Теһранда Сирия туралы өткен үшжақты отырыстың баспасөз мәлімдемесі жарияланды
Иран СІМ Сирия туралы өткізген Теһран отырысының соңында мәлімдеме жариялап, Сирия дағдарысының барлық қырына, әскери қыры, лаңкестікпен күрес және саяси қырына бір мезгілде назар аудару және «сириялық- сириялық» келісімдер арқылы саяси шешім жолын табу қажеттігін қуаттады.
Астанадағы келіссөздердің жалғасында 18- 19 сәуірде Теһран қаласында Сириядағы ымыраға кепіл болып отырған үш мемлекет – Иран, Ресей, Түркияның мамандандырылған отырысы мен бірлескен тобының отырыстары өтті. Иран ислам республикасының СІМ Астана келіссөздерінің үдерісі мен өзге де халықаралық талпыныстардың Сирия дағдарысының тезірек аяқталуына жағдай жасауына және халықаралық қауымдастықтың қалауы болып табылатын лаңкестікпен жан-жақты күрес жолын жеңілдетуіне үміт білдірді.