Pars Today
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Франция полициясының осы елдің шерушілеріне қарсы зорлық-зомбылығына реакция білдіріп: «Батыстағы адам құқықтарын талап етушілер бұл зорлық-зомбылықты көрмейді»,- деп мәлімдеді.
Таяуда Франция халқының үкіметтің елдегі зейнетақы жүйесін өзгерту жоспарына қарсы наразылығынан кейін осы елдің астанасы Париж көшелерін қоқыс иісі басып қалды.
Франция полициясы бұл елдегі зейнетақы заңындағы реформаларға наразылық білдірушілермен үшінші кеш қатарынан көзден жас ағызатын газ бен тәртіпсіздікке қарсы құралдарды қолдану сияқты зорлық-зомбылық әдістерін қолданды.
Бейсенбі күні кешке Франция халқының зейнетақы заңындағы реформаларға наразылық ретінде өткен шеруінде полиция 73 наразылық білдірушіні қамауға алды.
Парижде көше сыпырушылардың наразылық акциясының жалғасуы салдарынан қала қоқысқа толып кетті.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Францияда зейнетке шығу туралы заңға енгізілген түзетулерге қарсы шеруге қатысты: "Бұлардың адам құқығы туралы дәрістері тек басқаларға бағытталған. Өздері оны ұстанбайды",-деді.
Әлемде коронавирусты жұқтыру деңгейі мен COVID-19 дертінен қайтыс болғандар саны туралы соңғы тіркелген статистикаға сәйкес, бүгінге дейін бұл ауруды 681411281 адам жұқтырған, ал одан 6811207 адам қайтыс болды.
Францияның "Патриот" саяси партиясының басшысы Киевтің Батыстан қырғи ұшақ сұрағаны туралы ақпараттар таралғаннан кейін Украина Президентін "жынды" деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Францияның Ирандағы бүлікті қолдауын достық қатынасқа жат әрекет деп атады.
Түркия халқы Стамбұлдағы Франция елшілігінің алдына жиналып, Charlie Hebdo басылымының исламның діни үлгілеріне құрметсіздік көрсеткенін айыптады.