-
Дамаск Ұлттық мұражайы 7 жылдан кейін қайта ашылды
Қаз 29, 2018 11:33Сириядағы соғыс салдарынан көне ескерткіштердің жойылу қаупіне байланысты жабылған Дамаск Ұлттық мұражайы 7 жылдан кейін есігін келушілердің алдынан қайта ашып, көне әрі бағалы ескерткіштерін баршаның назарына ұсынды.
-
Түркияның дінтанушысы "Арбағин" рәсімдерін жоғары бағалады
Қаз 28, 2018 19:00Түркияның дінтанушысы "Арбағин" рәсімдерінің салтанатты өтетіндігін атап айтып, жаяу жүру рәсіміне мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап ететін миллиондық жамағатының қатысуын олардың имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктеріне деген махаббаттарының белгісі деп бағалады.
-
Сионистер Ливан Хизболласының зымырандық күшінен қорқады
Қаз 28, 2018 18:10Сионистік режимнің бұрынғы генералы Ливан Хизболласын ұйымшыл топ деп атап, Хизболланың мыңдаған зымыранының өте жоғары дәлдікпен Израильдің кез келген аймағын нысанаға алу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.
-
Палестинаның қарсыласу қозғалысы сионистік қалашықтарды зымырандармен бомбалады
Қаз 27, 2018 19:10Палестинаның қарсыласу қозғалысы жұма күні кешке сионистік режимнің қылмыстары мен басқыншылықтарына жауап беріп, сионистік бірнеше қалашыққа зымыранмен шабуыл жасады.
-
31-ші "Оралу құқығы" шеруі кезінде 5 адам қаза тауып, 170 адам жараланды
Қаз 27, 2018 13:29Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке Газа секторында ұйымдастырылған 31-ші "Орталу құқығы" атты шеру кезінде 5 палестиналықтың қаза тауып, 170 адамның жаралғанын хабарлады.
-
Иранның батыс шекараларынан Иракқа 1,5 милионнан астам "Арбағин" зияратшысы өтті
Қаз 27, 2018 12:57ИИР Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы Иранның батысындағы үш шекара бекетінен Иракқа 1,5 миллион "Арбағин" зияратшысының өткенін хабарлады.
-
Зариф Ирактың СІМ-мен телефон арқылы сұхбаттасты
Қаз 26, 2018 18:21Иран СІМ бейсенбі күні Ирактың СІМ Мохаммад Әли Хакиммен телефон сұхбатында екі көршілес елдің жақсы қарым-қатынастарының барлық салалар бойынша екі халықтың мүдделеріне сай кеңейтіндігіне үміт білдірді.
-
Сауд Арабиясы Хашоғджиге қатысты халықты алдарқатып отыр
Қаз 25, 2018 14:42Саудиялық танымал сыншы Джамал Хашоғджидің өліміне айыпталып отырған Сауд әулетінің тақ мұрагері бұл қылмыстан өзін ақтау үшін бейкүнә кейіп танытып, халықты алдауға көшті.
-
Сионистер әл-Ақса мешітін еврейлендіру мақсатында оны уақыт пен мекен тұрғысынан бөлуге кірісті
Қаз 25, 2018 09:17Әл-Ақса мешітін бұзып, оның орнына жалған храм салуды қолдайтын сионист экстремистер қасиетті мекенді бөлу үшін қауіпті әрі нәсілшіл жоба ұсынды. Сионист ұйымдар мен топтардың нәсілшіл жобаларында әл-Ақса мешітін мұсылмандар мен еврейлер арасында бөлгенде оның тек бұрынғы намаз оқитын жері ғана мұсылмандарға қалатындығы қарастырылған.
-
Мекке Әмірі Түркияға Хашағджидің ісін жабу үшін пара ұсынды
Қаз 24, 2018 18:45Қатардың "Әш-Шарқ" газетінің редакторы саудиялық тақ мұрагер Мұхаммад бен Салманның Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанға Хашағджидің ісін жабу үшін пара ұсынғанын жария етті.