-
Йемендіктердің Арабстандағы "Насир Мин Алла" әрекеттерінің жаңа бейнетаспасы
Қаз 09, 2019 16:41Йемен армиясы мен халықтық комитеттері Арабстанның Наджран қаласындағы "Насир Мин Алла" әрекеттерінің жаңа бейнетаспасын жариялады. Pars Today ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл бейнематериал халықаралық "Iran Press" агенттігінде жарияланды. "Насир мен Алла" - йемендіктердің Сауд Арабиясыына қарсы ең үлкен әрекеті. Бұл әрекеттің нәтижесінде 500 жалдамалы мен саудиялық сарбаз өлімге ұшырады.
-
Сейед Хасан Насролла: АҚШ-қа сенуге болмайды
Қаз 09, 2019 13:54Ливан Хизболласының Бас хатшысы сейсенбі күні кешке АҚШ-тың Сирия күрдтерінен теріс айналғанына тоқталып: «Америкалықтар одақтастарына адал емес әрі келісімдерді құрметтемейді»,- деді.
-
Түркия күштері Сирия жеріне шабуыл жасайды
Қаз 09, 2019 12:12Түркия үкіметі қарулы күштерінің «Сирияның азат армиясы» күштерімен жақында Сирия шекарасынан өтетінін хабарлады.
-
Йеменнің оңтүстігінде безгек ауруы етек жайды
Қаз 08, 2019 15:32Жүздеген йемендік Аденде безгек ауруына шалдығып, ауруханаларға түсті.
-
Түркия армиясының күштері Сирияның солтүстігіне шабуыл жасады
Қаз 08, 2019 10:43Сирия дереккөздері халықаралық ескертулерге қарамастан Түркия армиясы күштерінің Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасаке шекара провинциясындағы Телль-Тавил аймағына шабуыл жасағанын хабарлады.
-
Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының ақпарат саласындағы талпыныстары мадақталды
Қаз 07, 2019 17:42Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы ақпарат құралдарының талпыныстарын мадақтау рәсімі мемлекеттік және әскери басшылардың қатысуымен жексенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің Халықаралық конференциялар орталығында өтті.
-
Йемен армиясының қорғаныс-әскери күш-қуаты көрсетілді
Қаз 07, 2019 11:33Йемен астанасы Сананың батысындағы әл-Махвит қаласында ел армиясы түлектерінің оқуды аяқтау рәсімі өтті. Жексенбіде өткен рәсімге Йемен Ішкі істер министрі Абдолкарим Амираддин әл-Хуси қатысты. Йемен аримясының «Насир мин Алла» әрекетіне қатысқан күштері рәсімде әскери дайындықтары мен мүмкіндіктерін көрсетті.
-
Эр-Рияд Теһранға қарсы жалған уәждерін қайталады
Қаз 05, 2019 17:10Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің орынбасары Халед бен Салман жалған айтып, Иранға қарсы әдеттегі айыптарын қайталап, Эр-Риядтың Йеменнің жоғары саяси кеңесі ұсынған жобаны қолдайтынын мәлімдеді.
-
"Оралу құқығы" шеруінде 1 адам шәһид болып, 40 адам жараланды
Қаз 05, 2019 15:54Сионистік режим әскерилерінің Газа секторында палестиналықтардың "Оралу құқығы" шеруінің 77-ші жұмасына қатысушыларға жасаған шабуылында кемінде 1 адам шәһид болып, 40 адам жараланды.
-
"Арбағин" зияратшыларынан жаңа суреттер
Қаз 05, 2019 13:16"Арбағин" – "Хосейннің қырқы" зияратшылары Ирактың оңтүстігіндегі қалалардан қозғалысын жалғастырып, Басрадан Насерияға қарай жаяу бара жатыр. Зикар облысының орталығы Насерия – Евфрат өзенінің жағасындағы Ирактың төртінші ірі қаласы. Бұл қала Кербаладан 332 км қашықтықта орналасқан.