Америка – әлемдегі бұзықтықтың ошағы
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бюросының басшысы: «Америка әлемнің жер-жерінде жасаған қылмыстарымен әлемдегі бұзықтықтың ошағы болып табылады. "Америкаға өлім!" деген ұран Иран халқынан еш уақытта ажырамайды» деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі бюросының басшысы худжатул ислам уа ал-муслимин Мұхаммад Мұхаммади Гүлпайгани жұма күні кешке Теһран облысына қарасты Варамин қаласындағы "Сахеб әз- Заман" мешітінде сөйлеген сөзінде: «Америка әлем бойынша бұзықтықтың ошағы болған. Сионистік режим де залым Американың итаршысы болып табылады» деді.
Мұхаммади Гүлпайгани АҚШ тың жаңа президенті Дональд Трамптың жеті елдің, соның ішінде Иран азаматтарын сол елге кіргізбеу негізіндегі жарлығына сілтеме жасап: «Американың ісі – қитұрқылық. Бұл елдің мақсаты әлемді тонау болып табылады. Америкадағы президенттік сайлаудың насихаттары барысында президенттікке үміткерлер Американың ДАИШ лаңкестік тобын қалыптастырғанын және осы топтың Сирия мен Иракта сансыз қылмыстар жасап жатқанын мойындады.
Сионистік режим де ДАИШ лаңкестік тобының ислам елдеріндегі жасап жатқан қылмыстарына дән риза, өйткені ешкім Палестинаның қорланып жатқанын ойламайды. Сондықтан олар Палестина халқы мен исламның қасиеттіліктеріне қарсы қылмыстарын еркін жалғастыруда» деді.