Иранның бейбітшілік және достық флотилиясы Қазақстаннан оралды
Каспий теңізі өңіріндегі елдерге, соның ішінде Қазақстанға тұңғыш рет аттандырылған Иранның бейбітшілік пен достық жолдауына ие бесінші флотилиясы өз миссиясын атқарған соң, Иранның солтүстігіінде орналасқан Анзали портын айлақтады.
Иранның имам Реза (ғ.с.) атындағы теңіз күшінің солтүстік флоты мен төртінші аймағының қолбасшысы Ахмад Реза Бағери: «Иран ислам республикасының жалауы теңізде жүзу тарихында тұңғыш рет Қазақстанда желбіреді.
Дипломатиялық ықпал ету, флотилияның өзін-өзі қамтамасыз етуі мен өзіне деген сенімі және теңіз жабдықтарын өндіру саласындағы Иранның жасампаздығы мен әлеуетін көрсету Каспий теңізі өңіріндегі елдерге жасалған сапарлардың жетістігіне жатады. Иран армиясы айбындылықпен өз миссияларын орындау және теңіздер мен ашық теңіздерде Иран ислам республикасының мүддесін сақтау шеңберінде кең- ауқымды қызмет атқарып отыр» деді.
Иран армиясы теңіз күшінің бейбітшілік пен достық атындағы бесінші флотилиясы тұңғыш рет 2017 жылы 8 сәуірде Қазақстанның Ақтау портына аттанған болатын.