-
Иравани: Газадағы соғысты ұзарту Американың Израильге қолдауының құнын арттырады
Жел 17, 2023 14:26ИИР-ның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі және тұрақты өкілі Джо Байден үкіметіне ескерту жасап: «Газадағы соғыс созылған сайын Американың Израильге қолдауының құны экспоненциалды түрде артады»,- деді.
-
Қауіпсіздік кеңесі Систан мен Белуджистандағы лаңкестік әрекетті айыптады
Жел 17, 2023 13:52БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері «Джейш аз-Зұлым» тобының Иранның Систан және Белуджистан облысындағы Раск полиция штабына жасаған қорқақ лаңкестік әрекетін қатаң айыптады.
-
Иран Түркіменстандағы қолөнер көрмесіне қатысуда
Жел 16, 2023 13:57Түркіменстанда ортақ қолөнер көрмесінің құрылуымен бір мезгілде Иранның мәдени кеңес беру мекемесі көне Мерв қаласының тарих және география мұражайының орнында ирандық дәстүрлі кафель салу өнерін көрмеге қойды.
-
Йемен Қарулы күштері сионистік режимнің кемесін нысанаға алды
Жел 15, 2023 16:04Йемен Қарулы күштері бейсенбі күні кешке сионистік режимнің тағы бір кемесін дронмен нысанаға алғанын хабарлады.
-
Амир Абдуллахиан: Иран мен Ирак қарым-қатынасының даму үдерісі екі ел мен аймақтың мүддесіне сай келеді
Жел 15, 2023 15:49Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ирактың бауырластық қатынасының тереңдігіне тоқталып, екі ел байланысының түрлі салаларда қарқынды дамып жатқанына ризалық білдіріп, бұл қатынасты екі ел мен аймақтың мүддесіне сай деп атады.
-
Иран мен Алжир Парламенттерінің төрағалары Газа секторында сионистердің қылмыстарын тоқтату керегін баса айтты
Жел 15, 2023 13:11Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестина халқын қолдауға бағытталған практикалық шешім жолдарын талқылау үшін ислам елдері Парламенттері төрағаларының деңгейінде Палестина тұрақты комитетінің төтенше отырысын ұйымдастыруға дайын екенін хабарлады.
-
Амир Абдуллахиан босқындарға кемсітушілік қатынас болмауы керегін баса айтты
Жел 15, 2023 12:40Иран Сыртқы істер министрі халықаралық ұйымдар мен комиссарияттардың әртүрлі елдердің мигранттары мен босқындарына кемсітушілік қатынас көрсетпеуі керегін баса айтты.
-
Ансаролла Қызыл теңізден өтетін кемелерге кеңес берді
Жел 14, 2023 14:37Йемен жоғары саяси кеңесінің мүшесі: "Қызыл теңізден өтер кезде кемелердің навигациялық жүйелері, географиялық координаттары мен байланысын үзбеңіздер",-деп кеңес берді.
-
Сирияда АҚШ-тың тағы бір базасы нысанаға алынды
Жел 14, 2023 14:06Al-Mayadeen арнасының бейсенбі күні таңертең хабарлауынша, Сирияның шығысындағы әл-Шаддади базасында америкалық басқыншылар орналасқан жерге дронмен шабуыл жасалды.
-
Ресейдің 2024 жылға арналған әскери бюджеті айтарлықтай артады
Жел 14, 2023 13:44Швеция астанасында орналасқан Стокгольм халықаралық бейбіт зерттеу институтының есептеуінше, Ресейдің келесі жылғы әскери бюджеті биылғы жылмен салыстырғанда 29 пайызға артық болады.