-
Иранның қарымта шабуылда қолданған зымырандары
Қаң 19, 2020 11:05Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштері "Я, Заһра" ұранымен "Шәһид Солеймани" атты әскери амалын сәтті өткізіп, "жерден жерге" атуға арналған ондаған зымыранмен АҚШ-тың лаңкес әрі басқыншы армиясының "Ейн ул-Асад" ауа базасын талқандады.
-
Құлатылған саудиялық ұшқышсыз ұшақ йемендік жауынгерлердің аяғының астында
Қаң 17, 2020 08:47Йеменнің әл-Джауф облысында құлаған Сауд Арабиясының басқыншы армиясына тиесілі CH4 әскери ұшқышсыз ұшағының қаңқасы йемендік жауынгерлердің ықтиярына берілді. Бұл Йемен соғысы барысында осы ел армиясы мен халықтық комитеттерінің әуе қорғаныс күштері тарапынан нысанаға алынып, құлатылған бесінші ұшқышсыз ұшақ болып табылады.
-
Иранның шабуылынан кейінгі Ейн әл-Асад әуе базасы
Қаң 15, 2020 15:16Иранның зымырандық шабуылы америкалық күштер орналасқан Ирактағы Ейн әл-Асад әуе базасына шығын келтірді.
-
Сақшылар корпусы Систан-Балучистан облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек жіберді
Қаң 14, 2020 12:32Ислам революциясы Сақшылар корпусы құрлық күштерінің оңтүстік-шығыс Құдс базасы Систан-Балучистан облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға тұрмыстық жабдықтар, тұрмыстық техника және инженерлік-көлік жабдықтарын жіберді.
-
Сардар Солеймани қарсыласу қозғалысының ең мықты ту ұстаушысы болды
Қаң 13, 2020 15:10Ливан Хизболласының бас хатшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы жасағының қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді қарсыласу қозғалысының ең мықты ту ұстаушысы болғанын айтты.
-
Иран Сыртқы істер министрі Оманның жаңа сұлтанымен кездесті
Қаң 12, 2020 16:35ИИР үкіметі атынан Оманның марқұм сұлтанымен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Масқатқа барған Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Оманның жаңа сұлтаны Хайсам бен Тарекпен кездесіп, сұхбаттасты.
-
Хайсам бен Тарек Ал Саид Оманның жаңа Сұлтаны болды
Қаң 11, 2020 15:53Оман Сұлтаны Қабус бен Саид қайтыс болғаннан кейін Хайсам бен Тарек Ал Саид Оманның жаңа Сұлтаны атанды.
-
Иранның АҚШ-тың Ейн әл-Асад базасына жасаған шабуылы
Қаң 10, 2020 15:21Ислам революциясының Сақшылар корпусы сәрсенбі күні таңертең АҚШ үкіметінің сардар Ғасем Солейманиді қазаға ұшыратқан лаңкестік әрекетке жауап ретінде ондаған зымыранмен Ирактың әл-Анбар және Эрбил облыстарындағы америкалық әскери базаларды нысанаға алды. Ислам революциясы Сақшылар корпусындағы хабардар басшылардың бірі: «Зымырандық шабуылдың нәтижесінде кемінде 80 америкалық әскери өліп, 200-ден астамы жарақат алды»,- деп мәлімдеді.
-
Моқтада Садр: Ирак АҚШ үшін екінші Вьетнамға айналады
Қаң 07, 2020 16:03Ирактың "Садр" ағымының басшысы АҚШ Президентіне: "Ирак америкалық әскерилер үшін екінші Вьетнамға айналады",- деп қуаттады.
-
Қажы Ғасем Солейманиді қастандықпен өлтірудің себептері мен салдарлары
Қаң 06, 2020 16:58Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштері басшысының орынбасары Абумаһди әл-Моһандестің шәһид болғанына байланысты арнайы рәсімде АҚШ-тың осы қылмысының себептері мен салдарларын түсіндіріп, оның Батыс Азияда жаңа тарихтың қалыптасуының факторы деп атады.