Иран әскери теңіз күштерінің бейбітшілік және достық флотилиясы Қазақстаннан оралды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26076-Иран_әскери_теңіз_күштерінің_бейбітшілік_және_достық_флотилиясы_Қазақстаннан_оралды
ИИР-ның әскери теңіз күштерінің Қазақстанға сапар шеккен бейбітшілік және достық флотилиясы Иранға оралды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 15, 2017 09:52 Asia/Almaty
  • Иран әскери теңіз күштерінің бейбітшілік және достық флотилиясы Қазақстаннан оралды

ИИР-ның әскери теңіз күштерінің Қазақстанға сапар шеккен бейбітшілік және достық флотилиясы Иранға оралды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат қызметінің жұма күнгі хабарлауынша, ИИР-ның Қазақстан халқына бейбітшілік және достық жолдауымен кеткен "Дамаванд" тікұшақ тасығыш кемесі мен "Пейкан" зымырандық крейсері осы елде үш күн болып, Иранға қайтып оралды.

ИИР-ның әскери теңіз күштерінің бейбітшілік және достық флотилиясының мүшелері Қазақстанда болып, осы елдің лауазымды тұлғаларымен кездесуі барысында Иранның теңіз және қорғаныс салаларындағы қабілеті мен әлеуеттерімен таныстырып, Иранның әлем мемлекеттерімен, атап айтқанда көршілес және аймақ елдерімен бейбітшілік және достық саясат ұстанатынын баса айтты.

ИИР-ның әскери теңіз күштері әрдайым халықаралық суларда өзінің бейбітшілік пен достық жолдауымен Иранның қабілеті мен күш-қуатын көрсетеді.