағы тас жолдың жабылуына себеп болды.
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин өз елінің Украинаны мүмкіндігінше қаруландыруға бағытталған ауқымды күш-жігерін жариялады.
Ресей Сыртқы істер министрі Украинаның екі ұшқышсыз ұшағының Қырым көпіріне шабуыл жасағанын хабарлап: "АҚШ пен Ұлыбритания да осы шабуылға ақпарат алмасу тұрғысынан қатысты",-деді.
Мәскеулік басшылардың бірі Ресейдің Қырым түбегі үстінде бірнеше украиндық ұшқышсыз ұшағын жойғанын хабарлады.
Батыстың Украинадағы соғысты ушықтыруды жалғастыруында Еуропарламент бейсенбі күні қару-жарақ, соның ішінде артиллериялық оқ-дәрілер мен құрылық-құрыоық зымырандарын өндіруге 500 миллион еуро бюджет бөлуге келісті.