-
Лариджани Ирак Мәжілісінің жаңа төрағасымен телефон арқылы сұхбаттасты
Қыр 17, 2018 13:24Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ирак Мәжілісінің жаңа төрағасымен телефон арқылы сұхбатында оны осы қызметке сайлануымен құттықтады.
-
Израиль Facebook пен Twitter-дегі барлық қолданушыларға тыңшылық жасайды
Қыр 17, 2018 13:20WikiLeaks сайты екі минуттық видеоматериал жариялап, Израильдің Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері қолданушыларының барлық әрекеттерін бақылап отыру үшін Тель-Авивте арнайы басқарма орталығын құрғанын хабарлады.
-
Ердоған: АҚШ Түркияның экономикасын тұралатуды мақсат етуде
Қыр 17, 2018 04:16Түркия Президенті: "Түркияның экономикасын нысанаға алған шабуылмен бетпе-бет келіп отырмыз. Лираның құнсыздануы – дұшпанның Түркияны экономикалық тұрғыдан тұралатуды мақсат етіп отырғанының көрінісі",- деді.
-
Махмуд Аббас әл-Ақса мешітін бөлуге қатысты ескерту жасады
Қыр 16, 2018 18:20Палестина Автономиялық құрылымының басшысы БҰҰ-ның Халықаралық сотына әл-Ақса мешіті мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Хан әл-Ахмар ауылына қатысты шағым түсіруге шешім қабылдағанын хабарлады.
-
Сионистік режим Сирия астанасына зымыранмен шабуыл жасады
Қыр 16, 2018 13:29Сириялық ақпарат көздері сенбі күні кешке сионистік режимнің Сирия астанасы Дамаск қаласының халықаралық әуежайына зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.
-
Иран мен Түркия өнеркәсіп саласында әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады
Қыр 15, 2018 17:52Иранның Анкарадағы елшілігінің сауда істері жөніндегі кеңесшісі Әлиреза Джафарбиглу мен Түркияның Өнеркәсіп және технология министрлігінің өнеркәсіп қалашықтары департаментінің басшысы Рамазан Йылдырым кездесіп, әсіресе АҚШ-тың екі елге қарсы салған біржақты санкциялары кезеңңінде екі елдің өнеркәсіп және өнеркәсіптік қалашықтар саласында әріптестік жасауының маңыздылығын қуаттап, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзірліктерін жариялады.
-
Ливан босқындардың өз елдеріне қауіпсіз қайтуына жағдай жасауда
Қыр 15, 2018 17:47Ливанның Қоғамдық қауіпсіздік ұйымы мәлімдеме жариялап, жүздеген босқынның өз елдеріне қайтуына жағдай жасап жатқанын хабарлады.
-
"Оралу құқығы" шеруінде үш палестиналық шәһид болды
Қыр 15, 2018 11:12Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні кешке осы аптадағы палестиналықтардың Газа секторында ұйымдастырған "Оралу құқығы" атты шеруі кезінде үш палестиналықтың, соның ішінде 14 жастағы жасөспірімнің сионистік режим әскерилерінің оғынан шәһид болып, 30 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.
-
Қазақстан Президенті Анкарада Ердоғанмен кеңесті
Қыр 14, 2018 13:14Түркияға іссапармен барған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні түркиялық әріптесімен кездескеннен кейін берген сұхбатта аймақтық және халықаралық деңгейде екі елдің ұстанымын бірдей деп атады.
-
Иордан өзенінің батыс жағалауында бірқатар палестиналық қамауға алынды
Қыр 13, 2018 11:38Сионистік әскерилер сәрсенбі күні таңертең Иордан өзенінің батыс жағалауының әртүрлі аймақтарына шабуыл жасады. Шабуылдар сионистер мен палестиналық азаматтар арасындағы қақтығыстармен аяқталды.