Pars Today
Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы экономикалық және саяси делегациялардың алмасуы және екі елдің ресми тұлғаларының кездесулері туралы сөйлесті.
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан екіжақты қарым-қатынас және Кавказ аймағының жағдайы жайлы сұхбаттасты.
Армения Сыртқы істер министрі Әзірбайжан республикасынан бейбітшілік орнату туралы жаңа ұсыныс алғанын хабарлады.
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағери Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановпен сұхбатында: "Бұл елдің шекарасына әскери күш жіберілмеді және шекара нығайтылмады",-деді.
Иран мен Армения Сыртқы істер министрлері Оңтүстік Кавказда болып жатқан өзгерістер мен өзара қарым-қатынасты кеңейту және тереңдету жолдары жайлы пікір алмасты.
Иран Қарулы күштерінің бас штабы басшысының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Иранның солтүстік-батысындағы Армениямен арадағы шекарада ирандық күштер орналасқаны туралы қауесеттерді теріске шығарды.
Армения Премьер-министрі осы ел мен Әзірбайжан арасында тағы соғыс болуы ықтималын ескертті.
Армения Премьер-министрі: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Таулы Қарабақ аймағында гуманитарлық дағдарыс барын, осы аймақта тұратын 120 мың адамның қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын растады",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі тұтқындармен алмасудың толығымен гуманитарлық іс екенін айтып: "Шетелдік банктерден Иранның активтерін босату және тұтқындармен алмасудың арасында ешқандай байланыс жоқ",-деді.
Әзірбайжандағы Иран елшісі Каспий теңізі маңындағы елдерге теңіздің экологиялық жағдайына қатысты ескерту жасады.