Мұхаммед Әбдусалам: Аймақ елдері АҚШ-қа алданбайды
(last modified Mon, 22 Jan 2024 15:06:31 GMT )
Қаң 22, 2024 21:06 Asia/Almaty
  • Мұхаммед Әбдусалам: Аймақ елдері АҚШ-қа алданбайды

Йеменнің ұлтты құтқару үкіметінің келісімгерлер делегациясының басшысы аймақ елдерін АҚШ-қа алданбауға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Әбдусалам жексенбі күні АҚШ-тың Қызыл теңіздегі өзгерістерге қатысты қоғамдық пікірді адастыруға ашық талпынып жатқанын айтып: "Йеменнің Қарулы күштері тек сионистік режимнің кемелері немесе басып алынған Палестина жеріне бағыт алған кемелерді нысанаға алады. Осылайша сионистік апартеид режимнің Газаға шабуылдарын тоқтатуды көздеп отыр",-деді.

Мұхаммед Әбдусалам барлық елдерден Йеменнің ұстанымын қолдап, АҚШ-тың алдауына көнбеуге шақырды.

Мұхаммед Әбдусалам сондай-ақ: "АҚШ та Газаға басқыншылықты тоқтату және керексіз дағдарыстарды доғару саласындағы жауапкершілігінен қашуды қоюы тиіс",-деді.

Йеменнің ұлтты құтқару үкіметінің келісімгерлер делегациясының басшысы: "Йемен өз құқығына сәйкес қорғанады. Ешкімге өз егемендігін бұзуға жол бермейді. Кез келген басқыншылыққа жауап береді",-деді.