Қар 25, 2016 09:14 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының қоқан-лоққыларға тосқауыл қоюдағы талпыныстары нәтижелі болды

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы ислам революциясының барлық салалардағы, соның ішінде әскери, қауіпсіздік және саяси қоқан-лоққыларға тосқауыл қоюдағы талпыныстарының нәтижелі болғанын қуаттады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дивизия басшысы сардар Мұхаммад Әли Жафари бейсенбі күні Теһранда «Малек Аштар» фестивалында сөйлеген сөзінде Иран ислам революциясының абыроймен жоғары мақсаттарға қарай сергек әрі серпінді түрде алға басып бара жатқанын қуаттады.

Дивизия басшысы сардар Мұхаммад Әли Жафари ислам революциясының негізі мұсылмандар мен мазлұмдарды қорғау екендігін баса айтып: «Ислам революциясы Ливан, Сирия және Йеменде мазлұм халықтарға қолдау көрсетіп, зұлымдықпен күресуді мақсат етеді.

Сақшылар корпусы осы революцияға қауіп төндіретін қоқан-лоққыларға тосқауыл қоюды көздеп, қоқан-лоққыларға тосқауыл қоюда шешуші рөл атқаруда» деді.

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сондай- ақ осы рәсім аясында тілшілерге берген сұхбатында Иранның Ирактың Мосул қаласын азат ету амалдарында еш әскери құзырға ие еместігін баяндап: «Ирактың халықтық күштерінің әлеуеттілігі сондай, олар ирандық күштерге мұқтаж емес» деді.

 

 

 

 

Тегтер