-
Канани: Терроризм – халықаралық қауіп
Қаң 08, 2024 21:35ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран лаңкестікке қарсы күресу үшін барлық халықаралық механизмдер мен мүмкіндіктерді пайдаланды",-деді.
-
Кадходаи: Дұшпан Керманда лаңкестік қылмыс жасау арқылы әлі күнге дейін шәһид Қасым Сүлейманиден қорқатынын көрсетті
Қаң 08, 2024 20:55Шәһид қажы Қасым Сүлейманиге жасалған террор ісін халықаралық құқық тұрғысынан бақылау жөніндегі арнайы комитеттің басшысы: "Аймақтың езілген халқын, соның ішінде жапа шеккен әйелдер мен балаларды қорғау және аймақты ДАИШ лаңкестік тобынан тазарту шәһид қажы Қасым Сүлеймани мен оның майдандастарының табанды қарсыласуының арқасында жүзеге асты",-деді.
-
Франция Сыртқы істер министрі Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады
Қаң 07, 2024 14:21Франция Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады.
-
ДАИШ - Американың және сионистік режимнің аймақтағы прокси агенті
Қаң 06, 2024 18:17ДАИШ тобы бейсенбі күні кешке Кермандағы лаңкестік жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. ДАИШ тобы АҚШ пен сионистік режимнің Батыс Азия аймағындағы қолдан жасалған топ және сенімді өкілі ретінде белгілі.
-
Катар Премьер-министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қаң 06, 2024 17:18Катардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Тани Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Кермандағы Шәһидтер зиратындағы лаңкестік әрекетті айыптап, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтып, аман қалғандарға сабыр, жараланғандарға толық сауығып кету тіледі.
-
Шри-Ланка Сыртқы істер министрі мен Иран Сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлесті
Қаң 06, 2024 16:59Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Али Сабри Иран Сыртқы істер министрі Амирабдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Керман қаласындағы лаңкестік оқиғаны қатаң айыптады.
-
Өзбекстан президенті Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты
Қаң 06, 2024 16:04Өзбекстан президенті ресми жолдауында Иран президентіне Кермандағы лаңкестік оқиғаға байланысты көңіл айтты.
-
Қазақстан президенті Раисиге және Иран халқына көңіл айтты
Қаң 06, 2024 15:47Кермандағы лаңкестік оқиғадан кейін Қазақстан президенті ирандық әріптесіне жолдауында Иран халқы мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
-
Иран Барлау министрлігінің Кермандағы лаңкестік қылмысқа қатысты мәлімдемесі: Лаңкестердің бірінің азаматтығы белгілі болды
Қаң 06, 2024 14:31Иранның Барлау министрлігі Кермандағы Шәһидтер зиратындағы лаңкестік қылмысы туралы хабарламада лаңкестердің бірінің азаматтығын жариялады.
-
Кермандағы терактіде шәһид болғандар саны артты
Қаң 06, 2024 14:00Кермандағы лаңкестік жарылыста жарақат алған тағы екі адам шәһид болды.