Ғасеми Ауғанстанда орын алған лаңкестік жарылысты айыптады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстан халқына көңіл айтып, осы елдің астанасы Кабулда орын алған лаңкестік шабуылды айыптады.
Ғасеми өз мақсатына жету үшін қатігездік пен өлтіру тәсілдерін қолдануды айыптап: «Экстремистік топтарды қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр деп айыпталған кейбір аймақтық және трансаймақтық елдердің араласуынсыз ауған топтары арасында диалог өткізу осындай адамзатқа қарсы шаралардың қайталануына жол бермейтін болады.
Лаңкестік шабуылдар қай жерде, қандай топ тарапынан және қандай сылтаумен жасалса да, қабылданбайтын әрекет. Оны қатаң айыптап, тиісті жауап беру керек»,-деді.
Бүгін, сәрсенбі күні таңертең Кабулдың дипломаттар тұратын «Вәзир Акбархан» ауданында Германия елшілігі мен ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің кеңсесіне жақын жерде лаңкестер тарапынан бомба қойылған көліктің жарылысы салдарынан 80 адам қаза тауып, 350 адам жараланды.