-
Бейжіңде феникске ұқсас ірі әуежай ашылды
Қыр 26, 2019 11:42Қытай Президенті Си Цзинпинь Бейжіңде көптеген мүмкіндіктерге ие жаңа ірі әуежайдың ресми түрде ашылғанын хабарлады. Ол сәрсенбі күні Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толу қарсаңында Бейжіңнің оңтүстігінде орналасқан "Даксин" ірі халықаралық әуежайының ресми түрде өз жұмысын бастағанын хабарлады. Феникске ұқсас бұл ірі әуежай Бейжіңнің солтүстік-шығысында орналасқан халықаралық әуежайға түскен қысымды азайтып, жұмысын жеңілдетеді.
-
Израиль өкілі Бас ассамблеяда Руханидің сөзін тыңдамады
Қыр 26, 2019 10:50ИИР Президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөз сөйлегенде сионистік режим өкілінің орны бос тұрды.
-
Қазақстан Президенті Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Қыр 26, 2019 10:42Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-та осы ұйым Бас ассамблеясының саммиті аясында кездесті.
-
АҚШ-тың Иран халқына жасаған қылмыстары мен БҰҰ-ның үнсіздігі тарихта қалады
Қыр 26, 2019 10:07ИИР Президенті Рухани сәрсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуінде АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы жасап жатқан экономикалық лаңкестігіне қатысты БҰҰ-ның үнсіздігі мен әрекетсіздігін сынап: "Қалай болғанда да ирандықтар бұл қиындықтардан да өтеді, бірақ АҚШ-тың Иран халқына жасаған қылмыстарының масқарашылығы мен БҰҰ-ның бұған қатысты үнсіздігі тарихта қалады",-деді.
-
Рухани: Иран санкция жағдайында келіссөз жүргізбейді
Қыр 26, 2019 09:41Иран Президенті Рухани осы ел үкіметі мен халқының бір жарым жыл бойы ең ауыр санкцияларға төтеп бергенін айтып: "Иран ешқашан кедейлік, санкциялар мен халықаралық қарақшылық сияқты қарулармен бір елді тізе бүктіруді қалайтын дұшпанмен келіссөз жүргізбейді",-деді.
-
Егер АҚШ соғыс бастаса, оның аяқтаушысы болмайтыны шәксіз
Қыр 25, 2019 18:29Ислам республикасы ешқашан бірінші болып соғыс бастамайды, бірақ егер шабуыл жасалса, бар күш-қуатымен өзін қорғайды.
-
Халықаралық қауымдастық сионистік режимді Сирияға шапқыншылығын тоқтатуға мәжбүрлеуі керек
Қыр 25, 2019 12:59Иран Сыртқы істер министрі Зариф барлық үкіметтердің Сирияның территориялық тұтастығын құрметтеуге, сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың сионистік режимді Сирияға қарсы шапқыншылығын тоқтатуға мәжбүрлеуге міндетті екенін қуаттады.
-
Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуы керек
Қыр 25, 2019 12:13ИИР Президенті Рухани сейсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонмен Нью-Йорктегі кездесуінде еуропалық үш мемлекеттің жуырдағы мәлімдемесі мен Иранды негізсіз айыптау жобасын сынап, еуропалық үш елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшелері ретінде өз міндеттемелерін орындауы қажеттігін қуаттады.
-
Рухани мен Меркель Нью-Йоркте «Ортақ қадам» бағдарламасы жөнінде пікір алмасты
Қыр 25, 2019 11:49ИИР Президенті Хасан Рухани Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында Германия Канцлері Ангела Меркельмен кездесуінде Германияның Иран үшін үнемі өте маңызды серіктес болғанына тоқталып, достық қарым-қатынастардың жалғасуына мүдделік танытты.
-
Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы айыптарын қайталады
Қыр 25, 2019 11:41АҚШ Президенті Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясында ИИР-на қарсы өзінің ескі айыптарын қайталады.