Pars Today
Ресей Президенті Владимир Путин бейсенбі күні таңертең теледидар арқылы сөз сөйлеп: «Ресейдің әскери күштері Донбасс аймағында арнайы әскери операция жүргізеді»,-деп мәлімдеді.
Ресей армиясы Украинаға шабуыл жасағанымен бір мезгілде Луганск халық республикасының армиясы бейсенбі күні таңертең осы республиканың 8 жылдан бері украиналық күштердің бақылауында болып келген басқа аудандарын бақылауға алу мақсатында әскери амал бастады.
Ресей мен Украина арасында соғыс басталып, рубльдің құны түскеннен кейін 24 ақпанда Мәскеу биржасында операциялар уақытша тоқтатылды.
Ресей Президенті Владимир Путин теледидар арқылы Донбасста әскери операцияның басталғанын жариялады.
Ресейдің Қорғаныс министрі: "Украинаның əуе-қорғаныс кешендері мен əскери базалары жойылды. Əуе күштерінің инфрақұрылымы қызмет көрсетуге жарамсыз",-деп мәлімдеді.
Ресей Украинаға əуе шабуылын бастағаннан кейін Харковь қаласының басты алаңдарының бірінде Украина халқы тізерлеп қол жайып, дұға жасады.
Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қазіргі жағдайды талқылады.
Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі күні кешке Мәскеудің Донецк пен Луганскінің тәуелсіздігін мойындағанын және Кремльде осы республикалардың басшыларымен ынтымақтастық және достық келісіміне қол қойғанын хабарлады.
Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде: "НАТО Украинаны мүшелікке алу мәселесінде тым ұзақ күттіріп қойды",-деп мәлімдеді.
Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбі күні Кремльде Германия Канцлері Олаф Шульцпен кездескеннен кейін баспасөз мәслихатында Батыстан Ресей шекараларында шабуылдау қаруын орналастырудан бас тартуға және НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін тоқтатуға шақырғанын айтты.