-
Түркияның халықаралық жарысында ирандық зілтемірші екінші орын алды
Қар 18, 2019 11:20Иранның 96 кг салмақты зілтеміршісі сейіт Айюб Мусави жексенбі күні Түркияда "Наим Сүлейменоғлы кубогы" халықаралық жарысының соңғы күнінде жалпы есепте 380 кг-ды бағындырып, күміс медаль алды.
-
Лариджани: Америкалықтар Иран халқына соққы беруді көздеп отыр
Қар 18, 2019 10:56Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранда қоғамдық мүліктерді бұзып, өртеген бүлікшілерді қолдаған ішкі іске араласушы сөздеріне тоқталып: "Америкалықтар Иран халқына соққы беруді көздеп отыр",-деді.
-
Иран Помпеоның ішкі іске араласушы сөздеріне жауап берді
Қар 18, 2019 10:28ИИР СІМ ақпарат хатшысы жексенбі күні кешке АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранның кейбір қалаларындағы бірқатар бүлікшілерге жақтасып, қолдау білдіргеніне реакциясында: "Помпео сияқты адамдардың қолдауына ие бүлікші адамдардың әрекеттері Иранның барлық қырағы халқының пікірі мен қатынасына мүлде сәйкес келмейді",-деді.
-
БҰҰ Боливиядағы дағдарыстың жалғасуы туралы ескерту жасады
Қар 17, 2019 16:39Боливия Президенті Эво Моралестің отставкаға кетіп, елден шыққанынан бір апта өтсе де, бұл елдің жағдайы ушығып тұр. Наразылықтар жалғасуда. Осыған орай БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Мишель Бачелет Боливияның уақытша үкіметінің басшыларына осы елдің жағдайының бақылаудан шығып бара жатқанын ескертті.
-
Трамп пен Ердоған Ақ үйде кездесті
Қар 17, 2019 16:38Түркия Президенті Ақ үйде өзінің америкалық әріптесімен кездесті.
-
"Мұнафықтар" лаңкестік тобының террор жасау жоспарлары
Қар 17, 2019 16:36АҚШ-тың қолдауындағы "Мұджаһедин-е халқ" лаңкестік тобы 12 мың ирандықты өлтіруге талпынып, бомба жарылысын жасап, өлтірді.
-
Қырғызстан Қазақстаннан 50 бас қарақұйрық аманатқа алды
Қар 17, 2019 16:34Қырғызстан осы елдің қарақұйрықтар санын арттыру үшін Қазақстаннан 50 бас аманатқа алды.
-
Раиси: Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар жасаған қылмыстарына жауап берулері керек
Қар 17, 2019 16:29ИИР Сот органының басшысы сенбі күні кешке Теһранда 33-ші "Исламдық бірлік" халықаралық конференциясының жабылу рәсімінде: "Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылар, әсіресе АҚШ пен оның одақтастарының Йемен, Палестина мен ислам әлемінің жер-жерінде жазықсыз адамдарға қарсы істеп жатқан шаралары – қылмыс. Сол себепті оларды қудалап, соттау керек",-деді.
-
"Исламдық бірлік" конференциясының қорытынды мәлімдемесі: Ислам әлемі әл-Ақса мешітін қорғау үшін кесімді ұстаным қабылдауы керек
Қар 17, 2019 16:2833-ші "Исламдық бірлік" халықаралық конференциясына қатысушылар осы конференцияның қорытынды мәлімдемесінде "Ғасыр мәмілесі" аясында мұсылмандардың бірінші құбыласы әл-Ақса мешітіне жасалып жатқан басқыншылықтарды айыптап, ислам елдерінен осы қасиетті мешітті қорғау үшін шара қолдануын сұрады.
-
Франция полициясы капитализмге қарсы наразыларды темір жұдырықпен қарсы алды
Қар 17, 2019 16:26Франция полициясы капиталистік жүйеге қарсы қозғалыстың біржылдығын көзден жас ағызатын газ, пластикалық оқ және су шашатын көліктермен қарсы алды. Франциядағы наразылықтардың 53-ші сенбісінде осы елдің полициясы кемінде 105 наразыны қамауға алды. Франциядағы наразылықтар барысында осы күнге дейін 11-ден аса адам қаза тауып, шамамен 14 мың адам жараланды немесе қамауға алынды.