Иранның Гилан облысы мен Қазақстанның Жамбыл облысының сауда-саттық байланыстары кеңейтіледі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26310-Иранның_Гилан_облысы_мен_Қазақстанның_Жамбыл_облысының_сауда_саттық_байланыстары_кеңейтіледі
Иранның Гилан облысы мен Қазақстанның Жамбыл облысы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 20, 2017 17:04 Asia/Almaty
  • Иранның Гилан облысы мен Қазақстанның Жамбыл облысының сауда-саттық байланыстары кеңейтіледі

Иранның Гилан облысы мен Қазақстанның Жамбыл облысы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Иранның солтүстігіндегі Гилан облысы мен Қазақстанның Жамбыл облысының ынтымақтастық меморандумына екі тараптың әлеуеттері мен экономикалық мүмкіндіктері шеңберінде сауда- саттық және экономикалық байланыс орнатып, кеңейту мақсатында Гилан облысының әкімі Мұхаммад Әли Наджафи мен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қол қойды.

Меморандумда екі тарап бірлескен нивестиция мен дамыған технологияны тарту, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік жасау, жеңіл өнеркәсіп пен тоқыма өнеркәсібін дамыту мақсатында бірлескен компанияларды іске қосу және ұстаздар және студенттер алмасу арқылы университеттер арасында байланыс орнату негіздерінде тиімді жағдай жасауға міндеттеме қабылдады.

Қазақстанның Жамбыл облысының 25 кісіден құралған ресми делегациясы сәрсенбі күні байланыстарды кеңейту мақсатында Гиланға сапармен келді.