-
Сирия тұрғындары Түркияның патруль көліктеріне тас пен аяқ киім лақтырды
Қар 09, 2019 13:33Сирияның әл-Хасака облысының әл-Қамышли ауданының шығысындағы әл-Джавадие қаласы маңындағы Дейр-Ғасан ауылының тұрғындары Түркияның патруль көліктеріне тас пен аяқ киім лақтырды. Түркияның патруль көліктері ауылдың тұрғындарына көзден жас ағызатын газ шашты.
-
Ердоған АҚШ әскерилерінің Сириядағы күрдтерге көмектесіп жатқанын хабарлады
Қар 07, 2019 15:40Түркия Президенті АҚШ әскерилерінің Сириядағы Анкараға қарсы күрд топтарға көмектесіп жатқанын хабарлады.
-
Сионист әскерилер палестиналық баланы тұтқындады
Қар 06, 2019 11:14Сионистік режимнің әскерилері кеше сейсенбі күні Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалладағы Бейт-Лехем мен Сальвад және Құдс аймақтарында шамамен 12 палестиналықты, соның ішінде 11 жастағы баланы тұтқындады.
-
Белгісіз адамдар Кербаладағы Иранның Консулдығына шабуыл жасады
Қар 04, 2019 13:34«Әл-Әлам» арнасы жексенбі күні кешке Ирактың Кербала қаласындағы ИИР-ның Консулдығына шабуыл жасалғанын хабарлады.
-
Йемен соғысында судандық 8000 сарбаз қаза тауып, жараланды
Қар 03, 2019 15:30Йемен Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы саудиялық коалицияның Йеменге қарсы соғысында Судан армиясының 8 мыңнан аса әскериінің қаза тауып, жараланғанын және жоғалып кеткенін хабарлады.
-
Сирияның солтүстігіндегі жарылыста 19 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды
Қар 03, 2019 15:24Сирияның Түркиямен шекарасындағы Телл Абиад қаласының базарында бомба қойылған жеңіл көлік жарылысы салдарынан 19 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Бұл – Түркия әскерилерінің Сирияның солтүстік-шығысындағы Телл Абиад қаласына кіргеннен кейін болған екінші жарылыс.
-
Америкалық әскерилер Сирияның солтүстік-шығысына қайтып оралды
Қар 02, 2019 17:26Жуырда Сирияның солтүстігіндегі бірнеше ауданнан Иракқа шегінген 500-ге жуық америкалық сарбаз көптеген техникасымен Сирияның солтүстік-шығысына қайтып оралды.
-
Йеменнің әл-Худейда облысында саудиялық ұшқышсыз ұшақ құлатылды
Қар 02, 2019 16:47Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің әуе қорғаныс күштері әл-Худайда облысының Рас Иса ауданында Сауд Арабиясының тыңшылық ұшқышсыз ұшағын құлатты.
-
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газаны тағы бомбалады
Қар 02, 2019 13:10Сионистік режимнің қырғи ұшақтары сенбі күні таңертең Газа секторын зымырандық шабуылдардың нысанасына алды.
-
Сейіт Хасан Насролла: Хезболла жауапкершілікті қабылдауға күш салып жатыр
Қар 02, 2019 12:55Ливан Хезболласының Бас хатшысы Ливанның ішкі өзгерістеріне тоқталып: «Өткен екі аптада дұшпандардың жанжалдар мен азаматтық соғыс ашу үшін құрған жоспарлары мен қастандықтарынан алыстадық. Қолда бар мәліметтер бойынша, ақша берген және тынышсыздық тудыруға итермелеген адамдарды білеміз» деді.