-
Загреб халықаралық жарысында Иран екінші орын алды
Ақп 03, 2023 15:34Иранның еркін күрес командасы Хорватияда өткен халықаралық жарыста екінші орын алды.
-
Иран Сыртқы істер министрі Венесуэлаға барды
Ақп 03, 2023 13:43Иран Сыртқы істер министрі Венесуэланың астанасы Каракас қаласына барды.
-
Иран сионистік режимнің жауластық әрекеті мен Украинаның арандатушы ұстанымына реакция білдірді
Ақп 02, 2023 17:06Иранның БҰҰ-дағы елшісі Амир Саид Иравани сәрсенбі күні Исфахандағы Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға реакциясында БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдап: "Бастапқы тексерістің нәтижесі көрсеткендей, сионистік режим Иранның орталық бөлігіндегі Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға жауапты. Бұл режимнің әрекеті халықаралық заңдарға қайшы, сондықтан қатаң айыпталады",-деді.
-
Италиялық телеарна: Ғани Кабулдан қашу үшін Катардан пара алды
Ақп 02, 2023 16:34Италияның TG1 ұлттық телеарнасы бір зерттеу репортажында: "Катар Талибанға қарсылық көрсетпеуі үшін Ашраф Ғаниге 110 млн доллардан аса пара берді",-деп уәж айтты.
-
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Батыстың адам құқығына қатысты көзқарасын сынады
Ақп 02, 2023 14:33ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында өткен айда шәһид болған палестиналықтардың суреттерін жариялап, Батыстың адам құқығына қатысты көзқарасын сынады.
-
Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне шабуыл жасалғаннан кейін Иран БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдады
Ақп 02, 2023 13:44Иранның БҰҰ-дағы өкілі осы ұйымның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хатында: "Иран өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғау және сионистік режимнің кез келген жердегі кез келген бұрыс әрекетіне немесе қоқан-лоққысына кез келген уақытта кесімді жауап беруге құқылы",-деп мәлімдеді.
-
АҚХА Иран жайлы жаңа уәждер айтты
Ақп 02, 2023 13:15АҚХА өзінің жаңа есебінде: "Иран үкіметі Форду ядролық нысанында алдын ала хабарланбаған іс-қимыл жасап, IR-6 центрифугалардың 2 сарқырамасының арасын байланыстыруда өзгеріс жасады. Бұл уранды 60 пайызға байытуға мүмкіндік береді",-деп мәлімдеді.
-
Пашинян Путиннен Лачин жолын жабу мәселесін шешуді сұрады
Ақп 01, 2023 14:14Армения премьер-министрі мен Ресей президенті телефон арқылы сөйлескенде Оңтүстік Кавказдағы соңғы оқиғаларды талқылады және Армения премьер-министрі бар мәселелерді Ресейдің көмегімен шешуді сұрады.
-
Ресей мен Беларусь бірлескен оқу-жаттығуы басталды
Ақп 01, 2023 14:13Беларусь Қорғаныс министрлігі осы елдің Ресеймен бірлескен күштерінің жеті күнге жалғасатын оқу-жаттығулары басталғанын хабарлады.
-
Қауіпсіздік кеңес Пәкістандағы Пешавар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Ақп 01, 2023 14:11БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітке жасалған шабуылды айыптады.